Chocofamily облигациялары AIX ресми тізіміне қосылды.

25 декабря 2020

Astana International Exchange (AIX, Биржа) Қазақстандағы электрондық коммерция саласында әртүрлі қызметтер ұсынатын аса ірі компаниялардың бірі — «Chocofamily Holding» («Chocofamily») ЖШС 15 млн. АҚШ доллары сомасында жария облигациялар бойынша AIX-тегі листинг рәсімінен сәтті өткенін қуана хабарлайды.

Сыйлықақы мөлшерлемесі 10.25% және өтеу мерзімі 2023 жыл болып табылатын, әрқайсысының номиналды құны 100 АҚШ долларын құрайтын облигациялар «Астана» халықаралық қаржы орталығының («АХҚО») заңнамасына сәйкес шығарылған.

AIX Басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп атап өтті:

 «Біз Chocofamily командасын біздің алаңымызда қошеметтейміз және оларды келешекте де компания өскен сайын қолдауға әзірміз».

Chocofamily Holding басқармасының төрағасы Рамиль Мухоряпов:

«АІХ-пен бірге біз прецедент құрудамыз – Қазақстан тарихында алғаш рет интернет компания облигацияларын сәтті орналастыруда. Соңғы 10 жыл ішінде Chocofamily долларлық бағалаумен 300-ден аса өсті, келесі 4-5 жылда біз 20 есе өсуді және ІРО өткізуді жоспарлап отырмыз. Мұндай қарқын жағдайында облигациялық қарыздар арқылы өсуді қаржыландыру компания  үшін – капиталдың өлшемделген құны тұрғысынан анағұрлым тиімді нұсқа, ал біздің инвесторларымыз үшін – капиталға жоғары қайтарым алу мүмкіндігі».

Анықтама үшін:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасы да болып табылатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығының юрисдикциясындағы нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы — жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыру тартуы үшін айқын және жайлы жағдайлар ұсыну есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен  құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты – қаржылық қызметтер көрсететін халықаралық деңгейдегі жетекші орталық қалыптастыру. АХҚО міндеттері ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтер көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. Толығырақ: www.aifc.kz