«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Лондон қор биржасында ғаламдық депозитарлық қолхаттарды листингтеу ниетін растау

23 октября 2018

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Лондон қор биржасында ғаламдық депозитарлық қолхаттарды листингтеу ниетін растау

АМЕРИКА ҚҰРАМА ШТАТТАРЫНДА, АВСТРАЛИЯДА, КАНАДАДА, ЖАПОНИЯДА, ОҢТҮСТІК АФРИКА РЕСПУБЛИКАСЫНДА, СОНДАЙ-АҚ ОСЫНДАЙ ТАРАТУ НЕМЕСЕ ЖАРИЯЛАУ ЗАҢҒА ҚАЙШЫ БОЛЫП КЕЛЕТІН КЕЗ-КЕЛГЕН ӨЗГЕ ХҰКІМЕТТЕРДЕ ТОЛЫҚ НЕМЕСЕ ІШІНАРА, ТІКЕЛЕЙ НЕМЕСЕ ЖАНАМА ЖАРИЯЛАУҒА НЕМЕСЕ ТАРАТУҒА АРНАЛМАҒАН

Қазақстанға қатысты төменде ескертілгенді қоспағанда, осы хабарландыру Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының Бағалы қағаздар аңдатпаларын шығару ережелеріне сәйкес жарнама болып табылады, бірақ ол эмиссия аңдатпасы болып табылмайды, сондай-ақ қандай да бір хұкіметте, соның ішінде АҚШ-та, Аустралияда, Канадада, Жапонияда немесе Оңтүстік Африка Республикасында бағалы қағаздарды сатуға ұсыным немесе бағалы қағаздарды сатуға немесе сатып алуға ұсынымға сұрау салу болып табылмайды.

Осы хабарландыру Қазақстан Республикасы аумағында жарнама ретінде пайдалануға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттелетін басқа да қызмет салаларында пайдалануға арналмаған. Осы хабарландыру да, оның ешбір ережелері де, осы хабарландыруда айтылатын Тіркеу құжатындағы ережелер де ешбір сөз де қандай да бір ұсыным үшін немесе қандай да бір хұкіметтегі міндеттеме үшін негіз болып табылмайды, сондай-ақ қандай да бір ұсынымға немесе қандай да бір хұкіметтегі міндеттемеге байланысты оған сүйенуге болмайды. Инвесторлар, «Қазатомөнеркәсіп» ұлттық атом компаниясы» акционерлік қоғамы «Стандарт» сараланымында Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының бағалы қағаздардың ресми тізіміне ғаламдық депозитарлық қолхаттарды енгізу мүмкіндігіне және оларды Лондон қор биржасының негізгі алаңында ресми сауда-саттыққа рұқсат беруге байланысты белгіленген тәртіпте «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» акционерлік қоғамы жариялауы мүмкін эмиссия аңдатпасында, оның соңғы нұсқасында (бұдан әрі — «Эмиссия аңдатпасы») бар болған ақпараттың басқасына, қандай да бір ақпаратқа сүйене отырып, осы хабарландыруда немесе Тіркеу құжатында ескертілген қандай да бір жай акцияларға жазылмауы немесе оларды сатып алмауы керек. Қоғам эмиссиясының аңдатпасы көшірмесімен, егер ол жарияланған болса, Қоғамның ресми орналасқан мекен-жайы бойынша, 010000 (Z05H9A7), Қазақстан Республикасы, Астана қ., Д. Қонаев к-сі, 10, сондай-ақ Қоғам веб-сайтында танысуға болады: www.kazatomprom.kz

22 қазан, 2018 жыл

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ

Лондон қор биржасында ғаламдық депозитарлық қолхаттарды листингтеу ниетін растау

2018 жылғы 15 қазандағы «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның (бұдан әрі — Қоғам, сондай-ақ оның еншілес компанияларымен бірге — «Топ» немесе «Қазатомөнеркәсіп») Тіркеу құжатын жариялау туралы хабарландыруынан кейін, әлемдегі ең ірі (өнім көлемі бойынша) табиғи уран өндіруші «Қазатомөнеркәсіп» бүгін көпшілікке бастапқы орналастыру ниетін растады, соның барысында Қоғамның жалғыз акционері «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі — «Самұрық-Қазына») Қоғамның бағалы қағаздарын (бұдан әрі – IPO немесе «Ұсыным») сатады.

Қоғам өзінің жай акцияларындағы (бұдан әрі — «Акциялар», ал ҒДҚ-мен бірге — «Бағалы қағаздар») құқын куәландыратын ғаламдық депозитарлық қолхаттарды (бұдан әрі «ҒДҚ») Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және бақылау басқармасының бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізу және Лондон қор биржасының («Ұлыбританиядағы» рұқсаттама) реттелетін нарығында ҒДҚ-ды сауда-саттыққа рұқсат ету, сондай-ақ Акцияларды әлеуетті түрде Астана халықаралық биржасында («AIX») – «Астана» халықаралық қаржы орталығының қор биржасында («АХҚО») бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізу және Акцияларды AIX-та сауда-саттыққа рұқсат ету туралы өтінішті беру мүмкіндігін қарастырады. Ұлыбританиядағы 2 рұқсаттаманы алған күні немесе одан кейін Қоғам ҒДҚ-ды AIX-та бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізуі және оны AIX-тегі сауда-саттыққа жіберуі мүмкін.

Ғалымжан Пірматов, «Қазатомөнеркәсіп» Басқармасының төрағасы:

«Біздің ойымызша, ірі қорға және өндірудің өзіндік құнының ең төмен көрсеткіштерінің біріне ие, сондай-ақ саладағы өндіріс қауіпсіздігі, еңбек пен қоршаған ортаны қорғау көрсеткіштері көшбастаушы әлемдік жетекші уран өндіруші болып отырған «Қазатомөнеркәсіпте» уран нарығын дамытудың тартымды іргелі факторларының артықшылықтарын пайдалану үшін барлық мүмкіндіктер бар. Компанияны енді нарыққа толық бағдарланған, бизнес жүргізу мен жоғары табыстылықтың жоғары стандарттарын қамтамасыз етуге шоғырланған өте тәжірибелі команда басқарады. Біз өз миссиямызды барлық мүдделі тараптар ұзақ мерзімді құндылықтар жасау мақсатында тұрақты даму қағидаларына сәйкес уран кен орындарымызды игеру деп білеміз».

Джон Дудас, «Қазатомөнеркәсіп» Директорлар кеңесінің төрағасы: «Қазатомөнеркәсіп» өзінің корпоративтік дамуындағы осынау жаңа кезеңге енуге дайын. Қарқынды трансформация кезеңінен кейін Қоғам өзін табиғи уран өндірісінде даусыз әлемдік көшбасшы және әлемдік жетекші энергия ресурстарын жеткізуші ретінде танытты. Директорлар кеңесі саланың ұзақ мерзімді дамуына сенімді, өйткені ядролық энергетика климаттың өзгеруімен күресте барған сайын маңызды рөл ойнайтын болады. Электр энергиясының үздіксіз көміртексіз көзі ретінде атом энергиясын өндіру Париж келісімі аясында қабылданған міндеттерді орындау мен көміртегі шығындыларын азайтуға бағытталған әлемдік өндірісте шешуші орын иелеуі мүмкін. Жекешелендіру мүдделі тараптардың бәріне корпоративтік басқару әдістерінің тиімділігін, бизнестің кемелділігі мен ашықтығын ғана емес, инвесторлардың халықаралық шеңберіне кіруді де қамтамасыз етіп, «Қазатомөнеркәсіпке» маңызды пайда әкеледі».

