AIX ресми тізімінде акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды, облигацияларды, биржалық қорлар мен ноталарды қоса алғанда, 138 бағалы қағаздар бар. AIX міндеті –инвесторлар тарапынан қызығушылықты қанағаттандыру және қазақстандық эмитенттердің капитал тартуына ықпал ету үшін осы тізімдегі компаниялар санын арттыру.
AIX ресми тізімінің эмитенттеріне қойылатын талаптар Лондон қор биржасының баламалы талаптарына сәйкес келеді. Бұл көптеген компаниялар үшін, соның ішінде ұлттық компаниялар үшін, ең алдымен ақпаратты ашу, корпоративтік басқару және ашықтық стандарттары, тәуелсіз директорлар институты үшін жоғары деңгей.
Биржа құрылғаннан бері тартылған борыштық капиталдың жалпы көлемі $3.4 млрд құрады, тартылған үлестік капиталдың көлемі $356 млн құрады.