Маусым айында AIX сауда-саттығы 2,8 млн. АҚШ долларын құрады (1 млрд. теңге)

01 июля 2019

AIX 2019 жылдың маусым айындағы сауда қызметіне шолу

AIX 2019 жылдың 1-30 маусымы аралығында сауда-саттық қызметіне шолу жасайды. Көрсетілген мерзімде жиынтық сауда көлемі 2,8 млн. АҚШ долларын құрады (1 млрд. теңге[1]).

Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») жай акциялары бойынша айналым 880 851 145 теңгені (462 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен («ЖДҚ», «KAP.Y») 149 627.20 АҚШ доллары сомасына 15 мәміле жасалды.

Polymetal International Plc. (POLY) жай акциялары бойынша айналым 306 954 АҚШ долларын (16 мәміле) құрады.

Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:

Бағалы қағазАйдың қоры-сы бой-ша мәміле лер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %Айдың қоры-сы бой-ша мәмілелер саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %   Айдың қоры-сы бой-ша сатыла тын акция лардың саныӨткен айға қатысты өзгеріс, %2019 жылғы мәмілелердің жалпы саны2019 жылғы мәміле лердің жалпы көлемі
KAP462-2.33%KZT 880, 851,145 -35.31% 166,344-32.29% 3 316 KZT 5 256 844 390
KAP.Y15-25.00%USD 149, 627.20-48.32% 10,676-45.28% 149USD 1 964 403.01 
POLY16N/AUSD 306, 954.1N/A27,703N/A31 USD 20 646 960.1 

Анықтамалық ақпарат:

AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын салтанатты түрде іске қосты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. www.aix.kz

АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 1 маусымдағы ресми бағамықолданылды.