Қазақстанда жекешелендіру бағдарламасы нарықтық экономика негіздерін нығайту мақсатында жүргізіледі. Бұл бағдарламаның басты мақсаты – елдегі жеке бизнестің одан әрі дамуына серпін беру және мемлекеттің экономикадағы үлесін төмендету. Жекешелендіру бағдарламасы туралы толығырақ ақпаратпен мына жерде танысуға болады.
Әлемдегі ең ірі уран өндірушілердің бірі «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы жекешелендіру бағдарламасы шеңберінде 2018 жылы AIX пен LSE биржаларына шыққан алғашқы компания болды. Кейінен «Қазатомөнеркәсіп» екі SPO өткізді, нәтижесінде компанияның free-float акцияларының көлемі 25% құрады.
2022 жылы AIX пен KASE-де «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ акцияларын бастапқы жария орналастыру (IPO) өтті, бұл берілген өтінімдер саны және тартылған капитал көлемі бойынша қазақстандық қор нарығының бүкіл тарихындағы ең ірі IPO болды. IPO қазақстандық нарықтың жоғары әлеуетін, сондай-ақ Қазақстан азаматтарының қаржылық сауаттылығы мен инвестициялық белсенділігінің айтарлықтай артқанын көрсетті. AIX инвесторлардың бөлшек сауда базасына басты назар аударды, онда Tabys мобильдік қосымшасы және «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы тікелей жазылу қолжетімді болды. ҚМГ жай акцияларымен сауда-саттық AIX-те 2022 жылғы 8 желтоқсанда басталды.
2023 жылғы қарашада Қазақстандағы электр желілерін басқарумен айналысатын компания «KEGOC» АҚ-ның жай акциялары AIX-те орналастырылды. Tabys-тағы тікелей жазылу және банктердің мобильді қосымшалары арқылы AIX-тегі SPO-ға жазылудың шамамен 54% бөлшек инвесторлардан алынды, өтінім сомасы 2,2 млрд теңгені құрады.
IPO-ға дайындалып жатқан басқа компаниялардың қатарында елдің ең ірі авиакомпаниясы Air Astana және Қазақстанның ұлттық газ компаниясы QazaqGaz бар.
AIX биржасы ұлттық компаниялардың IPO/SPO-сына Tabys қосымшасындағы тікелей жазылым функциясы арқылы қатысудың жолын ашты. Тікелей жазылым функциясы брокерлік есеп- шот ашпай-ақ IPO/SPO-ға қатысуға мүмкіндік береді. «Самұрық-Қазына» Қоры Tabys қосымшасын жеке инвесторларды IPO мен SPO-ларға қатыстырудың ресми құралы ретінде қолданады.