Астана халықаралық биржасы («AIX», «Биржа») Қазақстанмен байланысты компаниялар акцияларының көрсеткіштерін өлшейтін AIX Qazaq Index («AIXQI», «Индекс») іске қосылатыны туралы қуана хабарлайды. AIXQI шекті салмағы ең жоғары нарықтық капиталдандыру бойынша өлшемді индекс болып табылады. Индекс сегіз қазақстандық компанияның AIX-те, Қазақстан қор биржасында және Лондон қор биржасында саудаланатын акцияларынан және жаһандық депозиттік қолхаттарынан тұрады. Бұл компаниялардың қатарына Қазақстанда тіркелген компаниялар немесе кәсіпкерлік қызметтен түскен кірісі ішінара немесе толық Қазақстанда генерирленетін немесе операциялық қызметінің елеулі бөлігі Қазақстанда жүзеге асырылатын кәсіпорындар кіреді. AIXQI 2021 жылғы 1 шілдеде, 1000 балл бастапқы мәнімен іске қосылды. AIXQI өз әдістемесі бойынша есептеледі, ол көпшілікке қол жетімді, ал арнайы құрылған Индекс комитеті оның басқарылуын бақылауды жүзеге асырады. Индексті «Halyk Finance» АҚ AIX тапсырысымен әзірледі.
AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектуров былай деп мәлімдеді:
«AIXQI индексі анағұрлым өтімді акциялар нарығындағы ауытқуларды дәл қадағалау үшін және оны жергілікті және сыртқы нарықтарда инвестициялық қаржылық өнімдер құру кезінде бенчмарк ретінде пайдалану үшін әзірленді. Бұл шетелдік инвесторларға да, сонымен қатар қазақстандық инвесторларға да нарықтың жалпы жағдайын көрсететін сенімді «барометр» ретінде қызмет етіп және жаңа инвестициялық шешімдер жасауға арналған алаң болады деп сенеміз».
Halyk Finance басқармасының төрағасы Фархад Охонов былай деп атап өтті:
«Halyk Finance 2018 жылдан бастап AIX-пен түрлі бағыттарда ынтымақтасады. Жаңа индексті құру – біздің ынтымақтастықтың тағы бір нәтижесі, ол қазақстандық бағалы қағаздар нарығының ашықтығы мен тиімділігін арттыруға қызмет етеді. Біз инвестициялық менеджер ретінде, осы индексті іске қосу, біздің нарықта жаңа инвестициялық жобаларын дамытуға қосымша жағдайлар туғызатындығына және қазақстандық компаниялардың бағалы қағаздарына капитал ағынын арттыратынына сенімдіміз ».
Индекс үшін негізгі валюта ретінде теңге пайдаланылады (KZT). Индекстің көрсеткіштері, оның құрамдастары мен салмақтық коэффициенттері туралы мәліметтер күніне бір рет AIX веб-сайтындағы арнайы бөлімінде, алдыңғы күннің жабылу бағаларына сүйене отырып жарияланатын болады.
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX үшін сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызмет жүргізу үшін сенімді шарттарды қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік компанияларға қаржыландыру тарту үшін айқын және қолайлы жағдайлар ұсыну жолымен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамытуда болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. ӨҚосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.
Анықтама:
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған. Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы АХҚО Басқару кеңесінің 2020 жылғы 2 шілдеде өткен отырысында мақұлданды. Стратегияға сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/