«БЕЛДЕУ ЖӘНЕ ЖОЛ» СЕГМЕНТІ (BRI)
BRI бастамасы дамуының негізгі факторлары
«Белдеу және Жол» (BRI) – 70-тен астам ел қатысатын жаһандық бастама, оны алғаш рет Қытай приезиденті Си Цзиньпин 2013 жылы Қазақстанға сапары кезінде жариялаған. «Белдеу және Жол» өңіраралық коммуникацияларды қамтамасыз етуге және инфрақұрылымды дамытуға бағдарланған.
Қазақстанның BRI-дағы рөлі түйінді болып табылады, өйткені алты экономикалық дәліздің екеуі біздің ел арқылы өтеді. BRI сондай-ақ Қазақстанға және басқа қатысушы елдерге өндірістік қуаттарды және халықаралық сауда көлемін ұлғайту үшін керемет мүмкіндіктер береді, бұл сайып келгенде, экономиканың жалпы дамуын ынталандырады.
AIX жаһандық инвесторларға капитал нарығына қолжетімділікті қамтамасыз ететін Орталық Азиядағы бірінші қор биржасы, сондай-ақ BRI қолдау үшін нарыққа бағдарланған, әртараптандырылған, оқшауландырылған және орнықты қаржылық шешімдерді ұсынатын өңірлік қаржыландыру орталығы болып табылады. AIX-тің «Белдеу және Жол» сегменті BRI жобалары үшін капитал нарығында шешімдерды қамтамасыз етуге, сондай-ақ BRI жобаларына тікелей инвестицияларды тартуға арналған ыңғайлы платформаға айналуға бағытталған.
Юань (RMB) — AIX-тің «Белдеу және Жол» сегментінің нарығы үшін негізгі валюта болып табылады, ол арқылы жай акцияларды, облигацияларды, активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздарды, сондай-ақ депозитарлық қолхаттарды саудалауға болады.
«Белдеу және Жол» сегментінің шеңберінде AIX негізгі стратегиялық серіктестермен және нарық қатысушыларымен, соның ішінде:
- Шанхай қор биржасы
- «Жібек жолы» қоры
- China Overseas Development Association
- China Development Bank
- China Construction Bank
- Bank of China
- Industrial and Commercial Bank of China
- Altyn Bank (China Citic Bank еншілес компаниясы)
- China Chengxin International Credit Rating Co.
- Deheng Law Offices
- Zhonglun W&D Law Firm
- PwC Kazakhstan
- China International Capital Corporation HK Securities
- Shenwan Hongyuan HK Securities
- CITIC Securities
- China Innovation Finance Institute қаржы институты (Чэнду және Сычуань провинцияларының әкімшіліктері қаржыландырады)
Қытайдың ең ірі брокерлерімен және инвестициялық құрылымдармен қарым-қатынастарды сақтайды және дамытады.
Қазақстандағы юаньмен номинацияланған алғашқы облигациялар
2020 жылдың 20 наурызында Астанадағы филиалы арқылы әрекет ететін China Construction Bank AIX және Гонконг қор биржасында юаньмен номинацияланған облигацияларына қосарлы листинг өткізді. Бұл — AIX-тегі бірінші юантдағы бірінші облигациялар, ол сонымен қатар AIX-тің «Белдеу және Жол» сегментіндегі юаньдағы бірінші қаржы өнімі болып табылады. Өтеу мерзімі 2 жыл және купондық мөлшерлемесі 2,95% болатын 1 млрд юань (листингке шыққан күнгі ҚР ҰБ бағамы бойынша шамамен 63 млрд теңге) сомасына облигацияларды Қытайдың институционалдық инвесторлары сатып алды. Астанадағы CCB филиалы юаньмен тартылған қаражатты BRI жобаларын және Қазақстандағы инфрақұрылымды қолдау үшін пайдаланатын болады.
Қытайдағы қор нарығының көрсеткіштеріне қол жеткізуді қамтамасыз ететін ең ірі биржалық қорлардың бірінің iShares MSCI China A ETF («CNYA») акциялары бар юаньдағы iX China Equity BR биржалық ноталары 2022 жылдың 29 маусымында AIX листингіне енгізілді.
Қосымша ақпарат алу үшін [email protected] электрондық поштасы арқылы
AIX-тің «Белдеу және Жол» сегментінің мамандарына хабарласыңыз.