Соңғы жылдары бүкіл әлемдегі инвесторлар инвестициялық шешімдер қабылдау кезінде ESG өлшемшарттарының маңыздылығын көбірек түсінуде. Нәтижесінде көптеген компаниялар ESG-ді өз қызметіне және бизнес стратегияларына енгізе бастады. AIX қолжетімді өнімдер желісі арқылы орнықты дамуға инвестиция салуға мүмкіндік бере отырып, осы трендке сай бола алғанына қуанышты.
AIX жауапты қаржыландыру өнімдерінің қатарын ESG-облигациялармен кеңейтті.
2022 жылдың 5 желтоқсанында AIX Бизнес қағидалары «ашық архитектура» құрылымындағы ESG-санаттарына жататын облигацияларды шығару және листингтеу бойынша жаңа тарауымен толықты. Бұл құрылым эмитенттерге орнықты дамумен байланысты жобаларын қаржыландыру үшін ең қолайлы ESG-стандартты таңдауға икемділік береді. Облигацияларға берілетін ESG-санат тиісті ESG-стандартты көрсетеді және әлеуметтік, орнықты, көк, транзиттік облигацияларды және орнықтылыққа байланысты басқа санаттардың облигацияларын қамтуы мүмкін.
ЕАДБ AIX-тегі онықты даму облигациялары арқылы Алматы ЖЭО-ны қайта жаңартуға инвестиция салуды жоспарлап отыр. 2023 жылдың қараша айында Еуразиялық Даму Банкі (ЕАДБ) «Самұрық-Энерго» АҚ еншілес компаниясы, Қазақстанның ірі электр энергетикалық холдингі «Алматы электр станциялары» АҚ (АлЭС) ESG облигациялары бағдарламасы шеңберінде AIX-те 236,8 млрд теңге сомасында шығаратын орнықты даму облигацияларын (SLB) сатып алу ниеті туралы жариялады. Облигациялардың нысаналы мақсаты – Алматы ЖЭО-3 қайта жаңартуды қаржыландыру.
АлЭС-тің SLB облигациялары Орталық Азиядағы орнықты даму облигацияларының ең ірі шығарылымы болмақ, ал табысты іске асырылған жоба Алматы агломерациясының энергетикалық жүйесінің тиімділігін арттырып қана қоймай, өңірдің экологиясын жақсартуға да үлес қосады.
2021 жылдың қараша айында «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ-ның 100% еншілес ұйымы «Самұрық-Энерго» АҚ AIX биржасында өтеу мерзімі 2028 жылдың мамырында және купондық мөлшерлемесі 11,40% болатын 18,4 млрд теңге сомасына дебюттік «жасыл» облигацияларды орналастырды. Барлық сома AIX-ке жария жазылым (букбилдинг) арқылы тартылды.
2020 жылдың тамыз айында Қазақстанда алғаш рет «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының» «жасыл» облигациялары жаңғыртылатын энергия көздеріне инвестициялау тәуекелдерін азайту бойынша БҰҰДБ-мен келісім аясында AIX-те орналастырылды. 200 млн теңге сомасына өтеу мерзімі 36 ай «жасыл» купондық облигациялар.
Мұндай облигацияларды орналастырудың мақсаты – жаңғыртылатын энергия көздері жобаларын жүзеге асыратын қазақстандық кәсіпорындарды кредиттеу.