Ванадий өндіруші Ferro-Alloy Resources Group AIX-те листингтен өтті

08 Қаңтар 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Ferro-Alloy Resources Limited («FAR») жай акциялары 2020 жылдың 6 қаңтарында AIX-тің ресми тізіміне енгізілгенін хабарлайды. Сауда-саттық алдағы уақытта басталады деп жоспарлануда. FAR жай акциялары (FAR) тикерімен фунт стерлинг бағамымен белгіленген және осы валютамен есеп айырысу жүзеге асырылады. Акциялар Лондон қор биржасында, Қазақстан қор биржасы мен AIX-те толық айырбасталады.

FAR Қазақстанның оңтүстігінде Қызылорда облысында орналасқан Бала-Сауысқандық ванадий ірі кен орнын игеруде. Бұл кен орнындағы кен басқа барлық бастапқы ванадий кен орындарынан ерекшеленеді және өте аз шығынмен өңделеді.

AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт атап өтті:

«Бұл AIX-те листингтен өткен үшінші тау-кен компаниясы. Біз халықаралық инвесторлар тарапынан тау-кен саласына деген зор қызығушылық бар екенін көріп отырмыз және ағымдағы жылдың шілде айында AIX-ке енгізген тау-кен компаниялары листингінің арнайы қағидаларымен қатар FAR-ды орналастыру осы сұранысты қанағаттандыруға мүмкіндік береді деп үміттенеміз».

Ferro-Alloy Resources бас директоры Николас Бриджен былай деді:

«Компаниямыздың AIX қор биржасында листингтен өткеніне өте қуаныштымыз. AIX-ті біздің тобымызға инвесторларды тартуға мүмкіндік беретін сенімді алаң ретінде қарастырамыз, AIX-те ағылшын құқығы мен тілінің қолданылуы, оның қағидаларының Лондон қор биржасының қағидаларымен сәйкес болуы аталған инвесторлардың мүддесіне сай келеді».

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері, AIX сауда платформасын ұсынатын АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ NASDAQ болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнес тарапынан қаржыландыруды тартуда пайдалы және тиімді жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО-ның мақсаты – халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

FAR 2000 жылы құрылған Guernsey-де тіркелген компания, ол Оңтүстік Қазақстандағы (Қызылорда облысы)  Бала-Сауысқандық  ванадий ірі кен орнын игеру және оны пайдалану құқығына ие «Балауса» Фирмасы» ЖШС-ның 100% иесі. Компания сатып алынатын концентраттарды және құрамында ванадий бар басқа да материалдарды қайта өңдеп, аммоний метаванадат («МВА») түрінде ванадий шығарады. Төмен сортты концентраттарды пайдалана отырып, зауыт шикізаттың басқа түрлерін пайдаланатын болса, жылына 150 тоннаға жуық ванадий пентоксидін (эквивалентті) өндіруге қабілетті. www.ferro-alloy.com

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]