
Тимоти Беннетт

2018 жылдың мамырында AIX Басқарма төрағасы лауазымына тағайындалғанға дейін Тимоти Беннетт Жаңа Зеландия қор биржасының (NZX) басқарма төрағасы, бағалы қағаздар нарығы мен дериватиттер нарығының лицензияланған операторы болды. Ол Биржаның сауда және клирингтік жүйелерін ауыстыру мен жаңғыртуды, сондай-ақ Жаңа Зеландия қор биржасының Басқарушы қоры арқылы 23 биржалық инвестициялық қорды іске қосуды қоса алғанда, елеулі ұйымдық және нормативтік өзгерістер кезеңінде NZX басқарды.
NZX алаңындағы жұмыс кезінде Жаңа Зеландия үкіметі капитал нарығы елдің экономикалық өсуінің негізгі қозғаушы күшіне айналуы үшін бірқатар мемлекеттік кәсіпорындарды жекешелендірді. NZX-ке келгенге дейін Тимоти Беннет Азиядағы Oliver Wyman және Boston Consulting Group компанияларында серіктес болды. Оның консалтингтегі тәжірибесі Азия, Таяу Шығыс сияқты елдер мен олардың биржалары үшін стратегияларды әзірлеу мен капитал нарығын дамытуды, сондай-ақ деривативтер саудасына арналған нарықтарды, бірінші кезекте, темір рудасы нарығын дамытуды қамтиды.
Пенсильвания Университетінің Уортон мектебінің іскерлік әкімшілендіру магистрі және Веллингтондағы Виктория Королева университетінің сауда және әкімшілендіру саласындағы бакалавр дәрежесі бар.

Нұрлан Құсайынов

Құсайынов мырза АХҚО-ға келерден бұрын екі жыл бойы Қазақстанның Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары қызметін атқарды, Қазақстанның Даму Банкін басқарды, Al Falah Partners тікелей инвестициялар қорында Басқарушы серіктес ретінде жұмыс істеді, «Маркетингтік-талдамалық зерттеулер орталығы» АҚ-ны басқарды, ҚР Экономика және бюджеттік жоспарлау министрінің кеңесшісі, Женева қаласындағы Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру мәселелері бойынша ҚР Индустрия және сауда министрлігінің арнайы тобының жетекшісі болды.
Қазақ мемлекеттік басқару академиясын және Стенфорд бизнес мектебін бітірді.

Хао Фу

Шанхай қор биржасы жаһандық бизнес комитеті төрағасының орынбасары
Хао Фу Фудан университетінде «Қаржы» докторы дәрежесін және Қытайдағы Сычуань университетінде экономика магистрі, халықаралық сауда бакалавры дәрежесіне ие. Ол сондай-ақ Жаһандық бизнесті дамыту департаментінің басқарушы директоры және Шанхай қор биржасының еркін сауда аймағының сауда платформасын дайындау тобының жетекшісі қызметін атқарады. Доктор Фу Шанхай қаржылық жетекші таланты (2017) және Шанхай қаржылық инновациялық қайраткері (2014) үшін марапаттарға ие болды.

Джанет Хекман
Хекман ханым ЕҚДБ-да жұмыс істеуді Citi-ден кейін 2012 жылғы шілдеде, Алматыда, ...

Джанет Хекман Еуропа қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) 2017 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы желтоқсан аралығында Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі өңірі (ОШЖТ) бойынша басқарушы директор лауазымын атқарды.Ол Каирде жұмыс істеді, сонымен қатар ЕҚДБ-ның Египет жөніндегі директоры болды.
Хекман ханым ЕҚДБ-да жұмыс істеуді Citi-ден кейін 2012 жылғы шілдеде, Алматыда, Қазақстан жөніндегі директор болып бастады. 2019 жылы Джанет Air Astana Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды. Өзінің Citi-дегі ұзақ қызмет атқаруы кезеңінде ол Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (ЕТША) елдері жөніндегі корпоративтік және инвестициялық секторда басқарушы директор лауазымын және ЕТША өңіріндегі жергілікті бөлімшелерде бірқатар функцияларды атқарды, сонымен қатар Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (ОЕТША) елдерінде жаһандық банк қарым-қатынастары үшін жауапты болды.
Хекман ханымның Колумбия округі, Вашингтондағы Джорджтаун университетінің дипломатиялық қызмет бойынша үздік дипломы мен магистр дәрежесі және Огайо штатындағы Кеньон-колледждің тарих бакалавры дәрежесі бар. Сонымен қатар Ливанда, Бейруттың Америкалық университетінде оқыған.

Патрик О'Брайен
Қазіргі уақытта Патрик бірқатар компаниялар мен қорлардың Консультациялық кеңестерінің құрамына кіреді.
Бұған дейін алты жылдан аса уақыт бойы Лондонда орналасқан «ADM Capital LLP» компаниясының серіктесі болды. Патрик «ADM Capital» компаниясына «UBS ...

Патрик О'Брайен британиялық «Blizzard Partners Limited» инвестициялық және консультациялық компаниясының серіктес-құрылтайшысы болып табылады, компанияның мүдделері Ұлыбритания мен Азияда шоғырланған.
Қазіргі уақытта Патрик бірқатар компаниялар мен қорлардың Консультациялық кеңестерінің құрамына кіреді.
Бұған дейін алты жылдан аса уақыт бойы Лондонда орналасқан «ADM Capital LLP» компаниясының серіктесі болды. Патрик «ADM Capital» компаниясына «UBS Investment Bank» компаниясынан келді, онда 21 жыл жұмыс істеген, соңғы жылдары – қаржыландыру және банктің Еуропадағы тәуекелдерін басқару үшін жауап беретін Еуропалық нарықтар капиталы департаментінің басшысы ретінде қызмет атқарған.
Оның инвестициялар бойынша тәжірибесі ерте кезеңдердегі инвестицияларды, бірқатар секторларда, соның ішінде білім беру технологиялары, тұтынушылық тауарлар, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы, өндіріс, жаңартылатын энергия көздері, ойын-сауық, жылжымайтын мүлік, көлік және білім беру салаларында көпшіліктің де, сол сияқты азшылықтың да позициясында бола отырып, экономикалық өсу есепке алынған инвестициялар мен рационалды инвестицияларды қамтиды.
Патрик University College London-да құқық бакалаврі дәрежесін алған.