1. Бас бет
  2. Жауапкершіліктен бас тарту

Жауапкершіліктен бас тарту

Осы жауапкершіліктен бас тарту біздің веб-сайтты www.aix.kz (“Веб-сайт”) пайдалануды реттейді. Осы веб-сайт қызметтерін пайдаланған жағдайда, сіз Веб-сайтқа қолжетімділік пен оны толық көлемде пайдалануды реттейтін жауапкершіліктен бас тартуға келісім беретіндігіңіз және түсінетіндігіңіз болжанады. Сәйкесінше, егер сіз осы жауапкершіліктен бас тартумен немесе қандай да бір бөлігімен келіспесеңіз немесе оларды орынды деп санамасаңыз, сіз біздің Веб-сайт қызметін пайдаланбағаныңыз жөн.

МАЗМҰНЫ

Сайтта Astana International Exchange Limited және оның еншілес компанияларына  (“AIX”) қатысты Ақпарат қамтылған. AIX Ақпарат дәлдігін қамтамасыз ету үшін тиісті шаралар қабылдауға міндеттенеді. Соның өзінде, Ақпарат «Дәл солай» және «Қолжетімділігіне қарай» қағидаттары бойынша ұсынылады, дәлдігімен, өзектілігімен ерекшеленуі мүмкін және тек Ақпараттық мақсаттарға арналады.

AIX Веб-сайттағы барлық немесе кез-келген ақпараттың (Ақпарат) дәлдігі, өзектілігі және толықтығына қатысты кепіл бермейді, сондай-ақ, ол жаңылдырмайды немесе нақты мақсаттарға сәйкес келмейді немесе Веб-сайт пен басқа да сервистер қолжетімді болады деп кепіл бере алмайды. Веб-сайттағы Ақпарат АІХ тарапынан жауапкершіліксіз ұсынылады. АІХ Ақпараттың қателігі, толық еместігі немесе Веб-сайтқа Ақпарат ұсынудағы іркіліс үшін жауапты болмайды.

Кез келген уақытта және өз қалауы бойынша АІХ хабарлама жөнелтпестен немесе себептерін түсіндірместен Веб-сайттың кез келген немесе барлық сервистерін тоқтату немесе түрлендіру құқығын өзіне қалдырады. Бұл жағдайда, сіз өтемақы немесе Веб-сайттың қандай да бір сервистерін тоқтату немесе түрлендіру немесе егер бір жұмыс істеуді тоқтатқан кезінде басқа да төлемақы алуға құқыңыз болмайды.

AIX Веб-сайттағы Ақпараттың аудармасын немесе электрондық нұсқасын пайдаланумен байланысты туындайтын дұрыс емес түсіндірулерге жауап бермейді.

Веб-сайтта жүктеуге арналған кейбір файлдар бар. Осы файлдарға жауапкершіліктен бас тарту қолданылады.

Осы Веб-сайттағы Ақпарат қандай да бір нұсқауды білдірмейді және оны оларға теңестіруге болмайды. Егер сізге қандай да бір мәселе бойынша консультация қажет болса, тиісті маманға жүгініңіз. Веб-сайттағы Ақпарат кәсіби, қаржылық консультация ретінде бағалана алмайды. Оны инвестициялық шешімдер қабылдау үшін негіз ретінде пайдалануға болмайды және ол тікелей немесе жанама болсын, қандай да бір қаржылық құралды ілгерілетуге немесе сатуға арналмаған.

Веб-сайттағы Ақпарат коммерциялық ұсыныс болып табылмайды және сату, сатып алу, бағалы қағаздарға қол қою немесе нұсқау не басқа да қаржы құралдары туралы оферта ретінде қарастырылмауы тиіс. Мұндай Ақпарат немесе оның бөлігі қандай да бір келісімшарт жасасуға немесе қандай да бір міндеттемені қабылдауға негіз бола алмайды.

AIX сізді шақыруға немесе АХҚО заңы немесе Қазақстан Республикасының заңы мақсатында қандай да бір инвестициялық қызметке қатысуға итермелеуге бейілді емес.

Осы Веб-сайттағы Ақпаратқа сүйеніп ешқандай да әрекеттер қабылдауға немесе әрекетсіздік етуге болмайды. Біз осы Веб-сайттағы Ақпаратты басшылыққа алып шаралар қабылдауға байланысты туындаған нәтижеге жауапты болмаймыз.

AIX қолайлы болу үшін ғана басқа сайттарға сілтеме ұсынуы мүмкін және АІХ олардың мазмұнына және оларға қолжетімділік нәтижесіне жауапты болмайды.

AIX өз қалауы бойынша кез келген уақытта және алдын ала хабарламасыз Сайтқа және оның бөлігіне қолжетімділіктен айыру құқығын өзіне қалдырады.