Жоспарлы ұсынымның негізгі аспектілерін растау

• Ұсыным аясында «Самұрық-Қазына» акцияларды ҒДҚ түрінде сатады деп күтілуде.

• Ұсыныммен бір мезгілде «Самұрық-Қазына» АІХ ережелері мен қағидаларына (бұдан әрі – «АІХ-тағы Ұсыным») сәйкес «АІХ» алаңшасында Қазақстан Республикасындағы институционалды және бөлшек инвесторларға жергілікті ұсыным аясында Акциялар мен әлеуетті ҒДҚ ұсынуға ниетті.

• Ұлыбританияда рұқсаттаманы алған күні немесе одан кейін ҒДҚ сондай-ақ AIX-да бағалы қағаздардың ресми тізіміне енгізілуі және AIX-де сауда-саттыққа жіберілуі мүмкін.

• Қазіргі кезде Қоғамның шығарылған акцияларының барлығы «Самұрық-Қазынаға» тиесілі. Әлеуетті ұсыным мен AIX-тағы ұсыным шеңберінде «Самұрық-Қазына» Қоғамның шығарылған акцияларының жалпы санының 25%-на дейін құрайтын Бағалы қағаздарын ұсынуға ниетті. Әлеуетті ұсынымдар мен AIX-тағы ұсынымнан кейін Қоғамның шығарылған акцияларының жалпы санының 75% «Самұрық-Қазынаға» тиесілі болады.

• Қоғам Бағалы қағаздарын әлеуетті ұсынымның немесе AIX-тағы ұсынымның аясында сатуды жоспарламаған және әлеуетті ұсынымның немесе AIX-тағы ұсынымның аясындағы сатудан ақшалай қаражат алмайды.

• Ұсынымның аясында ҒДҚ барлық енгізілген түзетулерімен 1933 жылғы «Бағалы қағаздар туралы» АҚШ Заңының (бұдан әрі — «АҚШ Бағалы қағаздар туралы заңы») S ережесіне сәйкес (өзгерістерімен бірге) Америка құрама штаттарының шегінен тыс басқа елдерде және Ұлыбртитаниядағы белгілі бір институционалдық және кәсіби инвесторларға, сондай-ақ Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының тіркеу талаптарына жатпайтын мәміле аясында немесе тіркеу туралы басқа ерекшеліктер негізінде немесе Бағалы қағаздар туралы АҚШ 3 Заңының 144А ережесіне сәйкес негізді түрде білікті институционалдық сатып алушылар болып есептелетін АҚШ-тағы тұлғаларға ұсынылатын болады.

• Менеджмент қатысуымен өтетін Роудшоуды бастау шамамен 2018 жылғы 31 қазанда немесе соған жақын күндерге жоспарланған.

• Ұсыным туралы бұдан кейінгі ақпарат алдағы апталарда жарияланатын Эмиссиялар аңдатпасына қосылады.

• «Қазатомөнеркәсіптің» жоспарлы IPO-сы – 2015 жылы Қазақстан Республикасының Үкіметі қабылдаған стратегия — мемлекеттік меншікті жекешелендіру бағдарламасының маңызды элементі. Жекешелендіру бағдарламасы Қазақстанның болашағы үшін тиімді әрі бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыруға бағытталған және мемлекеттің ЖІӨ-дегі үлесін ЭЫДҰ елдерінің деңгейіне сәйкес төмендету туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мәлімдеген мақсаттарға сәйкес келеді.

• IPO – қазақстандық экономикаға қатысты Үкіметтің ұзақ мерзімді стратегиясын іске асырудың бір бөлігі болумен қатар, ол ұзақ мерзімді акционерлердің тұрақты базасын қамтамасыз етеді, және болашақ өтімділік және капитал тартудың кең спектрін қол жеткізуге мүмкіндік бере отырып, «Қазатомөнеркәсіпке» маңызды пайдалар әкеледі.

• «Самұрық-Қазына» менеджерлерге (анықтамасы төменде келтірілген) Ұсыным аясында сатылатын ҒДҚ жалпы санынан 15%-дан аспаған өлшемде қосымша орналастыру опционын ұсынады.

• Қоғам және «Самұрық-Қазына» үшін әр жағдайда белгілі бір ерекшеліктері бар акцияларды сатуға тыйым салудың 180-күндік мерзімі орнатылатын болады.

• Әлеуетті ұсыным барысында Credit Suisse және J.P.Morgan банктері бірлескен ғаламдық үйлестірушілер және бірлескен букранерлері болады. China International Capital Corporation, Halyk Finance және Mizuho International plc (бірге — «Менеджерлер») әлеуетті ұсынымдағы бірлескен букраннерлер болады. AIX-тағы жергілікті ұсыным Halyk Finance басшылығымен жүзеге асырылады.

• Ұсыным Ұлыбританияның Қаржылық реттеу және қадағалау басқармасының тиісті тіркеуі мен рұқсатын қоса алғанда, реттеуші органдардың барлық қажетті рұқсаттарын алуы тиіс.

Шолу

• «Қазатомөнеркәсіп» — (Ux Consulting Company консалтинг компаниясының дерегіне сәйкес (бұдан әрі — UxC), әлемдегі ірі табиғи уран өндіруші (өндіру көлемдері бойынша) және ең төменгі өзіндік құны бар дүниежүзілік өндірушілердің бірі. Қоғамның 100% акциялары «Самұрық-Қазынаға» тиесілі. Өз кезегінде, «Самрұқ-Қазынаның» жалғыз акционері — Қазақстан Республикасының Үкіметі.

• UxC деректері бойынша, 2017 жылы Топ бірлесе бақыланатын және қауымдастырылған кәсіпорындарды қоса есептегенде өндірген уран әлемдік бастапқы уран өндірісінің шамамен 20%-н (12,1 мың тоннаға балама) құрады.

• Топ тек Қазақстан Республикасы аумағында уран өндіреді және уран қоры 300 мың тоннаға жуық саладағы ірі ресурстық базаға ие.

• Топтың шоғырландырылған түсімі 2017 жылы 336,5 млрд теңгені, табыс 139,2 млрд теңгені құрады; 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында түсім 145,0 млрд теңгені, пайда 115,0 млрд теңгені құрады.

− Түзетілген EBITDA1 көрсеткіші 2017 жылы 96,7 млрд теңгені, 2018 жылдың бірінші жартысында 38,8 млрд теңгені құрады.

− Түзетілген үйлесімді EBITDA2 көрсеткіші 2017 жылы 128,2 млрд теңгені, 2018 жылдың бірінші жартысында 45,7 млрд теңгені құрады.

− Таза қарыздың3 (қаржы құралдарының) Түзетілген EBITDA көрсеткішіне арақатынасы 2017 жылы (1,3х), 2018 жылдың бірінші жартысында (0,2х) болды.

Бизнеске шолу

Қоғам қазіргі кез листинг үшін барынща қолайлы деп сенеді. Өйткені «Қазатомөнеркәсіп» пікірінше, Топ бетбұрыс нүктесінде тұрған, ұзақ мерзімдді өсу үшін іргелі алғышарттары және кіру үшін елеулі кедергілері бар салада көшбасшылық орын иелейді

Уран нарығын дамытудың тартымды іргелі факторлары

• Уран өніміне сұраныс алдағы оңжылдықта, бірінші кезекте, дамушы нарықтарда, атап айтқанда, ҚХР-да жаңа атом электр станцияларын салудың ауқымды бағдарламасының арқасында тұрақты болып қала береді деп күтіледі.

• UxC деректері бойынша, ядролық энергетиканың ғаламдық өндірісі 2017 жылдағы 388 ГВтмен салыстырғанда, 2030 жылға қарай 11%-ға (432 ГВт-қа) дейін өседі деп күтілуде.

