Қаржы министрлігінің 40 млрд рубль (550 млн АҚШ доллары) мөлшеріндегі облигациялары AIX-те листингтелді

28 Маусым 2021

Астана халықаралық биржасы («AIX», «Биржа») Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі ресейлік рубльмен номинирленген облигацияларды шығаруды және орналастыруды AIX және Мәскеу биржасында («MOEX») жүзеге асырғанын қуана хабарлайды. Барлығы 10 млрд рубль сомасын құрайтын төрт транш 2026, 2028 және 2031 жылдары өтеу мерзімімен листингтелді. АІХ-те 7,76 млрд рубль тартылды (107 миллион АҚШ доллары).

AIX-те шығарудың ұйымдастырушысы First Heartland Securities (FHS) болды. MOEX ұйымдастырушылары арасында  Еуразиялық даму банкі (ЕДБ) , Сбербанк КИБ, MKБ, Газпромбанк және ВТБ Капитал бар. ЕДБ ұйымдастырушы ретінде және AIX пен басқа да ЕАЭО елдерінің сауда мүшесі болуымен қатар, инвесторларға AIX пен MOEX-те мәмілеге қатысуға мүмкіндік берді.

АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Біз AIX суверенді облигацияларды орналастыру үшін жергілікті алаң ретінде таңдалғанын мақтан етеміз.. Бенчмарк болып табылатын облигациялар листингі кейінгі корпоративтік орналастыруларға ықпал етеді және ҚР Үкіметінің суверенді борыштың валюталық қоржынын әртараптандыру бойынша стратегиялық мақсаттарға қол жеткізуіне көмектеседі деп үміттенеміз».

Бұл Министрліктің облигацияларын AIX-те төртінші орналастыруы.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX үшін сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді  AIX миссиясы жеке және мемлекеттік компанияларға қаржыландыру тарту үшін айқын және қолайлы жағдайлар ұсыну жолымен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамытуда болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады.. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.

Анықтама:

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын АХҚО Басқару кеңесі 2020 жылғы 2 шілдеде өткен отырысында мақұлдады. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді» www.aifc.kz