Astana International Exchange («AIX», «Биржа») «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ купон мөлшерлемесі 2,0%, жалпы көлемі 500 млн АҚШ долларын құрайтын бесжылдық еурооблигацияларды АІХ-те, Қазақстан қор биржасында және Лондон қор биржасында дебюттік орналастыруды жүзеге асырғанын қуана хабарлайды. 57 млн АҚШ доллары АІХ арқылы тартылды.
Сұраныстың ұсыныстан елеулі түрде асуы мәміле бойынша диапазонды +/- 5 базистік пунктпен 2,5%-дан 2,3%-ға дейін төмендетуге және мәрелік кірістілікті 2,25% мөлшерінде бекітіп, суверендік еурооблигацияларға рекордты түрде төмен спрэд белгілеуге мүмкіндік берді.
«First Heartland Securities» АӨ мен «Фридом Финанс» АҚ Қазақстандағы лид-менеджерлер болып тағайындалды. Халықаралық ұйымдастырушылар — Citi, MUFG, UBS және VTB Capital.
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы 2020 жылғы 2 шілдеде өткен АХҚО Басқару жөніндегі кеңесінің отырысында мақұлданды. Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді».https://aifc.kz/