AIX-тегі сауда-саттық көлемі
2022 жылғы қыркүйекте АІХ-тегі сауда-саттықтың көлемі 11 661 791 долл. құрап, алдыңғы айдың көрсеткіштеріне қарағанда 3,79% төмендеді. Сауда белсенділігінің болмашы төмендеуі ETN/ETF бойынша сауда-саттық көлемінің төмендеуі жағдайында орын алды.
Эмитенттер, брокерлер, шоттар
2022 жылғы қыркүйек айының аяғындағы жағдай бойынша, АІХ-тің ресми тізіміне әртүрлі 88 эмитетенттің 129 бағалы қағаздар шығарылымы, оның ішінде 19 ETN (Exchange traded notes) кірді. 17 қазақстандық және 12 халықаралық брокер АІХ-тің сауда мүшелері болып табылады. АІХ Орталық депозитарийінде инвесторлардың 415 мыңнан астам шоты ашылды
Қыркүйек айында АІХ өз қызметінің ISO 27001 және ISO 27032 жаһандық сандарттарына сәйкестігін растады, сонымен қатар жаңа екі стандарт — ISO 27018 бен ISO 27017 бойынша сертификаттаудан өтті. Бұл стандарттар толық бизнес циклдың: сауда, клиринг, есеп айырысу, тіркеу қызметтерінің және депозитарлық қызметтің қамтамасыз етілуін қамтиды.
AIXQI индексі
Қазақстандық қор нарығының үш ай бойғы өсуі қыркүйек айында доғарылды. Айдың қорытындысы бойынша, AIXQI индексі 912,12 пунктіден 854,13 пунктіге дейін 6,36%-ға төмендеді, индекс компанияларының басым көпшілігі 2022 жылдың 3-ші тоқсаны бойғы өсуден кейін түзетулер енгізді.
Жалпы алғанда, 3-ші тоқсан ішінде AIXQI 11,67%-ға өсуді көрсетті. Индекстің қатарынан үш компаниясы үштен бірден аса тоқсандық өсу көрсетті – Kcell (+40,6), Банк ЦентрКредит (+37,9%) және Kaspi.kz (+33,7%).
Kcell акциялары үшін ағымдағы жылдың 3-ші тоқсаны дивидендтер төлеу мерзімін кейіндету шешімі қабылданғандықтан бұдан бұрын қатты төмендеген құнды қалпына келтіру тоқсаны болды. Телеком-оператор қызметінің бұлтартпайтын нәтижелері бүкіл тоқсан бойы дерлік өсуге негіз қалады. Компанияның жарияланған қаржылық есептілігіне сәйкес, 2021 жыл ішінде Kcell-дің бір акцияға шаққандағы таза пайдасы екі есе дерлік өсті, өсу 2022 жылы да жалғасып келеді. Қыркүйек айында Kcell акциялары 5,82%-ға түзелді. Kcell-дің негізгі акционерлерінің бірі болып табылатын Қазақтелеком компаниясы, әдеттегідей, баға белгіленуінің елеусіз нарықтық ауытқулары үрдісін көрсетіп отыр, қыркүйек айының қорытындысы бойынша компанияның акциялары 3,76%-ға өсті, ал тоқсандық өсуі 7,19% құрады.
2022 жылы Банк ЦентрКредит жариялаған күшті қаржылық есептер және Альфа-Банктің еншілес ұйымымен сәтті қосылуы банктің баға белгілеулерінің сенімді өсуін қуаттауда. БЦК баға белгілеулерінің өсуі қыркүйекте 11,76% құрады. Банктің бизнес-позицияларының жақсаруын S&P рейтинг агенттігі атап өтті, ол БЦК-ның ұзақмерзімді кредиттік рейтингін «В»-дан «В+»-ке «Тұрақты» болжамымен жоғарылатты.
Банк секторының тағы бір өкілі — Kaspi.kz те күшті қаржылық нәтижелерді жариялауда. Бұдан басқа, Kaspi.kz баға белгілеулері ЖДҚ-ны кері сатып алумен және дивидендтер төленуімен (1 жай акцияға 500 теңне) қуатталып отыр. S&P рейтинг агенттігі Kaspi Bank рейтингін «ВВ-»-дан «ВВ»-ға дейін «Тұрақты» болжамымен жоғарылатты. 3-ші тоқсанның көп бөлігі бойы өсуден кейін Kaspi.kz баға белгілеулері қыркүйек айында 3,14%-ға түзелді.
19 қыркүйекте өткен акционерлердің жалпы жиналысында Халық Банк жай акциялар бойынша дивидендтер төлеу мен оның ықтималды сомасы жөнінде қазан айында шешім қабылдау жоспарланып отырғанын хабарлағанына қарамастан, Қазақстандағы банк секторының көшін бастаушының акциялары айдың қорытындысы бойынша 7,95%-ға төмендеді, алайда сонымен бірге 3-ші тоқсан Халық Банк үшін +3,63%-бен жабылды.
Қазатомөнеркәсіптің Директорлар кеңесі компанияның 2024 жылы өндіріс көлемдерін жалпы жоспарланған деңгеймен салыстырғанда шамамен 10%-ға қысқарту жөніндегі стратегиясын мақұлдады. Сонымен қатар қыркүйекте уран компаниясының топ-менеджментінде кадрлық өзгерістер болды – Басқарма Төрағасы қызметіне Е.Ж.Мұқанов тағайындалды, стратегия және даму жөніндегі бас директор лауазымы қысқартылды. Нәтижесінде Басқарманың сандық құрамы қысқарып, 8 адамның орнына 7 адам болды. Қыркүйек айының қорытындылары бойынша Қазатомөнеркәсіп акцияларының құны азайды (-19,56%), нәтижесінде бұл 1,32% тоқсандық төмендеуге әкелді.
KazTransOilакциялары мұнай бағасының қыркүйекте төмендеуі жағдайында қысымға түсті. Айдың қорытындылары бойынша ҚТО баға белгілеулері 8,46%-ға төмендеді, ал тоқсан қорытындылары бойынша 0,58%-ға өсті.
AIXQI индексінің компаниялары арасында тоқсан қорытындысы бойынша ең нашар нәтижені дамушы елдер кең нарығының құлдырауы, рецесиялық күтулер мен Англия Банкі тарапынан ақша-кредит саясатының қатайтылуы жағдайында Central Asia Metals компаниясы көрсетті (-4,77%). Қыркүйек айының қорытындылары бойынша компания акциялары 9,04%-ға төмендеді.