• UxC деректері бойынша, 2018 жылдың тамызында әлемде жұмыс істеп тұрған ядролық реакторлардың саны 443 болды, 17 елде 56 жаңа реактордың құрылысы жүріп жатты.

• Қоғамның болжамынша, 2005 және 2012 жылдар аралығында жасалған ұзақ мерзімді келісімшарттардың басымдығы салдарынан туындаған артық ұсыныстар мен споттық бағаның ұзақ уақыт төмендегенінен кейін уран нарығында ұсыныс жағына қарай құрылымдық өзгерістер жүрып жатыр.

• Осындай келісімшарттардың айтарлықтай бөлігінің мерзімі 2020 жылдың басында аяқталатындықтан, көптеген энергиямен қамту компаниялары орташа және ұзақ мерзімді келісімшарттарды жасау арқылы өздерінің болашақтағы отын қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жақын және орташа мерзімді келешекте нарыққа қайтып келуі әбден мүмкін. UxC деректері бойынша, 2025 жылға қарай өтелмеген уран қажеттілігінің деңгейі шамамен 50%- ға дейін өседі.

ЖҰШ әдісімен өндіруге мүмкіндік беретін жоғары сапалы қорға қолжетімділік басымдығы

• UxC деректері бойынша, 2017 жылы әлемдік уран ұсынысының 40%-на ие болған Қазақстан әлемдегі ең ірі уран өндіруші ретінде басқалардан едәуір алда келеді.

• UxC деректері бойынша, ЖҰШ әдісімен өндіруге жарамды, әлемдік бағаланған және анықталған ресурстардың 65%-ы Қазақстанның үлесінде.

1 Топ EBITDA Түзетілген көрсеткішін бизнесті біріктіру нәтижесін қоспағанда, активтердің құнсыздануынан келтірілген, қалпына келтірілген залалдарды шегергендегі құнсызданудан келтірілген залалдарды қоса есептегендегі EBITDA ретінде анықтайды. EBITDA пропорционалды көрсеткіші ХҚЕС-на сәйкес алынған ақша ағындарының немесе қаржы нәтижесінің баламалы көрсеткіштері ретінде қарастырылмауы тиіс.

2 Топ EBITDA Түзетілген көрсеткішін тәуелді компаниялар мен біріккен кәсіпорындарының қаржылық нәтижесіндегі ұлесті алып тастағанда, (урандық сегменттегі) тәуелді компаниялар мен біріккен кәсіпорындарының EBITDA Түзетілген көрсеткішінің бақыланбайтын үлесін алып тастағанда, (урандық сегменттегі) тәуелді компаниялар мен біріккен кәсіпорындарының EBITDA Түзетілген көрсеткішінің үлесін қосқанда EBITDA Түзетілген көрсеткіші ретінде белгіленеді. EBITDA Түзетілген көрсеткіші ХҚЕС-на сәйкес алынған ақша ағындарының немесе қаржы нәтижесінің баламалы көрсеткіштері ретінде қарастырылмауы тиіс.

3 Қоғам таза берешекті ақшалай қаражат пен ақшалай қаражаттардың баламалары және қысқа мерзімді депозиттері шегерілген жалпы қарыз (банктік және банктік емес қарыздар және қаржылық лизинг шарттары бойынша міндеттемелер) ретінде анықтайды.

• «Қазатомөнеркәсіптің» Қазақстандағы барлық уран кен орнын игерудің басымдыққа ие құқы заңмен бекітілген, және Қоғам салыстырмалы түрде көп капитал салмай-ақ өз ресурстық базасын ұлғайта алады.

• Топтың ресурстық базасының халықаралық нарықтағы тартымдылығын Қоғамның 10 бірлескен актив арқылы халықаралық салалық жетекші ойыншылармен серіктестік қатынас орнатқаны дәлелдейді.

Өндірудің төмен өзіндік құны

• UxC деректері бойынша, Топ өндірістің ең төменгі өзіндік құнымен әлемдік уран өндірушілердің рейтингінде екінші орында тұр. Төмен өндірістік шығындар, ең алдымен, экономикалық тұрғыдан тиімді және экологияға әсері мейлінше аз ЖҰШ әдісімен өндіру технологиясын қолдануға мүмкіндік беретін кен орындардың геологиялық құрылымымен қамтамасыз етілген.

• Топтың бәсекелік артықшылықтары Канада және Австралия сияқты өзге ірі уран өндіруші елдермен салыстырғанда, Қазақстандағы өзіндік құнның төмен деңгейіне негізделген.

• UxC компаниясы ұсынған ақпаратқа негізделе отырып, Қоғам өзін орташа өзіндік құн бойынша ғаламдық уран өндірісінің бірінші ширегінде тұрақты тұр деп есептейді.

Халықаралық жоғары сапалы клиенттер базасы

• «Қазатомөнеркәсіп» соңғы 20 жылдың ішінде қалыптасқан саланың сенімді жеткізушісі беделіне ие, «бейбіт» уранның ғаламдық тұтынушыларының көбімен іскерлік қатынастар ұстанады және Азияның, Еуропаның және Солтүстік Американың жетекші компанияларын қамтитын жоғары сапалы клиенттер базасы бар.

• Қоғам атомдық энергетика саласындағы 10 ірі әлемдік компанияның 8-не өнім жеткізеді.

• «Қазатомөнеркәсіп» бүкіл әлем бойынша, соның ішінде жақында Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) сауда үйі, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарындағы өкілдік арқылы өнім сататын жаһандық платформасын қолданады.

Өндірістің дәстүрлі әдістерімен салыстырғанда, өндіріс қауіпсіздігі, еңбекті және қоршаған ортаны қорғаудың, соның ішінде ЖҰШ әдісімен өндіру технологиясының қауіпсіздігі мен экологиялық тазалығы арқасында қол жеткізілген саладағы тұрақты көрсеткіштері бар

• ISO-14001 стандартына негізделген қоршаған ортаны қорғауды басқару жүйесі, OHSAS18001 стандартына сәйкес келетін денсаулық сақтауды және қауіпсіздікті басқару жүйелері, сондай-ақ барлық деңгейдегі қызметкерлер мен басшылардың өндірістің қауіпсіздік техникасын, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау талаптарын ұстану қажеттілігі туралы құзыреттілігін үздіксіз көтеру.

Тұрақты қаржы көрсеткіштері және қалыпты ақша ағыны

• Нарықтағы көшбасшылық орнымен, өндірістің төмен өзіндік құнымен, өндіріс көлемін жедел түзету мүмкіндігіне, сондай-ақ саналы қаржы саясатына негізделген тұрақты қаржылық көрсеткіштер.

• Уран бағасының төмен жағдайында көрсетілген, дәлелденген тұрақтылық.

• Жоғары емес күрделі қаржы шығындары мен төмен борышқорлық жүктеме жағдайындағы өндірістің жоғары табыстылығы мен қалыпты ақша ағыны.

Ядролық отын циклінің әртүрлі кезеңдеріндегі қатысуды кеңейту арқылы саланың әлеуетін пайдалану үшін мықты позиция мен мүмкіндіктер

• Топ негізгі қызмет түріне – уран өндіруге бірінші кезекте назар аударғанымен, сонымен қатар 60 жылдан астам тарихы бар Үлбі металлургиялық зауытында (ҮМЗ) отын таблеткалары мен уран диоксиді ұнтағын өндіреді.

• Бұдан бөлек, Топ ядролық отын нарығындағы құрылымдық ілгерілеу нәтижесінде туындауы мүмкін өндірістік-өткізу тізбегінің өзге сегменттерінде ашылатын кез-келген мүмкіндіктерді пайдаланатын әлеуетке ие.

