2022 жылғы маусым айындағы нарықтық белсенділікке шолу

15 Шілде 2022

AIX-тегі сауда-саттық көлемі

2022 жылғы маусымда АІХ-тегі сауда-саттықтың көлемі 16 444 269 АҚШ долл. құрап, алдыңғы айдың көрсеткіштерімен салыстырғанда 2,2 есе артты. Өсудің себебі борыштық құралдар бойынша сауда белсенділігінің артуы мен АІХ-те листингтелген анағұрлым өтімді үлестік құралдардың бірі – Қазатомөнеркәсіптің ЖДҚ мен акциялары және Kaspi.kz  ЖДҚ мен акциялары бойынша сауда көлемінің артуы болды.

Эмитенттер, брокерлер, шоттар

2022 жылғы маусымның аяғындағы жағдай бойынша, АІХ-тің ресми тізіміне әртүрлі 87 эмитетенттің 131 бағалы қағаздар шығарылымы, оның ішінде 19 ETN (Exchange traded notes) кірді. 17 қазақстандық және 12 халықаралық брокер АІХ-тің сауда мүшелері болып табылады. АІХ Орталық депозитарийінде инвесторлардың 344 мыңнан астам шоты ашылды.

Мамырдың аяғында АІХ-те үлестік құралдар листингі бар компаниялардың (Қазатомөнеркәсіп, Polymetal, ХалықБанк, Ferro-Alloy Resources Limited, ЦентрКредит Банкі, Kaspi.kz) жалпы нарықтық капиталдандыруы  20,4 млрд АҚШД-дан асып отыр. 2022 жылғы маусымда АІХ-тің ресми тізімі «Қазақстанның Халық Банкі» АҚ-тың 100 млн. АҚШ долларының купондық мөлшерлемесі жылдық 2,5% құрайтын үш жылдық облигацияларының листингімен толықты. Қазақстанның аса ірі банкінің бұл облигациялар шығарылымы 500 млн. АҚШ доллары жалпы сомасының облигациялық бағдарламасын іске қосу шеңберінде өтті. 2022 жылғы 30 маусымда «Finbox» микроқаржы ұйымы 3 млн. АҚШ доллары жалпы сомасының долларлық облигацияларын шығарды.

Биржалық өнімдер желісін кеңейту бойынша жұмыс жалғастырылуда. 2022 жылғы маусымда екі биржалық нота (ETN) – Шариғат нормаларына сәйкес инвестициялауды жүзеге асыратын аса ірі ислам қорларының бірі iShares MSCI World Islamic UCITS ETF акциялары базалық активтері болып табылатын  iX Islamic Exchange Traded Notes және Қытайдағы қор нарығының көрсеткіштеріне қолжетімділікті қамтамасыз ететін аса ірі биржалық инвестициялық қорлардың бірі iShares MSCI China A ETF акциялары базалық активтері болып табылатын  iX China Equities BR іске қосылды.

Сонымен қатар маусымда АІХ жаңа құрал – Коммерциялық қағаздарды іске қосты, олар өздерінің қысқамерзімді айналым капиталына қажеттіліктерін қаржыландыру үшін расталған кредитке қабілеттілігі бар компаниялар шығаратын қамтамасыз етілмеген қысқамерзімді міндеттемелердің кең таралған түрі болып табылады.

AIXQI индексі

Қазақстанның қор нарығы айтарлықтай құбылмалы нәтижелер көрсетуде. 2022 жылғы маусымның нәтижелері бойынша, AIXQI индексі 1,41%-ға,  754.22 пунктіден 764.87 пунктіге дейін өсті. Индекстің 8 компаниясының 4-уі айды жасыл аймақта аяқтады, олардың 3-уі екі мәндік өсу көрсеткіштерін көрсетті.

