Қыркүйек айындағы AIX-тегі сауда-саттық көлемі 3,9 млн. АҚШ долларын (1,7 млрд теңге) құрады

26 октября 2020

Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2020 жылдың 1-30 қыркүйек аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 3,930,291.61   АҚШ долларын құрады (1,661,411,909.02 тенге [1]).

Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:

Бағалы қағазАйдың қорытындысы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %        Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қорытындысы бойынша сатылатын акциялардың саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %2020 жылғы мәмілелердің жалпы саны2020 жылғы мәмілелердің жалпы көлемі
Акционерлік кірісі бар қағаздар
CCBN1-50.00%KZT 3,697.60-99.99%16-99.99%3KZT 41,795,846.60
HSBK5-76.19%KZT 25,515,299.00-81.64%210,060-82.96%186KZT   1,152,045,405.67
HSBK.Y18-18.18%USD 290,962.16-48.81%26,026-49.20%138USD 2,047,415.08
KAP273-21.78%KZT 451,565,390.00-35.39%71,159-38.96%2,389KZT 4,021,737,045
KAP.Y67-48.06%USD 822,079.60-51.16%53,996-53.26%571USD 7,678,874.87
KCEL30.00%KZT 30,336,000.00171,892.29%12,000171,328.57%35KZT 241,527,189.00
KCEL.Y11120.00%USD 196,827.4782.86%32,85782.54%41USD 626,080.00
POLY2945.00%USD 358,749.8710.49 %14,71516.55 %146USD 2,394,297.08
Құрылымдалған өнімдер
IXU10.00%USD 498.40-84.54%14-86.00%7USD 8,847.34
IXO3N/AUSD 4,298.00N/A400N/A3USD 4,298.00
Тіркелген кірісі бар қағаздар
FRHC.1222928.57%USD 1,003,940.0043.42%1042.86%53USD 5,403,940.00
MFOK.09222N/AUSD 50,600.00N/A506N/A2USD 50,600.00
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің сауда күніндегі ресми бағамы қолданылды.

Анықтамалық ақпарат:

AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген. АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/