2022 жылғы қаңтардағы нарықтық белсенділікке шолу

01 Ақпан 2022

АІХ-тегі сауда-саттық көлемі, млн АҚШД

2022 жылғы қаңтарда АІХ-тегі сауда-саттықтың жалпы көлемі  11 517 212 АҚШ      долл. құрап, алдыңғы аймен салыстырғанда 17,28% төмендеді. Көрсеткіш өткен жылдың қаңтарындағы сауда-саттық көлемінен 435 мың АҚШ долл. асты.

Эмитенттер, брокерлер, шоттар 

Қайтар айында АІХ-тің ресми тізіміне «Павлодарэнерго»  АҚ-тың  75 млрд теңге сомасын құрайтын облигациялар шығарылымы енді. «Павлодарэнерго» – бұл тік интеграцияланған компания, ол Павлодар облысын электрмен жабдықтаудың – электр энергиясын генерациялау, тасымалдау және сатудың толық циклін орындайды. Тартылған қаражат «ЦАТЭК Грин Энерджи» ЖШС-дағы бақылау үлесін сатып алу мақсаттары үшін ВТБ тобынан тартылған қолда бар кредитті мерзімінен бұрын өтеуге, сонымен қатар бар қатысушылардан «ЦАТЭК Грин Энерджи» ЖШС-дағы қалған үлестерді сатып алуға пайдаланылатын болады. Қаңтардың аяғында АІХ-те акциялары бар компаниялардың (Қазатомөнеркәсіп, Polymetal, Халық Банк, Ferro-Alloy Resources Limited,  Банк ЦентрКредит, Kaspi.kz, Kcell) жалпы нарықтық капиталдандырылуы 34,6 млрд АҚШ долларынан асады.

AIXQI индексі

Қаңтарда AIXQI индексінің мәні 13,17%-ға, 1104,04 пунктіден 958,66 пунктіге дейін төмендеді, индекс компанияларының басым көпшілігі қор нарықтарындағы жаһандық төмендеу жағдайында айды теріс көрсеткіштермен аяқтады (Nasdaq индексінің құлдырауы қаңтарда 2008 жылдан бері, ал S&P 500 – 2009 бері барынша жоғары болды), сондай-ақ отандық компаниялардың акцияларының құнына қаңтардағы қайғылы оқиғалар әсер етті, оның нәтижесінде инвесторлар қазақстандық компаниялардың акцияларын сатуға бейім болды

Қазақстандық компаниялардың Лондон қор биржасында саудаланатын  бағалы қағаздары қаттырақ теріс әсерге ұшырады. Олардың ішінде қаңтар айының қорытындылары бойынша анағұрлым төмендеуді Kaspi.kz (-26,77%), Халық банк (-21,63%) және Қазатомөнеркәсіп (-14,89%) көрсетті.

Сонымен қатар металлургия секторындағы компаниялардың акциялары да теріс динамикамен көрінді. Polymetal өз шығындарының күтілетін ұлғаюы туралы хабарламалар жағдайында  19,75%-ға төмендеді: 2022 жылы күрделі шығындар шамамен 700 млн АҚШ долл. құрайды, бұл алдыңғы болжамнан 90 млн АҚШ долл. жоғары. Сондай-ақ Polymetal 2022 жылы оның ақшалай шығындары шамамен 20%-ға өсіп, алтын эквиваленттің унциясына 850-900 АҚШ долл. құрайды деп күтеді. Қазақстандағы қаңтар оқиғалары Central  Asia  Metals-тың операциялық қызметіне ешқандай әсер еткен жоқ деген компания СЕО-сының 7 қаңтардағы ресми мәлімдемесіне қарамастан, Central  Asia  Metals  баға белгілеулері 14,97%-ға төмендеді.

Қаңтар ішінде ауытқуларға ең аз ұшыраған  ҚазТрансОйл,  Банк  ЦентКредит  және  Қазақтелеком  баға белгілеулері болды – айдың қорытындылары бойынша ҚТО мен БЦК акциялары тиісінше 1,27%-ға және  0,63%-ға өсті, ал Қазақтелеком акциялары 1,12%-ға төмендеді.

Қаңтарда AIXQI индексіне Kcell акциялары енді. Ұялы байланыс операторы индекс құрамындағы дебюттік айды 4,77%-ға өсумен аяқтады. Компания қаңтар оқиғалары уақытында орын алған интернетке қолжетімділіктегі жаңылыстардың нәтижесінде дауыс және SMS трафиктерінің елеулі түрде өскені туралы есеп берді. 5 – 10 қаңтар аралығында компания абоненттерінің орташа күндік дауыс трафигі 2021 ж. желтоқсанмен салыстырғанда 75%-ға артты. Шығыс SMS-тер сервисі бойынша ең жоғарғы мән 8-нен 9 қаңтарға қараған кезеңде болып, сағатына 3,6 млн-нан аса SMS құрады, бұл әдеттегі күнгі орташа мәннен 116 есе көп.

Жауапкершілікті шектеу

Осы материалдар бағалы қағаздарды сатып алу немесе сату ұсынысы ретінде қаралмауы тиіс. Инвесторлар мен нарықтың басқа да қатысушылары бағалы қағаздарға инвестициялау туралы шешім қабылдаған кезде өз ой-пікірлері мен тәжірибелеріне сүйенулері тиіс. Осы құжатта берілген материалдар тек қана ақпараттық сипатқа ие және шынайы деп қаралатын жария дереккөздердегі ақпаратқа негізделген. Осы құжатта сипатталған бағалы қағаздар барлық юрисдикцияларда немесе инвесторлардың белгілі бір санаттарына сатуға жатпауы мүмкін. Инвестициялардың құны азаюы да, сол сияқты ұлғаюы да мүмкін және инвесторлар бастапқы инвестициялаған соманы түбінде жоғалтуы да мүмкін. Инвестициялық құралдардың бағалары мен инвестициялардың өткен кездердегі табыстылығының көрсеткіштері инвестициялардың болашақтағы нәтижелерін бағалау үшін бағдар бола алмайды.  Шетелдік валюта бағамының өзгерістері де инвестициялар құнының  азаюын немесе ұлғаюын тудыруы мүмкін. Инвестициялардың құнына немесе инвестициялардан түсетін табысқа әсер ететін басқа тәуекел факторларына, басқалармен қатар, саяси, экономикалық, кредиттік және нарықтық тәуекелдер кіреді. Инвестициялау туралы шешімдер қабылдар алдында инвестициялық консультация берушімен кеңесіп алу қажет. Осы құжатта ұсынылған ақпаратты компанияның жазбаша рұқсатынсыз кез келген мақсат үшін толығымен немесе ішінара қайта басып шығаруға, қайталап таратуға немесе жариялауға болмайды. Үшінші тұлғалардың осыған қатысты әрекеттері үшін компания да, оның қандай да бір үлестес тұлғасы да ешқандай жауапкершілік алмайды. Қосымша ақпарат пен  ілеспе құжаттама сұраныс бойынша ұсынылады.