Ислам қаржылары

AIX биржасы қызметінің бағыттарының бірі – ислам қаржысын дамыту, бұл облигацияларға (сукуктарға) да, әртүрлі жобаларды қаржыландыру үшін жеке орналастыруларға да қатысты.

2022 жылғы маусымда AIХ-те шариғат талаптарына сәйкес келетін алғашқы биржалық ноталар – iShares MSCI World Islamic UCITS ETF («ISDW»)акциялары базалық активін құраған iX Islamic Exchange Traded Notes листингтелді. ISDW – Шариғат нормаларына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын ең ірі исламдық қорлардың бірі.

2020 жылдың желтоқсанында AIX Ислам Даму Банкі (ИДБ) сукуктарының үш шығарылымының кросс-листингін жариялады. AIX-тің ресми тізімі әрқайсысының өтеу мерзімі 5 жылға белгіленіп бекітілген  кірісі бар 3 шығарылымымен толықтырылды, олардың сомасы сәйкесінше 1 миллиард еуро (жасыл сукук), 1,5 миллиард АҚШ доллары (тұрақты сукук) және 2 миллиард АҚШ доллары (дәстүрлі сукук) құрады.

2020 жылдың наурызында AIX ресми тізіміне Qatar International Islamic Bank (Катар Халықаралық Ислам банкі (QIIB) шығарған, исламдық қаржыландыру талаптарына сәйкес келетін Сукук борыштық құралы енгізілді.

QIIB сукукының алғашқы орналастырылуы Лондон қор биржасында (LSE) жылына 4,264% мөлшерде бекітілген купонмен $500 миллион сомасына жүзеге асырылды.