AIX ресми тізімінде акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды, облигацияларды, биржалық қорлар мен ноталарды қоса алғанда, 80-ге тарта бағалы қағаздар бар. AIX міндеті –инвесторлар тарапынан қызығушылықты қанағаттандыру және қазақстандық эмитенттердің капитал тартуына ықпал ету үшін осы тізімдегі компаниялар санын арттыру.
AIX ресми тізімінің эмитенттеріне қойылатын талаптар Лондон қор биржасының баламалы талаптарына сәйкес келеді. Бұл көптеген компаниялар үшін, соның ішінде ұлттық компаниялар үшін, ең алдымен ақпаратты ашу, корпоративтік басқару және ашықтық стандарттары, тәуелсіз директорлар институты үшін жоғары деңгей.
2018 жылдан бастап АІХ эмитенттері 321 млн АҚШ долларынан аса меншікті капитал тартты (2020 жылы 104,7 млн АҚШ доллары). АІХ арқылы сонымен қатар 8,6 млрд АҚШ долларын құрайтын борыштық капитал тартылды (2020 жылы 3,7 млрд АҚШ доллары).