Өсу көшбасшысы Халық Банк акциялары болды (+17,01%), Қазақстанның аса ірі банкі 2022 жылдың 1-тоқсаны бойынша есеп шығарды, оның нәтижелері бойынша банктің таза пайдасы өткен жылдың осындай кезеңімен салыстырғанда 96,8-ден 124,2 млрд теңгеге дейін өсті. ЦентрКредитБанк те жақсы нәтижелер көрсетті, ол 2022 жылғы 1-тоқсанның қорытындысы бойынша өзінің таза пайдасын 2021 жылғы 1-тоқсанға қарағанда 74,7 -ден 102,7 млрд теңгеге арттырды, бұл ақырында ЦентрКредитБанк акцияларының баға белгілеулерінің өсуіне әкелді (+14,73%). Құрамына Kcell де кіретін Қазақтелеком қызметінің мықты нәтижелері жариялануы жағдайында Kcell алдыңғы айдағы құлдыраудың есесін қайтарды (маусымда +11,05%), бірақ сонымен бірге негізгі компанияның акциялары айдың қорытындысы бойынша төмендеуді көрсетті (-6,25%). Уран фьючерстеріне бағаның оң динамикасы Қазатомөнеркәсіп акцияларының өсуіне ықпал етті (+2,44%). Kaspi.kz акцияларының құны, компанияның таза пайдасы 2021 жылдың 1-тоқсанындағы 74,7 млрд теңгеден 2022 жылдың 2-тоқсанында 102,7 млрд теңгеге дейін өскеніне қарамастан, төмендеді (-4,53%).  S&P Global Ratings рейтинг агенттігі Kaspi Bank-тің ұзақмерзімді және қысқамерзімді кредиттік рейтингтерін «ВВ-/В» деңгейінде растады, эмитенттің рейтингі ұлттық шкала бойынша  – рейтингтер бойынша «позитивті» болжамымен «kzА». Маусымда KazTransOil акциялары, компания шығарған есептілік инвесторлар үшін нанымсыз болып шыққандықтан, өз құнының -6,16%-ын жоғалтты – таза пайда  2021 жылдың 1-тоқсанындағы 16,7 млрд теңгеден 2022 жылы 10,2 млрд теңгеге дейін төмендеді. Fitch Ratings рейтинг агенттігі KazTransOil дефолтының шетелдік валютадағы ұзақмерзімді рейтингін «Тұрақты» болжамымен «ВВВ-» деңгейінде растады.  Central Asia Metals акциялары мыс, қорғасын және мырыш бағалары төмендеуінің жалғасуы жағдайында және Ұлыбритания инвесторларының рецессиялық күтулерімен байланысты маусымның қорытындылары бойынша төмендеді (-8,40%).

Жауапкершілікті шектеу

Осы материалдар бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату ұсынысы ретінде қаралмауы тиіс. Инвесторлар мен нарықтың басқа да қатысушылары бағалы қағаздарға инвестициялау туралы шешім қабылдаған кезде өз ой-пікірлері мен тәжірибелеріне сүйенулері тиіс. Осы құжатта берілген материалдар тек қана ақпараттық сипатқа ие және шынайы деп қаралатын жария дереккөздердегі ақпаратқа негізделген. Осы құжатта сипатталған бағалы қағаздар барлық юрисдикцияларда немесе инвесторлардың белгілі бір санаттарына сатуға жатпауы мүмкін. Инвестициялардың құны азаюы да, сол сияқты ұлғаюы да мүмкін және инвесторлар бастапқы инвестициялаған соманы түбінде жоғалтуы да мүмкін. Инвестициялық құралдардың бағалары мен инвестициялардың өткен кездердегі табыстылығының көрсеткіштері инвестициялардың болашақтағы нәтижелерін бағалау үшін бағдар бола алмайды.  Шетелдік валюта бағамының өзгерістері де инвестициялар құнының  азаюын немесе ұлғаюын тудыруы мүмкін. Инвестициялардың құнына немесе инвестициялардан түсетін табысқа әсер ететін басқа тәуекел факторларына, басқалармен қатар, саяси, экономикалық, кредиттік және нарықтық тәуекелдер кіреді. Инвестициялау туралы шешімдер қабылдар алдында инвестициялық консультация берушімен кеңесіп алу қажет. Осы құжатта ұсынылған ақпаратты компанияның жазбаша рұқсатынсыз кез келген мақсат үшін толығымен немесе ішінара қайта басып шығаруға, қайталап таратуға немесе жариялауға болмайды. Үшінші тұлғалардың осыған қатысты әрекеттері үшін компания да, оның қандай да бір үлестес тұлғасы да ешқандай жауапкершілік алмайды. Қосымша ақпарат пен  ілеспе құжаттама сұраныс бойынша ұсынылады.