Акциялар

AIX-те Kaspi.kz (IPO), «Қазатомпром» ҰАК» АҚ (IPO/SPO), Halyk Bank (SPO), Polymetal, Air Astana (IPO), Ferro Alloy, «ҚазМұнайГаз» сияқты ірі эмитенттердің акцияларын/жаһандық депозитарлық қолхаттарын сәтті орналастыру жүзеге асырылды.

Нақты уақыттағы сауда-саттықтың барысын мына жерде бақылауға болады

2020 жылғы шілдеде AIX Қазақстан мен Орталық Азияның орта бизнес кәсіпорындарына акционерлік қаржыландыруға үздік қолжетімділік беруге бағытталған өңірлік акциялар нарығының (REMS) сегментін іске қосты.

Жаңа сегменттің шарттары REMS эмитенттеріне тарихи таза кірісті көрсетпестен бір жылдық қаржылық есептілікке негізделген жеңілдетілген проспект дайындауға мүмкіндік береді. Жаңа сегменттің эмитенттері үшін алғашқы жылдық есепті жариялау қосымша екі айға ұзартылды. REMS компаниялары үшін еркін айналымдағы акциялардың ең аз үлесі 15%-ға дейін төмендеді.

REMS туралы толығырақ мына жерден оқи аласыз.