Сондай-ақ, осы Жауапкершіліктен бас тартудың бөлігі болып табылатын және жеке деректерді пайдалануға қатысты ережелерден тұратын Құпиялылық және Сookies саясатымен танысуыңызды сұраймыз.

МІНДЕТТЕМЕЛЕР

AIX шарттық құқық нормаларына, деликт құқығы (немесе жаңылдыру) немесе басқа да құқықтық құралға сай, (қоса алғанда, бірақ кез келген абайсыз әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауапкершілікпен шектелместен) Веб-сайттағы мазмұнға, Ақпаратқа қатысты, тікелей шығындар үшін; тікелей немесе арнайы залалдар үшін; немесе коммерциялық жоғалту, кірісті, пайданы немесе күтілетін жинақтарды төмендету, қапы жіберілген бизнес немесе іскери қатынастар, бедел залалы немесе «гудвилл», ақпаратты жоғалту немесе бүлінуі немесе мәліметтерді кел келген тұлғамен наразылыққа қатысты немесе кез келген сипаттағы залалдар, кез келген әрекет пен зардаптан тікелей немесе жанама туындайтын, Сайттағы Ақпаратты немесе материалдарды пайдалану немесе санкцияланбаған қолжетімділік, Сайт құрамындағы барлық немесе кез келген бөлігі негізінде толық немесе бөлек жасалған қандай да бір әрекет немесе әрекетсіздік үшін жауапты болмайды.

Барлық тікелей немесе жанама кепілдіктермен қоса алғанда, бірақ шектелместен, тауар сапасының кепілдіктері, оның белгіленген мақсаттар үшін жарамдылығы, құқық бұзудың болмауы, үйлесімділік, қауіпсіздік және дәлдік Жауапкершіліктен бас тарту туралы өтініштен заңға сәйкес мүмкін шамада шығарылып тасталынады.

AIX Веб-сайттың үздіксіз, қауіпсіз жұмыс істейтініне және барлық ақаулықтар жойылатынына кепілдік бермейді.

AIX өзіне байланысты болмайтын жағдайлардан туындаған кез келген бұзушылыққа жауап бермейді.

AIX Веб-сайтта ешқандай да компьютерлік вирустар, құрттар, трояндар («Вирустар») болмайтыны туралы кепілдік бермейді және Веб-сайт арқылы Вирус түсіру немесе Веб-сайттан жүктелген файлдарды пайдалану нәтижесінде туындауы мүмкін залал үшін жауап бермейді.

АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Егер басқаша көрсетілмесе, AIX осы Веб-сайттағы барлық ақпараттың авторлық құқықтарының және зияткерлік меншікке қатысты барлық құқықтарының иесі болып табылады.

Тікелей рұқсат берілген жағдайларды қоспағанда, осы Веб-сайттағы Ақпаратты сізге бейімдеуге немесе өзгертуге және оны коммерциялық мақсатта үшінші тараптарға көшіруге, қайта басуға, жазуға, орналастыруға, таратуға немесе басқа жолмен беруге рұқсат берілмейді.

Copyright © 2019, Astana International Exchange Limited.

ӨЗГЕРТУЛЕР ЕНГІЗУ

Уақыт өте келе АІХ Жауапкершіліктен бас тарту нысанына өзгерту енгізе алады. Жауапкершіліктен бас тарту нысанының жаңартылған нұсқасы оны Веб-сайтта жариялаған сәттен Веб-сайтқа пайдалануға қолданылады.

ЕРЕЖЕЛЕРДІҢ ДЕРБЕСТІГІ

Егер қандай да бір сот немесе басқа құзыретті орган Жауапкершіліктен бас тартудың қандай да бір ережесін заңсыз және/немесе орындалмайтын деп таныса, басқа ережелердің әрекеті өзгертуге жатпайды. Егер Жауапкершіліктен бас тартудың қандай да бір заңсыз және/немесе орындалмайтын ережесі заңды немесе оның бөлігін жойған жағдайда талап арыз күші болса, онда мұндай бөлігі алынып тасталуы тиіс. Ереженің қалған бөлігі заңды күшін сақтап қалады және заңмен рұқсат етілген толық дәрежеде іске асырылады.

ЗАҢ ЖӘНЕ ЮРИСДИКЦИЯ

Осы жауапкершіліктен бас тарту «Астана» халықаралық қаржы орталығының заңдары мен қағидаларына сәйкес реттеледі және түсіндіріледі.

Жауапкершіліктен бас тартуға байланысты туындаған даулар келіссөздер арқылы шешіледі. Консенсусқа қол жеткізбеген жағдайда, мұндай даулар «Астана» халықаралық қаржы орталығының сотында қарауға жатады.