2022 жылғы мамыр айындағы нарықтық белсенділікке шолу

16 Маусым 2022

AIX-тегі сауда-саттық көлемі

2022 жылғы мамырда АІХ-тегі сауда-саттықтың көлемі 7 293 800 АҚШ долл. құрап, ағымдағы айдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,9 есе төмендеді. Төмендеу негізінен борыштық құралдар бойынша сауда белсенділігінің төмендеуі есебінен орын алды.

Эмитенттер, брокерлер, шоттар

AIXQI индексі

Мамырда AIXQI индексі 863.49 пунктіден 754.22 пунктіге дейін (12,65%-ға) елеулі түрде төмендеді. Әлемнің ең ірі орталық банктерінің «қаршыға» бағытындағы ақша-кредиттік саясатының, рецессиялық күтулердің, геосаяси ахуалдың шиеленісуінің және қазақстандық ірі компаниялардың дивидендтік кірістілігі төмендеуінің нәтижесінде қор нарықтарында қалыптасқан құбылмалылықтың өсуі жағдайында Қазақстандық компаниялардың баға белгілеулері қысым астында болуы жалғасуда.

Индекстің барлық дерлік компаниялары айды теріс көрсеткішпен жапты. Kcell акциялары (-30,07%) анағұрлым көп төмендеп отыр, 2021 жылғы жай акциялар бойынша 2021 жыл дивидендтерін төлеуді кейінге қалдыру шешімі нарықта теріс қабылданды. Бұл шешімді Қазақтелеком ұсынған болатын (-6,65%), ол өз позициясын тұрақсыз экономикалық ахуалмен, валюталық тәуекелдермен және Kcell-дің күрделі  шығындарға шоғырлануы қажеттілігімен дәйектеді. Дивидендтер төлеуден бас тарту жөнінде қабылданған шешімдер салдарынан Қазақстаның банк секторындағы компаниялардың акциялары төмендеді: Kaspi.kz (-22,15%) акциялары алдыңғы айдағы күшті өсімнен кейін түзетіліп, қос мәнді қарқынмен төмендеді. Халық Банк пен Банк ЦентрКредит тиісінше  8,34% және -4,88%-ға төмендеді. KazTransOil акцияға 26 теңге мөлшерінде (немесе жылдық 2,4%) мөлшерде дивиденд төлеуді бекітті, бұл рекордтық төмен дивидендтер болып табылады, мұның нәтижесінде мұнай операторы мамыр айын -8,72%-ға төмендеумен жапты. Қазатомөнеркәсіп  рекордтық дивидендтер (акцияға 876,74  теңге немесе жылдық 5,2%) төлеу туралы хабарлағанына қарамастан, ұлттық атом компаниясының акцияларының бағасы -7,48%-ға құнсызданды, инвесторлар компанияның бизнесіне геосаяси шиеленістіктің ықтималды теріс әсерін бағалауды жалғастыруда. Мамыр айында мысқа, қорғасынға және мырышқа бағаның төмендеуі тиісінше Central Asia Metals акциялары құнының -7,25%-ға төмендеуіне әкелді. 1 маусымда, AIXQI биржалық қорының инвестициялық кеңесшісінің және дауыс бермейтін мүшелерінің ұсынымдарына сәйкес, Индекс кеңесі Polymetal International компаниясын 2022 жылғы наурыздан бастап Лондон қор биржасында (компания листингінің негізгі биржасы) POLY акцияларын сатып алу/сату күрделілігі байқалуына байланысты AIXQI индексін құраушылар тізімінен алып тастау шешімін қабылдады.

Жауапкершілікті шектеу

Осы материалдар бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату ұсынысы ретінде қаралмауы тиіс. Инвесторлар мен нарықтың басқа да қатысушылары бағалы қағаздарға инвестициялау туралы шешім қабылдаған кезде өз ой-пікірлері мен тәжірибелеріне сүйенулері тиіс. Осы құжатта берілген материалдар тек қана ақпараттық сипатқа ие және шынайы деп қаралатын жария дереккөздердегі ақпаратқа негізделген. Осы құжатта сипатталған бағалы қағаздар барлық юрисдикцияларда немесе инвесторлардың белгілі бір санаттарына сатуға жатпауы мүмкін. Инвестициялардың құны азаюы да, сол сияқты ұлғаюы да мүмкін және инвесторлар бастапқы инвестициялаған соманы түбінде жоғалтуы да мүмкін. Инвестициялық құралдардың бағалары мен инвестициялардың өткен кездердегі табыстылығының көрсеткіштері инвестициялардың болашақтағы нәтижелерін бағалау үшін бағдар бола алмайды.  Шетелдік валюта бағамының өзгерістері де инвестициялар құнының  азаюын немесе ұлғаюын тудыруы мүмкін. Инвестициялардың құнына немесе инвестициялардан түсетін табысқа әсер ететін басқа тәуекел факторларына, басқалармен қатар, саяси, экономикалық, кредиттік және нарықтық тәуекелдер кіреді. Инвестициялау туралы шешімдер қабылдар алдында инвестициялық консультация берушімен кеңесіп алу қажет. Осы құжатта ұсынылған ақпаратты компанияның жазбаша рұқсатынсыз кез келген мақсат үшін толығымен немесе ішінара қайта басып шығаруға, қайталап таратуға немесе жариялауға болмайды. Үшінші тұлғалардың осыған қатысты әрекеттері үшін компания да, оның қандай да бір үлестес тұлғасы да ешқандай жауапкершілік алмайды. Қосымша ақпарат пен  ілеспе құжаттама сұраныс бойынша ұсынылады.