AIX CSD туралы

Пост-трейдингтің инфрақұрылымы:

ЖАЛПЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ

АІХ-тің пост-трейдингтік қызметін қамтамасыз ету мақсатында бөлек екі заңды тұлға құрылды:

  • «Astana International Exchange Central Securities Depository Limited» (AIX CSD) – АХҚО-ның қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген және ақша қаражатымен және бағалы қағаздармен күнделікті есеп айырысу операциялары үшін, сонымен қатар депозитарлық қызмет үшін жауап беретін жеке компания. AIX CSD-ның АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Компанияларды тіркеуші коммерциялық лицензиясы бар. Құрамына AIX CSD кіретін AFSA сол сияқты AIX CSD Реттеушісі ретінде де болып табылады. AIX CSD-ның Жалғыз иеленушісі АІХ болып табылады.

  • «Astana International Exchange Registrar Limited» (АІХ Тіркеушісі) «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) туралы заңға сәйкес жеке компания ретінде тіркелген және оның АХҚО Қаржылық қызметтер көрсетуді реттеу жөніндегі комитетінің (AFSA) Компанияларды тіркеуші коммерциялық лицензиясы бар. АІХ Тізілімінде (AIX Registrar) акционерлердің орталық тізілімі сақталады және жүргізіледі.
  • Күнделікті пост-трейдингтік операциялық қызметпен байланысты барлық міндеттерді АІХ-тің Клиринг және есеп айырысу бөлімі АІХ пен AIX CSD арасындағы Инфрақұрылым, ресурстар және қызметтер көрсету туралы келісімнің негізінде орындайды.

ОПЕРАЦИЯЛЫҚ МОДЕЛЬ

Активтердің сыныбына қарай, АІХ есеп айырысу модельдері мен депозитарлық модельдердің әртүрлі типтерін ұсынады. Кез-келген жағдайда, биржалық мәмілелер бойынша есеп айырысулар Т+2 қағидаты бойынша жүзеге асырылады және әр түрлі валюталарда жасала алады.

  • АІХ-тің барлық мәмілелері бойынша есеп айырысулар тікелей AIX CSD-да жүзеге асырылады.
  • Халықаралық бағалы қағаздарға қатысты AIX CSD үшін кастодиалдық және депозитарлық қызметтер көрсетуді «Росбанк» ЖАҚ және «Euroclear Bank S.A./N.V.» ұсынады, бұл инвесторлардың осындай бағалы қағаздарды АІХ CSD-да алуларына немесе биржадан тыс мәмілелер бойыша есеп айырысуларды Халықаралық орталық депозитарийде жүргізулеріне мүмкіндік береді.
  • Отандық қазақстандық бағалы қағаздарға қатысты да AIX CSD үшін кастодиалдық қызметтер көрсетуді «Росбанк» ЖАҚ ұсынады, бұл AIX CSD  номиналды ұстаушысының жуырда ашылған  депо шотын KACD активтендіргенге дейін, инвесторлардың бағалы қағаздарды AIX CSD-да  Алматы қ. KACD-дан алуларына мүмкіндік береді.
  • АІХ Тіркеушісі АХҚО-да шығарылған және тіркелген борыштық және үлестік бағалы қағаздардың есебін жүргізу үшін жауап береді.

СЕРІКТЕС БАНКТЕР

АІХ есеп айырысу-касса шоттары ашылған коммерциялық банктердің бірқатарымен серіктес қарым-қатынастарды қолдайды. Есеп айырысу және касса операциялары жүргізілетін банктер туралы ақпаратты AIX CSD жаңа Қатысушыларға ұсынады. АІХ өз қызметтерін Қазақстаннан тысқарыда жүзеге асыратын нарық қатысушылары үшін аударымдарды жеделдете өңдеуді қамтамасыз ету мақсаттарында серіктес банктердің санын көбейтуге ұмтылатын болады.

ТЕХНОЛОГИЯ

AIX CSD және AIX Registrar жүйелері, сонымен қатар клиенттік қосымшалар пост-трейдингтік инфрақұрылым мен қосымшалар бойынша мойындалған өнім беруші – «Avenir Technology» технологиясының базасында жұмыс істейді.

 «Avenir Technology» компаниясы туралы қосымша ақпарат мына мекенжай бойынша қолжетімді:  http://www.avenir-technology.com/

AIX CSD сонымен қатар өзінің қатысушыларымен пост-трейдингтік хабар алмасу үшін SWIFT жүйесін пайдаланады.