AIX 2019 жылдың мамыр айындағы сауда қызметіне шолу
AIX 2019 жылдың 1-31 мамыры аралығында сауда-саттық қызметіне шолу жасайды. Көрсетілген мерзімде жиынтық сауда көлемі 3,9 млн. АҚШ долларын құрады (1,5 млрд. теңге[1]).
Атап айтқанда, «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ («Қазатомөнеркәсіп», «KAP») жай акциялары бойынша айналым 1 361 700 860 теңгені (473 мәміле) құрады. Осы кезеңде «Қазатомөнеркәсіптің» жаһандық депозитарлық қолхаттарымен («ЖДҚ», «KAP.Y») 289 508.63 АҚШ доллары сомасына 20 мәміле жасалды.
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:
Бағ. қағаз | Айдың қоры-сы бой-ша мәміле лер саны | Өт кен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қоры-сы бой-ша мәміле лер саны | Өт кен айға қа-ты өзгеріс, % | Айдың қоры-сы бойынша са-тын акция-дың саны | Өт кен айға қа-ты өзгеріс, % | 2019 ж. мәміле. жал пы саны | 2019 ж. мәміле. жал пы кө-мі |
KAP | 473 | 1.07% | KZT 1 361 700 860 | 71.88% | 245,664 | 63.56% | 2 854 | KZT 4 375 993 245 |
KAP.Y | 20 | 33.33% | USD 289 508.63 | 37.11% | 19,509 | 31.15% | 134 | USD 1 814 775.81 |
POLY | – | -100.00% | USD – | -100.00% | – | -100.00% | 15 | USD 20,340, 006.00 |
Анықтамалық ақпарат:
AIX. АХҚО биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. 2018 жылдың 14 қарашасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев AIX алаңында бағалы қағаздардың алғашқы сауда-саттығын салтанатты түрде іске қосты. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының Бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
[1] Есеп айырысулар үшін Қазақстан Ұлттық Банкінің 2019 жылғы 31 мамырдағы ресми бағамықолданылды.