Freedom Holding Corp-тың $50 млн сомасын құрайтын борыштық облигациялары AIX-қа шығарылған

30 декабря 2019

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Freedom Holding Corp-тың борыштық облигацияларының AIX-тің ресми тізіміне енгізілгеін қуана хабарлайды.  Шығарылым жалпы сомасы  50 млн $-ға 2022 жылғы желтоқсанда өтеу мерзімімен және жылдық 7%-дық сыйақы ставкамен АҚШ долларымен  белгіленді.  $50 млн-ның $ 14 млн-ы AIX платформасы арқылы инвесторлар өтінімдерінің кітабын қалыптастыру барысында тартылды.

Облигациялар АХҚО-ның нарықтық қызмет туралы Ережелеріне сәйкес аккредиттелген инвесторлар үшін саудаласуға қолжетімді.

Саудаласулар 2019 жылғы 31 желтоқсанда басталады.

Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры, сондай-ақ AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. Биржа осылайша инвестициялаудың сенімді шарттарын  қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді. AIX миссиясы Қазақстанда және өңірлерде жеке және мемлекеттік бизнеске қаржыландыруды тартуда түсінікті және тиімді жағдайлар жасау есебінен капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол»бастамасы шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты — халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz

Freedom Holding Corp. — инвестициялық саладағы қызметтердің кең спектрін ұсынатын бірнеше еншілес кәсіпорындары бар корпорация: бағалы қағаздармен бөлшек брокерлік операциялар, инвестициялар саласында зерттеулер, консультациялар, нарықты зерделеу, ТМД аумағында корпоративтік, банктік және андеррайтингтік қызметтер көрсету. Компания Astana International Exchange, Қазақстан қор биржасының (KASE), Мәскеу биржасының (MOEX), Санкт-Петербург биржасының (SPB), «Тошкент» республикалық қор биржасының (UZSE) және Украина биржасының кәсіби қатысушысы болып табылады. Компанияның бас кеңсесі Алматыда (Қазақстан), жедел орталықтары – Ресей мен АҚШ-та орналасқан. Компанияның филиалдары мен кеңселері Қазақстан, Ресей, Қырғызстан, Украина, Германия, Кипр елдерінде бар. Қазіргі уақытта хлдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market-те, Қазақстан қор биржасында және Санкт-Петербург биржасында ссаудалануда.  www.freedomholdingcorp.com

БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]