AIX биржасы қызметінің бағыттарының бірі – ислам қаржысын дамыту, бұл облигацияларға (сукуктарға) да, әртүрлі жобаларды қаржыландыру үшін жеке орналастыруларға да қатысты.
2022 жылғы маусымда AIХ-те шариғат талаптарына сәйкес келетін алғашқы биржалық ноталар – iShares MSCI World Islamic UCITS ETF («ISDW»)акциялары базалық активін құраған iX Islamic Exchange Traded Notes листингтелді. ISDW – Шариғат нормаларына сәйкес инвестицияларды жүзеге асыратын ең ірі исламдық қорлардың бірі.
2020 жылдың желтоқсанында AIX Ислам Даму Банкі (ИДБ) сукуктарының үш шығарылымының кросс-листингін жариялады. AIX-тің ресми тізімі әрқайсысының өтеу мерзімі 5 жылға белгіленіп бекітілген кірісі бар 3 шығарылымымен толықтырылды, олардың сомасы сәйкесінше 1 миллиард еуро (жасыл сукук), 1,5 миллиард АҚШ доллары (тұрақты сукук) және 2 миллиард АҚШ доллары (дәстүрлі сукук) құрады.
QIIB сукукының алғашқы орналастырылуы Лондон қор биржасында (LSE) жылына 4,264% мөлшерде бекітілген купонмен $500 миллион сомасына жүзеге асырылды.