NASDAQ 100 көрсеткіштерін білдіретін биржалық нота АІХ-те орналастырылды

18 мая 2021

Astana International Exchange (бұдан әрі – «AIX», «Биржа») жергілікті бөлшек сауда инвесторларының АҚШ технологиялық компанияларының NASDAQ 100 индексіне қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында жаңа биржалық нота («ETN») листингі өткені туралы қуана хабарлайды. iX NASDAQ 100 Equities биржалық нотасы NASDAQ 100 индексіне енгізілген Apple, Microsoft, Google, Amazon, Tesla және т.б. сияқты әлемдік технологиялық компаниялардың акцияларына инвестициялаудың аз шығынды, салық салыну деңгейі төмен нұсқасы болып табылады.

AIX Басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп түсіндірді:

«AIX қазақстандық бөлшек сауда инвесторларына арнап олар активтердің әртүрлі индекстері мен нысандарына инвестициялай алуы үшін бағалы қағаздар ассортиментін ұлғайтуын жалғастыруда. ETN орналастыру арқылы биржа жергілікті бөлшек сауда инвесторларының қорын дамыту бойынша өз міндеттемелерін орындайды».

Биржалық ноталар инвесторларға әртүрлі нарықтық негізгі көрсеткіштердің кірістілігіне қолжетімділік береді.   iX NASDAQ 100 Equities биржалық нотасы Invesco QQQ Shares биржа қорының көрсеткіштеріне байланыстырылған.

«Райффайзенбанк» активтердің сақталуын қамтамасыз ететін банк-депозитарий болып тағайындалды, ал «CROWE Kazakhstan» компаниясы аудиторлық компания ретінде анықталды.

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді.

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО құрудың мақсаты халықаралық қаржылық қызметтер көрсететін жетекші орталық қалыптастыру болып табылады.

АХҚО міндеттеріне ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтерге инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, сонымен  қатар оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету кіреді.  www.aifc.kz.