«Ситибанк Қазақстан» АҚ Astana International Exchange (AIX CSD). AIX Орталық депозитарийіне кастодиандық қызмет көрсетуді бастады. Банк AIX-те сатылатын шетелдік бағалы қағаздарды сақтауды және ілеспе есеп айырысуларды жүргізуді қамтамасыз етеді.
AIX басқарма төрағасы Тимоти Беннетт былай деп мәлімдеді:
«Біз Citi серіктес ретінде бизнесіміздің өсуіне жәрдемдесетініне өте қуаныштымыз. Кастодиандық қызметтер пост-трейдингтік қызметтерді кеңейтуге және жаңа қаржы өнімдерін енгізуге ықпал ететін болады».
Андрей Курилин, «Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма төрағасы:
«Сitigroup кастодиандық қызметтердің әлемдік нарығында бұрыннан танымал және АХҚО табысын арттыруға қуана қатысады. Біздің озық цифрлық платформамыз инвесторларға тиімділікті арттыруға және операциялық тәуекелдерді азайтуға көмектеседі деп сенемін».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын осылайша қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайлар беру есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты-халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
Астана халықаралық қаржы орталығының AIX биржасының орталық депозитарийі (AIX CSD) AIX (AIX CSD) жанындағы бағалы қағаздардың орталық депозитарийі – бұл АХҚО қолданыстағы заңнамасына сәйкес тіркелген, қолма-қол ақшамен күнделікті операциялар, бағалы қағаздар бойынша есеп айырысулар және депозитарлық қызмет үшін жауап беретін жеке компания. AIX CSD қаржылық қызметтерді реттеу жөніндегі АХҚО комитеті (AFSA) берген коммерциялық лицензиясы бар. AFSA сондай-ақ AIX жанында бағалы қағаздардың орталық депозитарийінің реттеушісі ретінде әрекет етеді. AIX CSD AIX айрықша меншігі болып табылады.
«Ситибанк Қазақстан» АҚ – ел банктерінің клиенттік операцияларының көлемі бойынша ең ірілерінің бірі. Citigroup банкімен үлестес бола отырып, Қазақстан экономикасына ондаған миллиард АҚШ доллары мөлшерінде қаржыландыруды тартуға ықпал етті. www.citigroup.com
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]