Бизнесті жүргізу стратегиясы

Топтың миссиясы – Топтың барлық мүдделі тараптары үшін ұзақ мерзімді құндылықты құру мақсатымен қосылған құн тізбегінің компоненттерін дамыту және тұрақты дамыту принциптеріне сәйкес уран кен орындарын өңдеу.

Осы мақсатпен Топ келесі стратегияларды қолдану арқылы уран өнеркәсібіндегі жетекші компания ретінде өзінің позицияларын нығайту және үздіксіз өсуге қол жеткізуге ұмтылады:

Қызметтің негізгі түріндегі сияқты өндіруге шоғырланушылық

• Топ басты түрде уранды өндіруге фокусталады. Қоғам өндіру, атап айтқанда ЖҰШ әдісі қазіргі уақытта капиталдың табыстылығы және өндірістік-өткізу тізбегіндегі барынша тартымды сегмент болып табылады және нарықты дамытудың іргелі факторлары сақталғанға дейін осындай болып қалады деп болжайды. Топтың, ЖҰШ әдісімен уранды өндіруді жүзеге асыру үшін жарамды Қазақстандағы уран кен орындарына рұқсаты оған ЖҰШ әдісімен уранды өндіруде табиғи бәсекелес артықшылық береді. Сол себепті Топ дореакторлық ядролық отындық циклдің тізбегінің басқа секторларында өзінің қатысу мүмкіндігін сақтай отырып уранды өндіруге әрі қарай фокусталуға ниетті, сондай-ақ сирек металдармен байланысты қызметте.

• Өз қызметін оңтайландыру мақсатында Топ, өзгенің ішінде салалық емес активтердің басым санын іске асырды – соңғы 5 жыл үшін 30 дан астам еншілес компаниялар. Топ 2019 жылға қарай салалық емес активтерді іске асыру бойынша бағдарламаны аяқтауды жоспарлауда. Бұдан басқа, топ бірлескен тау кен өндіретін кәсіпорындардағы өзінің үлесін ұлғайтты.

Нарыққа бағдарланған уран өндірісіне тәсіл

• Топ бұрын өндіріс көлемдеріне көңіл аударса, қазір нарыққа бағдар пайдасына өзінің стратегиялық тәсілін айтарлықтай өзгертті. Осындай тәсіл өндірістік және сатылымдар көлемі нарықтық шарттарға сәйкес анықталатынын болжайды.

• Топтың ЖҰШ технологиясын пайдалануы нарықта бар ұқсас кәсіпорындардың басым бөлігінен ерекшелігі уранды өндіру көлемдерін қысқарту немесе өсірудің барынша тиімді және барынша жылдам экономикалық тұрғысынан уран нарығының конъюнктурасын өзгертуге оған әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ерекше өндірістік тиімділік есебінен уран өндіретін өнеркәсіптегі ғаламдық көшбасшылықты сақтау

• Топ әлемдегі жетекші өндіруші болып табылатындығымен және болашақта осы мәртебені ауқым тұрғысынан да, операциялық тиімділік және инновация тұрғысынан да нығайтуға ұмтылатындығымен мақтанады. Топ оның ағымдық ресурстық базасы шамамен 30-35 жыл ішінде өндірудің ағымдық деңгейін қолдауға мүмкіндік беретініне қарамастан, ұзақ мерзімді келешекте өзінің кен орындарында төмен шығынды тұрақты өндіруді қамтамасыз ету үшін өзінің ресурстық базасын әзірлеуді барлауға инвестициялауды жалғастыруға ниетті.

Маркетинг мүмкіндіктерін күшейтуді және өткізу каналдарын кеңейтуді, сондай-ақ келісімшарттар портфелін оңтайландыруды жалғастыру

• Соңғы екі жыл үшін Топ сатулар және маркетинг бойынша өзінің бөлімшесіндегі бірнеше бағытты нығайтты.

• Атап айтқанда, Топ Швейцариядағы ТНК арқылы өткізудің жаңа каналын құрды, ол топқа клиенттердің америкалық коммуналдық компаниялар сияқты жаңа санаттарымен өзара әрекеттесуге мүмкіндік берді, олар уранды спот нарығында сатып алуды жөн көреді, Топтың талдау мүмкіндіктерін кеңейтті, арбитраждық операциялармен айналысуға мүмкіндік берді, сондай-ақ Топқа маңызды операциялық икемділікті талап ететін қысқа мерзімді/спот нарығына шығуға мүмкіндік берді. Бұдан басқа, топ оның негізгі нысаналы клиенттері болатын барлық аймақтарда өзінің сауда өкілдерінің физикалық қатысуын кеңейтті және өзінің өткізу желісін нығайтуды жалғастырады.

Қоршаған орта және еңбекті қорғау, өндірістік қауіпсіздік мәселелеріне жіті назарды сақтау

• Топ қоршаған орта және еңбекті қорғау, өндіріс қауіпсіздік мәселелеріндегі озық әдістерді ұстанады және болашақта осы аспект басшылардың тобы үшін бірінші дәрежелі маңыздылығын сақтайтын болады.

• Топ Қазақстандағы лайықты жұмыс беруші болуға және оның кен орындарындағы жұмыс шарттары қауіпсіз болуын және әрі қарай Қазақстандық экожүйеге зиян тигізбеуін қамтамасыз етуге ұмтылады.

• Бұдан басқа, топ нөлдік жарақаттану концепциясын ілгерілету, өндірістегі жарақаттанудың төмен деңгейі және уақытша еңбекке жарамсыздықпен (LTIFR) өндірістік жарақаттар жиілігінің төмен көрсеткішін қолдау, нөлдік жарақаттануды ілгерілеу мақсаты бар Vision Zero халықаралық бағдарламасына қосылды.

Капитадың оңтайлы құрылымы және акционерлер үшін теңестірілген табыстылық

• Топтың қызметі салыстырмалы түрде төмен капитал шығындарын және тұрақты берешек ауыртпалығын қажет ететін, өндірістің жоғары рентабельділігі мен тұрақты ақша ағымымен ерекшеленеді. Осы себепті топ акционерлер арасындағы өзінің ақшалай ағындарының маңызды бөлігін таратуға, бірақ уранға бағалардың қолайсыз өзгерулері жағдайына қарыздық жүктеменің жайлы деңгейін қолдауға ұмтылатын болады.

• Топтың дивидендтік саясаты келесі тәртіптегі пайданы бөлуді көздейді: қарыз жүктемесінің коэффициенті мәніндегі еркін ақшалай ағынның кемінде 75% (EBITDA Түзетілген көрсеткішіне топтың таза қарызының қатынасы) ≤1,0х өлшемде және кемінде 50% қарыздың жүктеме коэффициентінің мәнінде 1,0х ден 1,5х дейін. Егер таза қарыздың түзетілген EBITDA-ға қатынасы 1,5x немесе одан көп болса, жарияланған дивидендтердің мөлшері Қоғам акционерлерінің жалпы жиналысымен анықталған ақшалай қаражаттардың еркін ағымының үлесін құрайды.

Құндылықты ұлғайту мақсатымен ядролық отын циклінің өндірістік-тұрмыстық тізбегінің жаңа саласына іріктемелі шығу

• Топ ең бірінші өзін уран өндіретін компания ретінде көреді, ол өзі бар ядролық отындық циклдің өндірістік-тұрмыстық тізбегі сегменттеріне өзінің қатысуын кеңейтуге арналған мүмкіндіктердің коммерциялық тартымдылығын тұрақты бағалайды.

• Бұдан басқа, қазіргі уақытта топ CGNPC қытай компаниясымен бірге атом стансаларында қолдануға арналған жылу бөлетін құрамалар өндірісі бойынша зауыттың құрылысымен айналысуда.

• Осындай шығарудың коммерциялық тартымдылығында ядролық отын циклінің өндірістіктізбегінің жаңа сегменттеріне шығу топқа қосымша пайда алуға және өзінің клиенттеріне өнімдердің барынша ауқымды сұрыптамасын алуға мүмкіндік береді. Бұдан басқа, Топ 8 ядролық отындық цикл тізбегіндегі жоғары сапалы активтерді инвестициялау немесе іріктемелі сатып алу жолымен өзінің нарықтық позицияларын әрі қарай нығайту мүмкіндігін қарастыра алады.

Директорлар кеңесінің құрамы

«Қазатомөнеркәсіп» – мықты әрі теңдестірілген Директорлар кеңесі, оның құрамына уран саласында және жалпы атом өнеркәсібінде мінсіз іскерлік беделге ие және халықаралық жұмыс тәжірибесі мол үш тәуелсіз директор кіреді. Төменде директорлардың өмірбаяндары ұсынылған.

Джон Дудас, Директорлар кеңесінің төрағасы, тәуелсіз директор. Дудас мырза 1959 жылы дүниеге келген. Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландия азаматы. Кәсіби таукен саласының инженері, Дудас мырза 1984 жылы Витватерсранд Университетін (ОңтүстікАфрика Республикасы) бітіріп, тау-кен металлургиясы бойынша Бакалавр дипломы мен тау-кен экономикасы бойынша магистр дипломын алған. Дудас мырзаның сондай-ақ Хериот-Уотт Университетінің (Ұлыбритания) Іскер әкімшілік магистрі дәрежесі бар. Дудас мырза өзінің еңбек жолын 1984 жылы Rand Mines Ltd компаниясында бастады және Glencor Ltd, BHP Billiton сиықты компанияларда басшылық қызметтер атқарды, нақты айтқанда BHP Billiton Алюминий бөлімшесінің Бас директоры болды. 2012 жылдан бері әртүрлі трансұлттық тау-кен және сервистік компанияларда Корпоративтік кеңесші болып істейді. 2015 жылдан бері «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің тәуелсіз мүшесі, 2018 жылдың тамызында Директорлар кеңесінің Төрағасы болып сайланды.

Нил Лонгфэллоу, тәуелсіз директор. Лонгфэллоу мырза 1958 жылы туылған, Ұлыбритания Біріккен Корольдігі мен Солтүстік Ирландияның азаматы. Лонгфэллоу мырза инженер-электрик және Өлшеу және бақылау институтының мүшесі болып табылады. Ол еңбек жолын Ұлыбританияда электротехника саласында бастаған. 1991 жылы British Nuclear Fuels Limited компаниясына қосылып, Батыс Камбриядағы Sellafield ядролық отынды қайта өңдеу зауытында жетекшілік етіп, 2007 жылы басқарушы директор орынбасары болып тағайындалды. 2009 жылы Нил Лонгфэллоу Westinghouse Electric компаниясына қосылып, Springfields Fuels Limited басқарушы директоры және Еуропалық отын бизнесінің вице-президенті ретінде лауазымдар атқарды. 2013 жылы Лонгфэллоу мырза Costain PLC компаниясының Ұлыбританияда ядролық, мұнай-газ секторындағы ірі жобаларды іске асыратын директоры болып қызмет атқарды. 2015 жылдан бастап Лонгфэллоу халықаралық ядролық секторда тәуелсіз кеңесші қызметін көрсетеді.

Расселл Бэнхам, тәуелсіз директор. Расселл Бэнхам 1954 жылы дүниеге келген Австралия азаматы. Жаңа Оңтүстік Уэльс Университетінің коммерция бойынша Бакалавр дәрежесіне ие. Ол Австралия мен Жаңа Зеландияның Дипломды бухгалтерлер институтының мүшесі және Австралия директорлар институтының түлегі. Еңбек жолын 1974 жылы Австралияның Andersen компаниясында аудитор ретінде бастады, ол жерде 2002 жылға дейін жұмыс істеп, Аудиторлық серіктес дәрежесіне дейін жетті. 2002 — 2007 жылдары Австралияның Брисбен қаласындағы Ernst and Young компаниясында кеңісші қызмет бөлімінің бастығы. 2007 жылы Бэнхам мырза «Делойт СНГ» аудит бөлімінің басшысы және Қазақстанның Алматы қаласындағы «Делойт СНГ» атқарушы комитетінің мүшесі болып тағайындалды. 2011 — 2014 жылдары аралығында Рессейдің Мәскеу қаласындағы «Делойт» компаниясының «Энергетика және ресурстар» бөлімінің меңгерушісі болды. 2014 жылдан бастап халықаралық деңгейдегі әртүрлі компаниялардағы тәуелсіз директор.

Алик Айдарбаев, Директорлар кеңесінің мүшесі. Алик Айдарбаев 1963 жылы туылған, Қазақстан Республикасының азаматы. Айдарбаев мырза техника ғылымдарының кандидаты, Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетінің құрметті профессоры. Мәскеудегі РФ Үкіметі жанындағы Халық шаруашылығы академиясының Іскер әкімшілік магистрі дәрежесіне ие. Әртүрлі жылдары «Оңтүстікқазмұнайгаз» МАҚ, «Құмкөл-ЛУКОЙЛ» (кейін компанияның атауы «Торғай Петролеум» ЖАҚ деп өзгертілді), «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ, 9 «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқарушы қызметтер атқарды. 2011 мен 2013 жылдар аралығында – «ҚазМұнайГаз» Барлау Өндіру» АҚ бас директоры, 2013-2017 жылдары Маңғыстау облысының әкімі болды. 2017 – 2018 жылдары Қазақстан Республикасының инвестициялар және даму жөніндегі бірінші вице-министрі қызметін атқарған. 2018 жылдан Айдарбаев мырза «СамұрықҚазына» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.

Қарымсақов Бейбіт, Директорлар кеңесінің мүшесі. Бейбіт Қарымсақов 1962 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы. Қарымсақов мырза Алматы халық шаруашылығы институтын «Экономикалық ақпаратты механикаландырылған өңдеуді ұйымдастыру» мамандығы бойынша бітірген. М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік Университетінде «Заңгер» мамандығы бойынша білім алды. Әртүрлі жылдары Бейбіт Қарымсақов «Тянь-Шань» кооперативінде есепші, сондай-ақ Кордай аудандық қаржы бөлімінің бастығы ретінде жұмыс істеді. 2003-2015 жылдары Алматы қаласының салық органдарында басшылық лауазымдарда жұмыс атқарды. 2015 жылдың тамызында «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарушы директоры болып тағайындалды. Қазіргі күні Бейбіт Қарымсақов «СамұрыкҚазына» АҚ экономика және қаржы бойынша басқарушы директоры болып табылады. 2018 жылдың сәуір айында «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болып тағайындалды.

Қанат Құдайберген, Директорлар кеңесінің мүшесі. Қанат Құдайберген 1979 жылы туылған, Қазақстан Республикасының азаматы. «Халықаралық басқару» бойынша Geneva Business School, және «Тау-кен ісі менеджменті» бойынша Мәскеу болат және қорытпалар институтын ҰЗТУ бітіріп, Іскер әкімшілік магистрі дәрежелі дипломдар алған. Еңбек жолын Қанат Құдайберген 2001 жылы Жетісу көлік прокуратурасында прокурордың аға көмекшісі қызметінен бастады. 2007 ден 2016 жылға дейін «Сауда-көлік компаниясы» ЖШС әртүрлі қызметтер атқарды, атап айтқанда — Заң басқармасының жетекші маманы, бас менеджер – Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының бастығы, бас директордың орынбасары, бас директордың бірінші орынбасары және бас директор қызметтері. 2016-2018 жылдар аралығында «Қаратау» ЖШС бас директоры болды. 2018 жылдан бастап «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ «Уран өңдеу» дивизионының басқарушы директоры, сондай-ақ «Тау-Кен Самұрық» ҰТК» АҚ Басқарма Төрағасы қызметін атқарады.

