Біз туралы

Astana International Exchange (AIX)

Astana International Exchange (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX миссиясы –  бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде сенімді және өтімді капитал нарықтарын дамыту.

AIX ағылшын құқығының юрисдикциясындағы халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. Биржа 30-дан астам жергілікті және халықаралық сауда мүшесі  кіретін дамыған экожүйенің арқасында инвестицияларға қолжетімді сенімді және қауіпсіз сауда инфрақұрылымын ұсынады.

AIX акционерлері – АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы.