АІХ-тің жыл сайынғы Капитал нарықтары форумына 30 аса инвестициялық  қор қатысты

28 июня 2022

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») институциялық инвесторлар үшін «Экономикалық өзгерістер, инклюзивтік өсу және орнықты даму» басты тақырыбымен өзінің бесінші жыл сайынғы Капитал нарықтары форумын (Форум) өткізді. Гибридті форматта өткен Форумның жұмысына Еуропаның, АҚШ пен Қытайдың шектес қаржы нарықтарында инвестициялауға маманданған және Қазақстандағы жаңа мүмкіндіктер үшін ашық инвестициялық қорларының 30 аса өкілі қатысты.

Форум шеңберінде Қазақстан Үкіметінің өкілдері, ұлттық компаниялардың жоғары лауазымды тұлғалары, жетекші халықаралық инвестициялық қорлардың, қаржы ұйымдарының басшылары және салалық сарапшылар экономикалық дамудың перспективаларын, инфляциялық факторларды, жекешелендіру бағдарламасын, жергілікті бөлшек сауда инвесторлары қорын дамытуды және  басқа да басымды мәселелерді талқылады.

ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров былай деді:

«Қазіргі кезеңде басты міндет жаһандық институционалдық инвесторлардың сенімін қалпына келтіру болып табылады, өйткені Қазақстанның қор нарығының одан әрі өсуі мен өміршеңдігі айтарлықтай дәрежеде оларға байланысты.  Отандық бөлшек сауда инвестициялық базасын дамыту да маңызды міндет болып табылады. Бұл процесс халықтың қаржылық инклюзивтілігіне ықпал етіп қана қоймайды, сонымен қатар ұзақмерзімді әл-ауқат пен қосымша кірісті қамтамасыз ету үшін жаңа мүмкіндіктер ашып, сол арқылы ел азаматтарының әлеуметтік сенімділігі мен әл-ауқатының деңгейін арттырады».

АІХ басқармасының төрағасы Ренат Бектұров былай деп мәлімдеді:

«Бүкіл әлемде және жергілікті деңгейде нарықтар қиын жағдайға қалып отыр. Сонымен бірге, Форумға қатысушылар ағымдағы ахуал біздің бәріміз үшін тек кезекті сын-тегеурін ғана болып табылатындығымен және ол Қазақстан орта- және ұзақмерзімді перспективада ұсына алатын мүмкіндіктерді бұғаттамауы тиіс екендігімен келісті. АХҚО мен AIX-тің Орталық Азия мен шектес өңірлердің қаржы хабына айналуға ұмтылысы халықаралық инвесторлар ортасында қолдау табуда».

Эдвард Найт, Nasdaq атқарушы вице-президенті былай деп баса көрсетті:

«Nasdaq AIX-тің стратегиялық серіктестігін және Қазақстанның экономикалық инфрақұрылымының маңызды элементін технологиямен қамтамасыз етудегі рөлімізді мақтан тұтамыз. Пандемия мен жаһандық нарықтың күйзелісінен туындаған қиындықтарға қарамастан, AIX платформасы күшті, икемді және сенімді болып қала береді.  Қазір AIX қуатын ел экономикасының одан әрі өсуі үшін пайдалану қажет, өйткені заманауи, жақсы реттелетін, икемді нарықтардың маңыздылығы бұрын-соңды болмаған.  AIX өз клиенттері мен серіктестеріне қызмет көрсетуде икемді және жаңашыл екенін дәлелдегені өте маңызды».

«Қазатомөнеркәсіп» АҚ, «Qazaq Gaz» АҚ, «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ, ««Банк ЦентрКредит» АҚ және басқа жергілікті компаниялардың басшылығымен өткізілген жеке және топтық кездесулер корпорациялардың басшыларымен шетелдік инвесторлардың мазмұнды өзара ықпалдасуына мүмкіндік берді.

АІХ Форумы «Астана» халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған «Astana Finance Days 2022» (AFD) конференциясының шеңберінде өткізілді.

AFD қатысушылары сонымен қатар АХҚО-да юаньмен есеп айырысу нарығының мүмкіндіктері мен сын-тегеуріндерін, сол сияқты Қазақстан және өңір үшін «Белдеу және жол» бастамасының шеңберіндегі инвестициялық шешімдердің одан әрі дамуын талқылады.

Басқарушы директор CICC HK Барри Чан былай деп атап өтті:

«Географиялық тұрғыдан стратегиялық жерде орналасқан және бизнес жүргізу үшін қолайлы әрі «Белдеу және жол» бастамасының байланыстырушы буыны деп аталып жүрген Нұр-сұлтан қаласы ұлттық экономикаға АХҚО арқылы капитал салымдарын тарту мәселесінде негізгі алушы болып қала береді. Өңірлерде юаньмен есеп айырысу нарығын дамытудың, соның ішінде АХҚО арқылы Қазақстан мен Қытай арасындағы қаржылық ынтымақтастықты нығайту үшін, юаньмен берілетін банк қарыздарын, юаньмен тікелей инвестицияларды (акционерлік капиталға өнеркәсіптік және жеке инвестициялар) және юаньмен есеп айырысуды қоса, қытайлық валютамен қаржыландыру бойынша бірқатар шешімдер есебінен зор әлеуеті бар».

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Бір белдеу, бір жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.

Астана халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі Даму Cтратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бекiтiлуi болып табылады.www.aifc.kz