Пірматов Ғалымжан, Басқарма төрағасы. Ғалымжан Пірматов 1972 жылы дүниеге келген, Қазақстан Республикасының азаматы. Ол Новосибирск мемлекеттік университетінің, Қазақстан экономика және болжау менеджменті институтының, Atkinson Graduate School of Management, Willamette University және INSEAD түлегі. «Алтын-Тас» БК қаржы жөніндегі директоры, AIG Silk Road Capital Management компаниясының инвестициялар жөніндегі директоры қызметтерін атқарған. 2005-2007 жылдары Ғалымжан Пірматов «Ұлттық Банк» АҚ Инвестициялық банкинг департаментінің директоры болған. 2007-2009 жылдары Қазақстан Республикасының экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі. 2009-2011 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі вице-президенті, және 2011-2015 жылдары Cameco Kazakhstan компаниясының президенті қызметтерін атқарды. 2015-2017 жылдары Ұлттық Банкі төрағасының орынбасары болған. 2017 жылдың тамыз айынан «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма төрағасы қызметін атқарып келеді.

— Соңы —

Қосымша ақпарат үшін байланыс:

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Қоғаммен байланыс департаменті

Тел.: +7 7172 45 80 63

Email: [email protected]

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Инвесторлармен жұмыс басқармасы Тел.: +7 7172 45 81 80

Email: [email protected]

Powerscourt Giles Read, Peter Ogden

Тел. : +44 20 7250 1446

Email: [email protected]

Аталмыш хабарландырудың көшірмесі www.kazatomprom.kz сайтында жарияланады

«Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ туралы

«Қазатомөнеркәсіп» әлемдегі ең ірі уран өндіруші компания. 2017 жылы Топтың табиғи уран өндірісі әлемдегі жиынтық уран өндірісінің шамамен 20% құрады. Топ уран қоры 300 мың тоннаға жуық саладағы ең ірі резервтік базаға ие. «Қазатомөнеркәсіп» еншілес, тәуелді және бірлескен кәсіпорындарымен бірге Қазақстан Республикасы аумағындағы 26 учаскені игеретін 13 уран өндіруші кәсіпорынның басын біріктіреді. Топ игеретін барлық кен орындары ЖҰШ тәсілімен уран өндіруге жарамды. Экономикалық тиімді және экологиялық тұрғыдан барынша зиянсыз ЖҰШ технологиясы өндіруші активтердің ұзақ мерзімді пайдаланумен үйлесімде, Топқа уран өндірісінің анағұрлым төмен құнымен жетекші әлемдік өндірушілердің қатарында қалуға мүмкіндік береді. Қазақстан Республикасының ұлттық атом компаниясы ретінде «Қазатомөнеркәсіп» уран өнеркәсібінің дүниежүзілік көшбасшыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатқан. Топ өнімінің негізгі тұтынушылары атом энергиясын өндіретін компаниялар. Топ өз өнімін Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азия, Солтүстік Америка және Еуропа нарығына экспорттайды. Топ уран және уран өнімін жеткізуді ұзақ және қысқа мерзімді келісімшарттар аясында, сондай-ақ спот нарығында тікелей бас кеңсе арқылы немесе Швейцарияда құрылған Trading House KazakAtom (THK) еншілес кәсіпорны арқылы жүзеге асырады. Топтың шоғырландырылған түсімі 2017 жылы 336,5 млрд теңгені, табыс 139,2 млрд теңгені құрады, 2018 жылдың бірінші жартыжылдығында түсім 145,0 млрд теңгені, пайда 115,0 млрд теңгені құрады.

Қосымша ақпарат компания сайтында – http://www.kazatomprom.kz

МАҢЫЗДЫ ЕСКЕРТУ

Осы хабарландыруда қамтылған ақпарат тек анықтама үшін берілген және толық немесе жанжақты болуына міндетті болып табылмайды, инвестициялық қызметке қатысуға қандай да бір шақырудың немесе ниеттің бөлігі болып табылмайды, сондай-ақ қандай да бір елде, соның ішінде Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға ұсыным немесе шақыру, сол сияқты қандай да бір бағалы қағаздарды сатып алуға, иемденуге немесе сатуға қатысты ұсыныс болып табылмайды. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландыруда қамтылған ақпаратқа, оның дәлдігіне, нақтылығына және толықтығына сенім артуға болмайды. Осы хабарландырудың мәтіні заңдық, қаржылық немесе салықтық кеңес болып табылмайды.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында, Австралияда, Канадада, Жапонияда, Оңтүстік Африка Республикасында, сондай-ақ осындай тарату немесе жариялау заңға қайшы болатын қандай да бір өзге хұкіметтерде тікелей немесе жанама жариялауға немесе таратуға арналмаған. Осы хабарландыруды тарату белгілі-бір хұкіметтерде заңмен тыйым салынуы мүмкін және қарауына осы хабарландыруда аталған қандай да бір құжаттар немесе өзге ақпарат тапсырылған тұлғалар осындай тыйым салулармен танысуы тиіс және оларды сақтауы тиіс. Осы тыйым салуларды сақтамау кез-келген осындай хұкіметте бағалы қағаздар туралы заңнаманы бұзу болып саналады.

Осы хабарландыру Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды сату жөніндегі ұсыным болып табылмайды. 1933 жылғы «Бағалы қағаздар туралы» АҚШ Заңына сәйкес («Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңы»), бағалы қағаздар, егер олар тіркелмеген немесе АҚШ-та тіркеуден босатылған болса, Америка Құрама Штаттарында ұсыныла немесе сатыла алмайды. «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Америка Құрама Штаттарында қандай да бір әлеуетті ұсынымның қандай да бір бөлігін тіркемеген және тіркеуге ниеттенбейді, сондай-ақ Америка Құрама Штаттарында қандай да бір бағалы қағаздарды көпшілікке таратуды жүзеге асыруға ниеттенбейді.

Осы хабарландыру тек Ұлыбританиядан тыс жерде орналасқан (I) тұлғаларға немесе 2000 жылғы Қаржы қызметтер және қаржы нарықтары туралы заңның (Қаржылық жәрдем) 19(5)-бабында және 2005 жылғы Бұйрықта («Бұйрық») қарастырылған инвестициялар саласындағы (II) мамандар және жоғары таза активтер құнына ие (III) заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ осы хабарландыру Бұйрықтың 49(2)-Бабына сәйкес заңды негіздерде жеткізілуі мүмкін өзге тұлғалар үшін (барлық көрсетілген тұлғалар бұдан әрі «тиісті тұлғалар» деп аталады) ғана арналған және таралады. Осы хабарландыруға қатысы бар кез-келген инвестицияларға немесе инвестициялық қызметке тек тиісті ғана тұлғалар қатыса алады. Тиісті тұлғаларға жатпайтын тұлғалар, осы хабарландыруды басшылыққа ала отырып, әрекет етпеуі керек немесе осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына сүйенбеуі керек.

Егер осы хабарландыру ЕО 2003/71/ЕС Директивасын ( «Эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасы» деп аталатын, БЭК мүше-мемлекетте қолданылатын кез-келген жүзеге асыру шаралалармен бірге енгізілген өзгерістерге сәйкес) енгізген кез-келген БЭК мүше-мемлекетте бағалы қағаздарды көпшілікке тарату ретінде бағаланса, онда осы ұсыным осындай БЭК мүше-мемлекеттің білікті инвесторларына (эмиссия аңдатпасы туралы ЕО Директивасының 2(1)(е)-бабында анықталған мағынада) ғана арналған.

