1. Бас бет
  2. Жаңалықтар
  3. Жеке инвесторларға
  4. Биржа қалай жұмыс істейді?

Биржа қалай жұмыс істейді?

Astana International Exchange (AIX) – бұл электрондық сауда-саттық алаңы, мұнда сатушылар мен сатып алушылар акциялармен, облигациялармен және басқа бағалы қағаздармен саудаласу үшін кездеседі. АІХ АХҚО юрисдикциясында жұмыс істейді және ағылшын жалпы құқығының ережелері бойынша реттеледі. Қағидаларды қатаң сақтау мен олардың орындалуын бақылаудың, сонымен қатар технологияларды жетілдірудің арқасында процеске қатысушылардың барлығы үшін тәуекелдер барынша азайтылады.

Қор биржасында  мәмілелер бір сәтте жасалады, ал заманауи техникалық база секундына миллиондаған операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қор биржасының қатысушылары қашықтан жұмыс істейді – сауда-саттықты нақты уақыт режимінде биржаның www.market.aix.kz сайтында немесе  AIX Connect  мобильді қосымшасында қадағалап отыруға болады.

Бағалы қағаздардың тізбесін тіркеуші компания – AIX Registrar жүргізеді. Бұл тізбелерде иелік етушілер мен эмитенттер, нақты акционерлердегі акциялардың саны жазулы. Бұл деректерді эмитенттердің өздері де пайдаланып, дивидендтердің есептелуін қадағалай алады.

Инвесторлардың активтерін есепке алу – депозитарийдің міндеті. AIX CSD депозитарийі қолма-қол ақшамен жүргізілетін күнделікті операциялар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысу және депозитарлық қызмет үшін жауап береді.

Биржадағы сауда-саттық үшін брокерлер делдал ретінде болады. Олар клиенттің сатып алу және сату бұйрықтарын іске асырады, инвестициялық қызмет бойынша консультациялар береді, инвест-идеялар ұсынады.