AIX Орталық депозитарийі «Ситибанк Қазақстан» АҚ кастодиандық қызмет көрсету үшін оның қатысушысы атанғанын хабарлайды

22 Қараша 2022

Astana International Exchange (AIX) «Ситибанк Қазақстан» АҚ AIX Орталық депозитарийінің (AIX CSD) қатысушысы атанғанын қуана хабарлайды, бұл халықаралық институционалдық инвесторларға өз активтерін AIX CSD-де «Ситибанк Қазақстан» АҚ-ның кастодиандық шотында сақтауға мүмкіндік береді.

Ситибанк Қазақстандағы өз қызметін 1994 жылы бастаған. Қазақстанда Ситибанк арқылы елде жұмыс істейтін заңды тұлғалардың төлемдерінің едәуір үлесі өтеді.

«Ситибанк Қазақстан» АҚ Басқарма Төрайымы Сәуле Жақаева:

«Қазақстанда біз жаһандық Citi-дің өсу мен прогреске ықпал ету миссиясын ұстанамыз. AIX Орталық депозитарийімен әріптестік орнатуымыз «Ситибанк Қазақстан» АҚ және біздің клиенттеріміз, оның ішінде халықаралық инвесторлар мен Қазақстан Республикасының Үкіметі үшін маңызды оқиға болды».

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – 2018 жылы жұмысын бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті – ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде орнығу. www.aifc.kz