«Ренессанс Капитал» мен Astana International Exchange «Kazakhstan in Focus Day» іс-шарасын өткізді

25 октября 2019

Халықаралық инвестициялық қоғамдастыққа жетекші компаниялар мен өңірдің макро болжамы таныстырылды

Astana International Exchange (AIX) пен дамушы және шекаралық нарықтардағы жетекші инвестициялық компания «Ренессанс Капитал» 2019 жылдың 24 қазанында Лондонда «Kazakhstan in Focus Day» іс-шарасын өткізді.

Мамандандырылған өңірлік іс-шараға келесі салалардағы қазақстандық компаниялар: авиация (Air Astana), қаржы (Халық банк), мұнай-газ саласы (ҚазМұнайГаз, Nostrum Oil & Gas), бөлшек сауда (Magnum Cash & Carry), телекоммуникация («Қазақтелеком», «Кселл»), көлік («Қазақстан темір жолы») және тау-кен өндірісі («KAZ Minerals»), сондай-ақ «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры мен Қазақстанға инвестициялар салатын немесе салуды қарастырып жатқан 30-дан астам ірі халықаралық инвестор қатысты.

Корпорациялар мен инвесторлар арасындағы 100-ге жуық жеке кездесулерден басқа, екі панельдік пікірталас өткізілді, онда баяндамашылар макроэкономикалық болжамдар мен Қазақстан экономикасына инвестиция салудың басым секторларын талқылады. Пікірталастарға мемлекеттік органдардың және жетекші қазақстандық компаниялардың жоғары деңгейдегі өкілдері қатысты.

AIX Басқарма төрағасы Тим Беннетт: «Біздің Лондонда өткізілген инвесторлардың бірінші конференциясы Қазақстанға инвестиция салуға жоғары қызығушылық бар екенін көрсетті. Қазіргі және әлеуетті эмитенттердің пікірлері де жақсы болды: олар Қазақстан мен тұтас өңірдің ұсынатын кең мүмкіндіктердің аясында өз бизнестерінің мәні туралы айтуға мүмкіндік берген форумның бірегейлігін бағалады. Бұл іс-шара Қазақстандағы капитал нарығын қайта іске қосуға бағытталған соңғы екі жылдағы біздің күш-жігерімізді қолдайды деп санаймыз» – деп түсіндіріп өтті.

«Ренессанс Капитал» Басқармасының тең төрағасы Руслан Бабаев былай деді: «Қазақстан макроэкономикалық даму тұрғысынан, әсіресе 2019 жылдың 8 айында ІЖӨ өсімін өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 4,0%-ға асып түсіп нарықты таңқалдыруымен біздің назарымызды аударады. Экономиканың өсуі биліктің біртіндеп ауысуымен бірге салықтық ынталандыру және тұтынушылық пен іскери сенімді қалпына келтіруімен нығайтылған тұтынушылық пен инвестициялармен ынталандырылады. Біз 2020 жыл қазақстандық компаниялардың ІРО және SPO-ны жаңарту жылы болады деп үміттенеміз, бұл инвесторлар үшін жаңа мүмкіндіктер ашады».

«Ренессанс Капитал» өңірде бірқатар маңызды мәмілелерді жүзеге асыра отырып, Қазақстанда өзін жақсы таныта білді. Соңғы жүзеге асырған мәмілелерінің ішінде: 128 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі «Қазатомөнеркәсіп» акцияларының өтінімдер кітабын жедел қалыптастыру арқылы орналастыру және 344 млн. АҚШ доллары мөлшеріндегі «Халық Банкінің» SPO-сын өткізу болды. Капитал нарығындағы мәмілелерден және қазақстандық компаниялардың бірігу мен қосып алу мәмілелерінен басқа «Ренессанс Капитал» инвесторларға Қазақстанның макроэкономикалық жағдайы туралы үнемі ақпарат беріп отырады және роуд-шоулар мен капитал нарықтарының күндерін қоса алғанда инвесторлар үшін арнайы іс-шаралар ұйымдастырады.

2019 жылғы шілдеде «Ренессанс Капитал» АІХ-тің сауда мүшесі болды. 2019 жылғы қыркүйектегі жағдай бойынша компания брокерлер арасында нарықтағы үлесі 15,5%-бен 2-орын алады. АІХ-ке мүшелік «Ренессанс Капиталға» өз клиенттеріне бағалы қағаздардың егеменді және корпоративтік орналастыруларына биржалық қолжетімдік беруге мүмкіндік жасайды.

БАҚ үшін байланыс:

Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]
Дарья Хиленкова
Renaissance Capital
Ұялы тел.: +7 (916) 805-4926
Email: [email protected]

AIX «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында 2017 жылы құрылды. АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және АІХ-ке сауда платформасын ұсынатын NASDAQ та АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді шарттарды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті және пайдалы шарттарды беру есебінен Қазақстан мен өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. АІХ тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының аясындағы инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылды. АХҚО-ны құру туралы Конституциялық Заңға 2015 жылдың 7 желтоқсанында қол қойылды. АХҚО халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыруды мақсат тұтады. АХҚО міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға ықпалдасу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

«Ренессанс Капитал» ИК ОНЭКСИМ Тобына жатады. 2019 жылғы 25 қыркүйекте «Ренессанс Капитал» ИК 2019 жылғы 30 маусымда аяқталған жартыжылдық үшін ҚЕХС бойынша қызметінің қаржылық нәтижелерін жариялады. Есептік кезеңде компанияның таза пайдасы 8,8 млн АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылғы деңгейге жақын. Операциялық табыс та өткен жылғы деңгейде қалды және 78,5 млн АҚШ долларын құрады. The Banker журналының жылсайынғы сыйлығы «Ренессанс Капиталды» 2018 жылғы дамушы нарықтардағы ең инновациялық инвестициялық банк және 2019 жылғы Орталық және Шығыс Еуропаның ең инновациялық инвестициялық банкі деп атады. «Ренессанс Капитал» Extel 2019 зерттеулерінде мықты нәтижелер көрсетті: компания «Шекаралық нарықтардағы үздік брокерлік үй» санатында екінші орынды сақтап қалды, ал «Ренессанс Капиталдың» бас экономисі Чарльз Робертсон төртінші жыл қатарынан Шекаралық нарықтардағы үздік сарапшы ретінде танылды. 2018 жылғы Financial Mail акциялардың африкалық нарықтарындағы сарапшылардың рейтингінде «Ренессанс Капиталдың» тобы Африкада төртінші орын алды, бұл ретте «Ренессанс Капиталдың» Оңтүстік Африка және Сахараның оңтүстігінен басталатын Африка өңірі бойынша әр аналитигі өз секторының үш үздік мамандарының қатарына кірді. Global Finance журналы «Ренессанс Капиталды» 2018 жылғы қорытынды бойынша Шекаралық нарықтардағы ең үздік инвестициялық банк деп таныды. www.rencap.com/rus/