1. АІХ мүшесі болып табылатын, яғни биржада мәмілелерді жүзеге асыруда делдал болуға құқығы бар брокерді таңдау. АІХ-тің сауда мүшелерінің тізімі мында. Брокердің қандай қызметтер көрсетуді ұсынатынын, қандай брокерлік комиссиялар алатынын, қандай банктермен жұмыс істейтінін және банктік транзакциялар үшін қандай тарифтер төлеу қажет болатындығын салыстыру керек. Содан кейін сізге қолайлы брокерді таңдап, онымен шарт жасасу және брокерлік шот ашу керек. Әртүрлі брокерлерде бірнеше шот ашуға болады.
2. Инвестициялау стратегиясын анықтап алу. Өз бетінше инвестициялау тәжірибе мен құралдарды қалай талдау керектігін түсінуді талап етеді. Сонымен қатар брокердің консультациялары, соның ішінде бұйрықты қалай дұрыс беру керектігі бойынша консультациялары қажет: егер баға күрт құлай бастаса, жоғалтуларды олар сыни болмас үшін шектеу керек. Нарыққа бой үйтету және тәуекелдерді барынша азайту үшін, жаңадан қатысушылардың пассивті инвестициялауды таңдағаны жақсы.
Инвестициялау стратегиялары
Белсенді | Пассивті | |
Мақсат | Нарықтық бағалардың ауытқуларынан пайда алу | келешекте құнның өсу әлеуеті және тұрақты пассивті табыс алу |
Қанша мерзімге | бірнеше минуттан бастап бірнеше аптаға дейін | қысқамерзімді (1-3 жыл) ұзақмерзімді (5 және одан көп жыл) |
Риски | жоғары деңгей | орташа деңгей |
Машықтар | тәжірибе, білім, аналитикалық қабілеттер және көп уақыт | қор биржасы жұмысының қағидаттары туралы базалық білім |
Табыстылық | трейдингте 30-40% маржа табатындар 5%-дан аспайды, 10-15% залалсыздық шамасында сауда жасайды | 95% ұзақмерзімді инвестор әрқашан да пайдаға шығып отырады |
Құралдар | жоғары тәуекелді қағаздар | облигациялар, дивидендтік акциялар, ETF |
3. Бағалы қағаздар портфелін қалыптастыру және инвестициялау мерзімдері мен акцияларды қосымша сатып алатын немесе сататын баға шектерін өзі үшін анықтау.
4. Сіздің инвестициялауға жоспарлаған ақшаңызды брокерлік шоттың есебіне салу.
5. Брокермен консультациядан кейін шартта белгіленген тәсілмен (электрондық поштамен, телефонмен немесе мобильді қосымша арқылы) оған сізді қызықтыратын бағалы қағаздарды сатып алуға бұйрық (ордер) беру.
6. Акциялардың құнын нақты уақыт режимінде АІХ сайтында немесе AIX Connect қосымшасы арқылы қадағалап отыру.
.
2020 жылғы желтоқсаннан бастап қазақстандықтар делдалдардың көмегінсіз Tabys мобильді қосымшасы арқылы инвестициялау мүмкіндігіне ие болды. Бөлшек сауда инвесторлары әртүрлі индекстер мен бенчмаркаларға байланыстырылған биржалық ноталарды (ETN) сатып ала алады – бұл АҚШ-тың аса ірі 500 компаниясы, алтын, Brent сұрыпты мұнай, АҚШ компанияларының облигациялары немесе АҚШ Қазынашылығының ноталары, дамып келе жатқан нарықтардың акциялары мен облигациялары. ETN құны 1-35 доллар аралығында, сондықтан инвестициялау үшін қомақты капиталдың иесі болу міндетті емес.
Қосымша бүкіл қазақстандықтар үшін инвестицияларды қолжетімді ету мақсатымен әзірленген және жаһандық қаржы нарықтарына қарапайым қолжетімділік ашады. Қосымшада кіру жарнасы жоқ. Tabys арқылы жасалатын сауда-саттыққа салықтар жоқ.
Инвестициялауды бастау үшін қосымшаны жүктеп алып, тіркелу, қайда және қанша инвестициялау керектігін таңдау қажет.
Анағұрлым толығырақ ақпарат tabysapp.kz сайтында.
Tabys қосымшасын AppStore (iOS)-та немесе PlayMarket-те (Android) жүктеп алуға болады.