Осы құжатта қамтылған ақпарат қандай да бір қазақстандық жеке немесе заңды тұлғаның пайдасына, Қазақстан Республикасының заңнамасына және осындай жеке және заңды тұлғалардың осындай рөліне қолданылатын басқа елдердің заңнамасына сәйкес осындай әрекеттерді жүзеге асыруға құқылы тұлғалардың басқасында, Қазақстанда оферта жасауға, бағалы қағаздарды сатуға, сатып алуға, айырбастауға немесе өзгеше жолмен табыстауға ұсыным немесе шақыру болып табылмайды. Осы хабарландыру осындай жарнама Қазақстан Республикасы заңнамасының барлық талаптарына жауап беретін жағдайлардың басқасында, Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау мақсатына арналған жарнама (яғни, кез-келген үлгіде таралатын және орналастырылатын, шектелмеген тұлғалар тобына арналған және «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-на және оның тауарларына, сауда таңбаларына, жұмыстарына, қызметтеріне және/немесе бағалы қағаздарына қызығушылықты қалыптастыруға немесе қолдауға және олардың сатылымын ынталандыруға бағытталған ақпарат) ретінде түсінілмеуі керек. Осы құжат «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның бағалы қағаздары бойынша болашақ дивидендтерге қатысты ешбір айқын білдірілген немесе қандай да бір жолмен ұйғарынды кепілдіктерді және/немесе олардың нарықтық құнын ұлғайту кепілдіктерін бермейді.

Credit Suisse Securities (Europe) Limited, J.P. Morgan Securities plc, China International Capital Corporation Hong Kong Securities Limited, Halyk Finance және Mizuho International plc. (бірге — 12 «Банктер»), не олардың тиісті филиалдары, не олардың тиісті директорлары, лауазымды тұлғалары немесе қызметкерлері, кеңесшілері, агенттері немесе кез келген тұлғалар осы хабарландыруда бар (немесе осы хабарламадағы қандай да бір ақпаратты өткізіп алу мүмкіндігі) немесе ұсынылған ақпараттың толықтығы немесе әділдігі, дәлдігіне қатысты тікелей немесе жанама кепілдіктер немесе қандай да бір өтініштерді ұсынумен немесе ұстаумен байланысты немесе міндеттемелер немесе осы хабарландыруда бар немесе ұсынылған ақпараттың толықтығы немесе әділдігі, дәлдігіне қатысты тікелей немесе жанама кепілдіктер немесе қандай да бір өтініштерді ұсынумен байланысты міндеттемелер үшін немесе осындай ақпаратты ұсыну нысанына қарамастан олармен байланысты компаниялар немесе оның еншілес компаниялары, Топқа қатысты кез келген (жазбаша, ауызша немесе визуалды немесе электронды нысандағы) басқа ақпарат үшін, сондай-ақ осы хабарландыруды немесе оның мазмұнын пайдалану нәтижесінде туындайтын немесе онымен байланысты өзге түрде туындайтын кез келген ықтимал зияндар үшін жауапкершілікті өзіне алмайды. Сәйкесінше, Банктердің әрқайсысы және олардың тиісті аффилирленген тұлғалары, олардың тиісті директорлары немесе олардың атынан әрекет ететін кез келген басқа тұлға осы хабарландыруға немесе оның мазмұнына немесе өзге түрде туындайтын жауапкершілік немесе деликтілік немесе шарттық жауапкершілікке қатысты болса да, жалпы немесе оның бқлігіне осы хабарландыру негізінде немесе нәтижесінде туындайтын кез келген зияндар үшін кез келген жауапкершіліктен толық дәрежеде тікелей бас тартады.

Credit Suisse Securities (Europe) Limited және J.P. Morgan Securities plc Ұлыбританияның Прудденциялдық реттеу жөніндегі басқармасымен («PRA») уәкілетті және Ұлыбританияның және PRA қаржылық реттеу және қадағалау жөніндегі басқармасымен реттеледі. Банктердің әрқайсысы тек Қоғам мүдделерінде ғана әрекет етеді және осы хабарландыруда айтылған сұрақтармен байланысты басқа ешкімнің мүддесінде әрекет етпейді және осы хабарландыруда айтылған сұрақтарға қатысты өзінің тиісті клиенттері ретінде қандай да бір басқа тұлғаны қарастырмайды және осы хабарландыруда айтылған басқа сұрақ немесе келісу, қандай да бір мәміле немесе осы хабарландырудың мазмұнымен, осы хабарландыруда көрсетілген сұрақтармен байланысты кеңестерді ұсыну үшін Қоғамнан басқа ешкімнің алдында жауапты емес.

Ұсыныммен байланысты, Credit Suisse Securities (Europe) Limited («Тұрақтандыру бойынша менеджер») немесе оның агенттері қолданылатын заңнамамен рұқсат етілетін шекте (бірақ міндетті емес) ҒДҚ қосымша орналастыра алады немесе ашық нарықта басқаша жағдайда қалыптасуы мүмкін болған деңгейде ҒДҚ нарықтық бағасын қолдау мақсатымен басқа мәмілелерді жасай алады. Тұрақтандыру бойынша менеджер осындай мәмілелерді жасауға міндетті емес және осындай мәмілелер кез келген фондтық нарықта, биржадан тыс нарықта, фондтық биржада немесе өзге түрде осыдан кейін 30 күннен кешіктірмей аяқталатын және Лондондық фондық биржадағы ҒДҚ шартты мәмілелері басталған сәттен басталатын кезең ішінде кез келген уақытта жүзеге асырыла алады. Алайда, Тұрақтандыру бойынша менеджер, оның агенттерінің кез келгені тұрақтандыру мәмілелерін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді кепілдендірмейді және тұрақтандырушы мәмілелерді жүзеге асыру кепілдендірілмейді. Бұндай тұрақтандыру шаралары оларды жүзеге асырған жағдайда алдын ала хабарлаусыз кез келген сәтте тоқтатылуы мүмкін. Ешбір жағдайда бағадан жоғары ҒДҚ нарықтық бағасын анықтау үшін шаралар қабылданбайды. Заңнамада көзделген жағдайлардан басқа кезде тұрақтандыру бойынша менеджер де, оның қандай да бір агенттері де Ұсынымға қатысты жасалған тұрақтандыру мәмілелері және/немесе жүзеге асырылған қосымша орналастыру көлемін ашуға ниетті емес.

Ұсыным шеңберінде тұрақтандыру мақсаттары үшін тұрақтандыру бойынша менеджер ұсынымға қосылған ҒДҚ жалпы санынан 15 пайыздан аспайтын өлшемде ҒДҚ қосымша орналастыра алады. Тұрақтандыру кезеңі ішінде жүзеге асырылған ҒДҚ сатулары және/немесе осындай қосымша орналастыру нәтижесінде туындайтын қысқа позицияларды жабу үшін кейбір бар акционерлер Банктердің атынан опционды тұрақтандыру бойынша менеджерді ұсынады, оған сәйкес тұрақтандыру бойынша менеджер баға бойынша Ұсынымға қосылған («қосымша орналастыру үшін ҒДҚ») ҒДҚ жалпы санынан 15 пайыздан аспайтын өлшемде қосымша ҒДҚ үшін сатып алушыларды сатып ала алады немесе таба алады. Қосымша орналастыру туралы келісімдер Лондон қор биржасында ҒДҚ-пен шартты мәмілелер басталғаннан кейін 30 күнтізбелік күнде 13 немесе 30 күнтізбелік күн орын алғанға дейін кез келген уақытта тұрақтандыру бойынша менеджердің хабарламасы бойынша толығымен немесе ішінара орындала алады. Қосымша орналастыру туралы келісімдерге сәйкес ұсынылған кез келген қосымша орналастырылған ҒДҚ барлық тұрғыда ҒДҚ тең болады, соның ішінде ҒДҚ бойынша төленген немесе жасалған өзге таратулар және барлық жарияланған дивидендтерге қатысты Ұсыным аясында шығарылған немесе сатылған ҒДҚ сияқты шарттарда сатып алынатын болады және кез келген мақсатта барлық қалған ҒДҚ-мен бір класты ҒДҚ болып табылады.

