Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2020 жылдың 1-31 қантар аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 1,786,767.39 АҚШ долларын құрады (677,415,211.45 теңге [1]).
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:
Бағалы қағаз | Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қоры-сы бойынша сатылатын акц-дың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | 2019 жылғы мәм-дің жалпы саны | 2019 жылғы мәм-дің жалпы көлемі |
Акционерлік кірісі бар қағаздар | ||||||||
HSBK | 5 | -64,29% | KZT 28 460 037,20 | 100,69% | 200 570 | 80,65% | 5 | KZT 28 460 037,20 |
HSBK.Y | 21 | 50,00% | USD 136 118,32 | 17,91% | 9 510 | 9,60% | 21 | USD 136 118,32 |
KAP | 135 | -28,95% | KZT 141 162 130,00 | -20,11% | 28 783 | -17,30% | 135 | KZT 141 162 130,00 |
KAP.Y | 29 | 190,00% | USD 398 297,89 | 10,05% | 30 973 | 11,24% | 29 | USD 398 297,89 |
POLY | 11 | -8,33% | USD 204 619,37 | -0,21% | 12 720 | -4,53% | 11 | USD 204 619,37 |
Тіркелген кірісі бар қағаздар | ||||||||
FRHC.1222 | 6 | N/A | USD 600 000,00 | N/A | 6 | N/A | 6 | USD 600 000,00 |
Анықтамалық ақпарат:
AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz