«Астана» халықаралық қаржы орталығының Биржасы (AIX) 2018 жылдың 14-15 қарашасы аралығындағы сауда-саттық қызметінің нәтижесі туралы хабарлайды. А
Сауда-саттықтың алғашқы екі күнінде АІХ сауда мүшелері – жеті брокер «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ-ның қарапайым акцияларымен жалпы сомасы 887,6 млн теңгеге 780 мәміле жасады.
Freedom Finance және CICC Брокерлік компаниялары сатып алушылар үшін де, сатушылар үшін де өтімділікке кепілдік бере отырып, «Қазатомөнеркәсіптің» қарапайым акциялары мен жаһандық депозитарлық қолхаттарының (қазіргі уақытта олар бойынша шартты сауда-саттық өтуде) баға белгіленімдерін қолдады.
АІХ Басқармасының Төрағасы Тим Беннеттің пікірінше:
«АІХ сауда жүйесі мінсіз жұмыс істеуде, бұл – АІХ тобының соңғы тоғыз айда жүргізген тиянақты дайындығының нәтижесі. Маркет-мейкерлердің қатысуы жеке инвесторларға олар ІРО-ға қатыспаса да, «Қазатомөнеркәсіп» акцияларын сатып алу мүмкіндігін қамтамасыз етеді».
Осыған дейін хабарлағанымыздай, 14 қарашада биржада ҚР Қаржы министрлігінің еурооблигациялары сәтті орналастырылды. Бағалы қағаздарды сатуға өтінімдердің болмауына байланысты осы бағалы қағаздармен сауда-саттық тіркелмеді.
«Еурооблигацияларды шығаруға қатысқан инвесторлар бағалы қағаздардың ұзақ мерзімді иелері екенін түсінеміз, бұл қысқа мерзімді келешекте сауда-саттықтың шектеулі болатынын білдіреді», — деді Тим Беннетт.
Анықтама ақпарат:
AIX. АХҚО Биржасы (AIX) 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен AIX-ке сауда алаңын ұсынып отырған NASDAQ бар. www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық Заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі жетекші қаржылық орталық құру болып табылады. АХҚО-ның басты міндеті – Қазақстан Республикасы бағалы қағаздар нарығын дамыту, халықаралық нарық капиталын негізге ала отырып, бағалы қағаздар нарығының жандандырылуын қамтамасыз ету, қаржылық қызметтер саласына тікелей инвестиция тарту үшін, қолайлы орта құру арқылы ел экономикасына инвестиция тартуға жол ашу болып табылады. www.aifc.kz
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]