Осы хабарланудағы кейбір мәлімдемелер тарихи фактілер болып табылмайды, олар Бағалы қағаздар туралы АҚШ Заңының 27 А тарауында және 1934 жылғы Бағалы қағаздардың саудасы туралы АҚШ Заңының 21Е тарауында анықталған мағынада «болжамды» болып келеді. Болжамды мәлімдемелер біздің жоспарларымызға, күтулерімізге, болжамдарымызға, мақсаттарымызға, міндеттерімізге, стратегияларымызға, болашақ оқиғаларға, болашақ табыстарымызға немесе болашақ қызмет нәтижелеріне, күрделі қаржы шығындарына, қаржыландырудағы қажеттіліктерге, сатып алуларға байланысты жоспарларға немесе ниеттерге, біздің бәсекелік артықшылықтарымызға және кемшіліктерімізге, даму жобаларына байланысты жоспарларға немесе мақсаттарға, қаржы жағдайына және болашақ операциялық қызметке және дамуға, біздің бизнесстратегиямызға және біз жұмыс істейтін салалар мен саяси-құқықтық ортада өзіміз күтетін үрдістертерге қатысты мәлімдемелерді, сондай-ақ тарихи емес өзге ақпаратты қамтиды. Сипаты жағынан болжамды мәлімдемелер жалпы сипаттағы, сол сияқты өзіндік сипаттағы тәуекелдер мен белгісіздіктерді білдіреді және, сәйкесінше, күтілулер, болжамдар, жобалар және өзге болжамды мәлімдемелер жүзеге асырылмауы мүмкін деген тәуекелдер бар. Осы тәуекелдер мен белгісіздіктердің бар болуына байланысты осындай болжамды мәлімдемелерге тым сенуге болмайды. Біз осы құжаттағы қандай да бір болжамды мәлімдемелерді жаңартуға ниеттенбейміз және ол бойынша ешқандай міндеттемені өз мойнымызға алмаймыз.

Сонымен қоса, осы хабарландыру Топ жұмыс істейтін сала туралы және жалпы оның нарық және бизнес сараланымдары туралы ақпаратты қамтиды; осы ақпарат болжамды сипатқа ие және саланың, сондай-ақ Топтың нарықтық және бизнес сараланымдарының даму жолдарына қатысты әртүрлі тұжырымдарға негізделген. Осы тұжырымдар қазіргі уақытта Компанияға белгілі ақпаратқа негізделген. Егер осы тұжырымдардың бірі немесе бірнешеуі теріс болып шықса, нақты нарықтық нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекшеленуі мүмкін. Компания бұл Топтың бизнесіне қалай әсер ететінін білмеуіне қарамастан, егер нақты нәтижелер болжамды нәтижелерден ерекше болса, ол Топ қызметінің болашақ нәтижелеріне және оның қаржы жағдайына елеулі әсер етуі мүмкін.

Осы тіркеу құжаты бағалы қағаздарға жеке ескертумен және түйіндемемен бірге үйлестікте Бағалы қағаздардың эмиссия аңдатпаларын шығару ережелеріне сәйкес бағалы қағаздар аңдатпасының бөлігі болуы мүмкін. Бағалы қағаздардың эмиссия аңдатпасы шығарушы өзінің бағалы қағаздарын көпшілікке ұсынғанға дейін немесе бағалы қағаздарды реттелетін нарықта саудасаттыққа рұқсат етуге өтініш бергенге дейін шығарылуы тиіс. Алайда, егер осы хабарландыруда аталып өткен Тіркеу құжаты бағалы қағаздардың эмиссия аңдатпасының бөлігі болып табылатын бағалы қағаздарға ескертумен және түйіндемемен қоса берілмесе, онда ол сатуға немесе шығаруға ұсыным немесе шақыру болып табылмайды, сол сияқты оферта жасауға шақыру немесе Компанияның бағалы қағаздарын қандай да бір хұкіметте сатуға немесе оларға жазылуға шақыру болып табылмайды; сонымен бірге, Тіркеу құжатының өзі (оның қандай да бір бөлігі) де, оны тарату фактісі де қандай да бір ұсынымға немесе басқаға қатысты қандай да бір келісімшартқа немесе міндеттемеге септік немесе негіз болып келмейді; қандай да бір ұсынымға немесе басқаға қатысты қандай да бір келісімшартқа немесе міндеттемеге байланысты Тіркеу құжатына және оны тарату фактісіне сүйенбеу керек. Бағалы қағаздарға кез-келген жазылу немесе әлеуетті Ұсыным шеңберінде Бағалы қағаздарды сатып алу Қоғам Ұсынымға байланысты шығаруы мүмкін Эмиссия аңдатпасындағы ақпараттың негізінде ғана жүзеге асырылуы тиіс. Осы хабарлануда қамтылған ақпарат өзгеріске ұшырауы мүмкін. Қандай да бір бағалы қағаздарға жазылудан немесе оларды сатып алудан бұрын, осы хабарландырумен танысып жатқан 14 тұлғалар, Эмиссия аңдатпасы жарияланған жағдайда, онда қарастырылған тәуекелдерді толық түсініп, қабылдайтынына көз жеткізуі тиіс. Қандай да бір мақсатта, осы хабарландырудағы ақпаратқа, оның дәлдігіне немесе толықтығына сенім артуға болмайды.

Осы хабарландыру да, осында аталып өткен Тіркеу құжатында қамтылған ақпарат та негіз болып табылмайды және сатуға немесе шығаруға ұсынымдар немесе шақырулар болып саналмайды, сондай-ақ қандай да бір Бағалы қағаздарды немесе кез-келген өзге бағалы қағаздарды сатып алуға немесе оларға жазылуға септік болып келмейді; осы хабарландырудың өзі (оның қандай да бір бөліктері де) немесе оны тарату фактісі қандай да бір келісімшартқа негіз болып табылмайды, және қандай да бір келісімшарт жасасқан жағдайда оларға сүйенуге болмайды.

Компания IPO өткізбеу туралы шешім қабылдауы мүмкін, және сондықтан Эмиссия аңдатпасы жарияланатынына, IPO өткізілетініне немесе Рұқсат алынатынына кепілдік берілмейді. Қаржы шешімдерін қабылдауда осы хабарландыруға негізделмеген дұрыс. Осы хабарландыруда қарастырылған инвестицияларды алу инвесторды барлық инвестицияланған соманы жоғалтудың елеулі тәуекеліне ұшыратуы мүмкін.

Инвестицияларды жүзеге асыру мүмкіндігін қарастыратын тұлғалар осындай инвестициялар мәселесі бойынша кеңес беруге маманданған уәкілетті тұлғалармен ақылдасуы тиіс. Осы хабарландыру да, онда аталып өткен Тіркеу құжаты да ықтимал ұсынымға қатысты ұсыныс болып табылмайды. Акциялардың құны төмендеуі де, өсуі де мүмкін. Әлеуетті инвесторлар ықтимал ұсыным мүдделі тұлғаның қажеттіліктеріне қаншалықты сай келетініне қатысты кеңес берушіден кәсіби кеңес алуы керек.