АІХ 2020 жылғы қызметінің нәтижелерін ұсынады

22 декабря 2020

АІХ-тегі сауда-саттықтың ай сайынғы көлемі 2020 жылғы қарашада 2019 жылғы осындай көрсеткіштен 6 есе асады

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») 2020 жылғы қарашада ай сайынғы сауда-саттықтың елеулі түрде артқанын және өткен жылдың осындай кезеңіндегі 659 мыңмен салыстырғанда 3,7 млн АҚШ долларына жеткенін қуана хабарлайды.

2020 жылы әлемдік капитал нарықтарына COVID-19 пандемиясы мен экономикадағы ол туындатқан құлдырау әсер етті. Бұған қарамастан, пайыздық мөлшерлемелердің төмендеуінің және шетелдік валютада капитал тартуға дайын перспективті жеке компаниялардың пайда болуының арқасында, бүкіл жыл бойына халықаралық инвесторлар тарапынан Қазақстан мен Орта Азияға  қызығушылық жоғары деңгейде сақталды.

АІХ Басқармасының төрағасы Тим Беннетт блай деп атап өтті:

«Біз соңғы 6-9 ай ішінде байқаған өзгерістер АІХ позициясын жаһандық инвесторларға қатысты да, сол сияқты ішкі инвесторларға қатысты да іс жүзінде нығайтты. Біз пайыздық мөлшерлемелердің бүкіл әлемде төмендегенін көріп отырмыз, сондықтан да акцияларға инвестициялауға деген қызығушылық айтарлықтай артты. Сонымен, белгілі себептер бойынша жекешелендіру бағдарламасы кейінге қалдырылғанымен, Қазақстанға инвестициялауға қызығушылық бұрынғыдай жоғары».

2020 жылғы желтоқсан бойынша АІХ табыстары

  • Акциялар мен жаһандық депозитарлық қолхаттарды, облигацияларды, биржалық қорлар мен ноталарды қоса, 80-ге тарта бағалы қағаз листингтелді.
  • Kaspi.kz (IPO), Қазатомөнеркәсіп (SPO), Ferro-Alloy және Кселл (кросс-листинг) сияқты ірі эмитенттердің акциялары/жаһандық депозитарлық қолхаттары сәтті тіркелді.
  • 2018 жылдан бастап АІХ эмитенттері 321 млн АҚШ долларынан аса өзіндік капитал тартты (2020 жылы 104,7 млн АҚШ доллары).
  • АІХ арқылы 8,6 млрд АҚШ доллары мөлшерінде борыштық капитал тартылды (2020 жылы 3,7 млрд АҚШ доллары).
  • Қазақстанда жұмыс істейтін брокерлерді, сонымен қатар Қытай, Ресей және Еуропа брокерлерін қоса, 26 сауда мүшесі.
  •  AIX CSD-да 98 мың есепшот.

АІЗ экожүйесін кеңейту

2020 жылы АІХ жаңа сауда мүшелерін қабылдады, олар қазақстандық капиталдың игілігіне өз тәжірибелері мен инвесторлармен берік қарым-қатынастарын әкелді. Олардың арасында: ТМД елдерін қоса, дамып келе жатқан нарықтарға инвестициялауға қызығушылығы бар институциялық және корпоративтік клиенттерге инвестициялық-банк қызметтерінің кең спектрін ұсынатын Sova Capital; британдық ITI Capital халықаралық қаржы компаниясы; ресейлік жетекші «ВТБ Капитал» халықаралық инвестициялық банкі.

Инновациялар ендіру

АІХ жергілікті бөлшек сауда инвесторлары үшін инвестициялық мүмкіндіктердің анағұрлым кеңірек мүмкіндігін ұсыну мақсатында төрт жаңа биржалық нота (ETN) шығарды. Қазіргі уақытта АІХ-те  9 ETN саудалануда, олар АҚШ-тың табыстылығы жоғары корпоративтік облигациялары мен дивидендтері жоғары компаниялар сияқты әртүрлі биржалық бенчмарктерді қадағалайды. Олардың бәрі тек брокерлер арқылы ана емес, сол сияқты Tabys мобильді қосымшасы арқылы да саудалана алады. Tabys қосымшасы қор нарығымен әлі де таныса қоймаған бөлшек сауда инвесторларын тарту үшін әзірленген және оларға өздерінің қаржылық келешегіне инвестициялауға көмектеседі.

«BCC Invest» АҚ-пен бірлестікте АІХ отандық аса ірі интервалдық үлеспұлдық инвестициялық қорлардың бірі  «ЦентрКредит — Валюталық» қорының қызметімен байланысты BCC Global Exchange Traded Notes биржалық ноталарын орналастырды.

 АІХ өзінің негізгі инфрақұрылымы – Nasdaq сауда жүйесін Amazon Web Services-ке (AWS) көшірген әлемдегі бірінші биржа болды. Бұл көшу АІХ-ке өзінің сауда қызметтеріннің тиімділігін жоғарылатуға және де сонымен бірге инвестициялық қоғамдастық үшін икемділік пен масштабталуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл сонымен қатар АІХ-ке өзінің бағалы қағаздар нарығы үшін жаңа өнімдер мен қызметтерді үнемді түрде іске қосу тұрғысынан икемділікті қамтамасыз етеді.

Орташа капиталдандырылған компанияларға мүмкіндіктер ұсыну

2020 жылғы шілдеде АІХ  Қазақстан мен Орта Азияда орта бизнеске акционерлік қаржыландыруға жақсырақ қолжетімділік ұсыну мақсатында Акциялардың өңірлік нарығы сегментін (REMS) іске қосты.

АІХ еркін айналымдағы акцияларының нарықтық капиталдандырылуы 200 миллион АҚШ долларынан аспайтын компаниялар үшін реттеу режимін жеңілдетіп, тарихи таза пайданы көрсету қажетінсіз бір жылғы қаржылық есептілікке негізделген жеңілдетілген проспект ұсыну мүмкіндігін берді.

AIX CSD

2020 жылы бүкіл әлем бойынша саудадан кейінгі және кастодиандық тәуекелдерді бағалауды жүзеге асыратын Thomas Murray компаниясы Astana International Exchange Бағалы қағаздар орталық депозитарийіне (AIX CSD) «төменгі тәуекел» дегенді білдіретін «А» рейтингін берді.

Райффайзенбанк AIX CSD қатысушысы болды, бұл халықаралық институциялық инвесторлардың өз активтерін AIX CSD-да банктің басқаруымен ұстауға мүмкіндік береді.

Сонымен қатар AIX CSD Ресейдің Ұлттық есеп айырысу депозитарийінде (ҰЕД) шетелдік номиналды ұстаушы шотын ашты.

Қашықтан жұмыс істеу

2020 жылғы наурызда COVID-19 пандемиясына байланысты АІХ қызметкерлердің денсаулығы үшін тәуекелдерді барынша азайтуға бағытталған бірқатар шаралар қабылдады, сонымен қатар Биржаның үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз етті. Аурудың таралуына байланысты қазақстандық өкімет жуырда хабарлаған шаралар кешенін ұстана отырып, АІХ гибридті жұмыс істеу моделін ендірді және қызметкерлерге қашықтан және кеңседе қатар жұмыс істеуді үйлестіру мүмкіндігін ұсынды.

Биржа қызметінің көп бөлігі онлайн режимге көшті. АІХ инвестициялық форумдар мен Инвесторлар күнін инвесторлардың анағұрлым кеңірек аудиториясын қамтуға мүмкіндік беретін веб-трансляция форматына көшіруді іске асырды. Инвесторлар байланыстың онлайн форматын оң қабылдады, өйткені бұл эмитенттер туралы барлық қажетті ақпаратты, экономикалық шолулар мен үкімет қабылдаған шаралар жөніндегі түпкі материалдарды тез және тиімді алу мүмкіндігін береді.

АІХ Қазақстандағы жұмыс істеп жатқан және әлеуетті инвесторлар, мемлекеттік органдар, реттеуші мен шетелдік инвестициялық қоғмдастық арасындағы байланыстырушы буын ретінде болуын жалғастыруда.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке бизнеске және мемлекеттік қызметке қаржыландыру тарту үшін түсінікті және пайдалы шарттар қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Анағұрлым толығырақ ақпарат: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясын АХҚО Басқармасы 2020 жылғы 2 шілдедегі  отырысында бекітті. Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығына айналуда болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді».  www.aifc.kz