Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2020 жылдың 1-31 наурыз аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 4 018 846,97 АҚШ долларын құрады (1 657 030 643,61 тенге [1]), бұл алдыңғы аймен салыстырғанда шамамен 30% -ға көп.
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:
Бағалы қағаз | Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс,% | Айдың қор-сы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қоры-сы бойынша сатылатын акц-дың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | 2019 ж. мәм-дің жалпы саны | 2019 ж.мәм-дің жалпы көлемі |
Акционерлік кірісі бар қағаздар | ||||||||
HSBK | 26 | 62,50% | KZT 173 068569,32 | 139,47% | 1 306 306 | 175,91% | 47 | KZT 273 799987,85 |
HSBK.Y | 23 | 53,33% | USD 324 973,98 | 95,43% | 30 239 | 176,76% | 59 | USD 627 381,28 |
KAP | 237 | 25,40% | KZT 562 280280,00 | 163,88% | 111 662 | 162,46% | 561 | KZT 916 520945,00 |
KAP.Y | 55 | -17,91% | USD 853 306,83 | -23,49% | 68 104 | -18,12% | 151 | USD 2 366860,02 |
POLY | 27 | 170,00% | USD 484 170,10 | 135,14% | 31 744 | 157,14% | 48 | USD 894 700,44 |
KCEL | 2 | N/A | KZT 19 455135,00 | N/A | 7 998 | N/A | 2 | KZT 19 455135,00 |
Тіркелген кірісі бар қағаздар | ||||||||
FRHC.1222 | 5 | 0,00% | USD 500 000,00 | 0,00% | 5 | 0,00% | 16 | USD 1 600000,00 |
ALTN.1222 | 1 | -90,00% | USD 9 459,45 | -93,28% | 99 | -92,93% | 11 | USD 150 293,13 |
Анықтамалық ақпарат:
AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен 2015 жылы «Бес институционалдық реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. Орталық өз қызметін «Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық заңына сәйкес жүзеге асырады. АХҚО-ның мақсаты шикізат емес секторға баса назар аудара отырып, Қазақстанға шетелдік инвестициялардың ағынын ұлғайту, капиталдың ішкі нарығын дамыту, перспективалы қаржы салаларында жеке сараптама жасау болып табылады. www.aifc.kz