1. Бас бет
  2. Мансап
  3. Біздің командамыз

Біздің командамыз

Біздің өсуіміз және үздік дарын иелерін тартуымыз үшін көпбейінді және инклюзивті компанияға айналу біз үшін өте маңызды. Біз қызметкерлеріміздің қолдау мен құрметті сезініп, жынысына, жасына, ұлты мен дініне немесе кез келген басқа да сипаттамаларға байланыссыз өз әлеуеттерін толығымен іске асыру мүмкіндігіне ие болуларын қалаймыз.

Біз барлық қызметкерлерге ілгерілеу үшін әділ және тең мүмкіндіктерді кепілдендіре отырып, білім алу мен дамуға қолжетімділікті барша үшін қамтамасыз етеміз.

Біз қызметкерлерді тек қана олардың жұмыс үшін қажетті біліктілігін, тәжірибесін, қабілеттері мен құзыреттерін ескере отырып қана жұмысқа жалдаймыз, ілгерілетеміз және ынталандырамыз. Біз шығу тегі әртүрлі және көзқарастары әралуан адамдарды жұмысқа тартуға, ұстауға және уәждеуге ұмтыламыз. Біз кемсітушілікке жол бермеу және, мүмкіндігінше, кең гендерлік теңгерімге қол жеткізу саясатын әрқашан ұстанатын боламыз. Біз ерлер мен әйелдердің жұмыс орнындағы теңдігінің маңыздылығын мойындаймыз және біздің адамдарымыздың тең құқықтарға, міндеттер мен мүмкіндіктерге ие болуы туралы қам жейтін боламыз.

Біздің Құндылықтар мен Миссия

Айжан Орақбаева

Реттеу және Комплаенс департаментінің аға сарапшысы
Әйелдерге мансаптық жол құру жеңіл ме?
Қор биржасында жұмыс істеу несімен қызықты? #AIXteam бейне айдарының кейіпкері – Айжан Орақбаева.
Айжан – Реттеу және Комплаенс департаментінің аға сарапшысы. Айжанның AIX-те жұмыс істегеніне 2 жыл. Одан бұрын банк саласында 4 жыл қызметте және 9 жыл декреттік демалыста болған. AIX-те Айжан сұхбаттың төрт ...

Әлімхан Жапар

UI/UX дизайнері
AIX-тің әрбір қызметкерінің өзіндік бірегей кәсіби оқиғасы бар және біз сіздермен олардың қызықты тәжірибесімен бөлісетін боламыз. Енді бұл айдар бейне форматта да жасалатын болады және оның бірінші кейіпкері — AІХ-тің UI/UX дизайнері Әлімхан Жапар. Неліктен ол өзінің қызмет жолын AIX-пен байланыстыруды шешті және биржаны басқа ұйымдардың арасында не ерекшешелейді? AIX ...

Анна Колесниченко

АІХ Орталық депозитарийінің бас директоры, АІХ Тіркеушісінің бас директоры
Жоқтан бастаудан қорықпаймын Алматы банк колледжін «Банк ісі» мамандығы бойынша, «Тұран» университетін «Қаржы және несие» мамандығы бойынша бітірдім, сосын Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінде «Іскерлік әкімшіліктендіру магистрі» біліктілігін алдым. 1994 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Мемлекеттік құндылықтар қоймасында, сосын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде жұмыс істедім. 1997 жылдан бастап 2015 жылдың ортасына ...

Дарико Байдосова

Бөлшек сауда операциялар департаментінің басшысы
Басқалардың бәрі сияқты емес Манчестерде университет бітіргеннен кейін мен алған бар білімімді қолданып, өз еліме пайдамды тигізу үшін Қазақстанға ораламын деп шешім қабылдадым. Қазақстандық банкте бөлшек сауда бөлімінде жұмыс істей бастадым. Дәл сол кезде АХҚО жобасы туындай бастаған болатын, қаржы саласында жұмыс істейтін менің таныстарым ол туралы көп әңгімелеп, оның ...

Жанар Акжанова

Нарықпен және оның қатысушыларымен жұмыс жөніндегі департамент директоры
Жаңа көкжиектерді ашу АХҚО органдарында жұмыс істегенге дейін менің «үлкен төрттікте» – дублиндік Ernst&Young кеңсесінде, содан кейін «Бәйтерек» ҰБХ-ның Астанадағы еншілес құрылымында жұмыс істеу тәжірибем бар болды. 2016 жылы АХҚО-ның құрылатыны туралы хабарланғанда, осында – өршіл міндеттер қойып, жаңа көкжиектер ашатын жаңа ұйымда жұмыс істеу мені қатты қызықтырды, сондықтан да ...

Жәмилә Жақып

Нарықты дамыту департаментінің экс-бас менеджері
Консалтингтен Big Data-ға. Қаржы саласында өз орныңды қалай табуға болады
Үйреншікті қызмет саласын айырбастап, өз өзіңді тегеурінге салу – оңай міндеттердің бірі емес. Жолайрыққа жеткен тұста, адам абдырап қалады. Бірақ көбінесе өзіңді өзің табуға біреудің басынан кешкен оқиғалардың көмегі тиеді. Біздің материалымыздың кейіпкерлерінікі сияқты. Декрет – тұлғалық өсу уақыты Мен ...

Қуаныш Камалиденов

Ақпараттық-технологиялық процесстердің экс-басшысы
Алғы шеп Білімді Қазақстанда алдым, тағылымдамадан Нью-Йоркте өттім, онда телекоммуникациялық компанияда жұмыс істеудің орайы келді. Бұл маған кәсіби тұрғыдан зор ықпал жасаған өте құнды тәжірибе болды. АІХ-ке дейін egov.kz электронды үкіметінің порталын жетілдіру және оны техникалық қолдауға басшылық еттім, оның қызметіне әрбір қазақстандық жоқ дегенде бір рет жүгінді деп сенемін. ...

Мадина Артурова

Реттеу және комплаенс департаментінің экс-аға менеджері
#AIXteam бейне айдарының жаңа кейіпкері – Реттеу және комплаенс департаментінің аға менеджері Мадина Артурова.
AIX командасынының бір мүшесі болмас бұрын Мадина үш деңгейлі сұхбаттан өтті. HR маманмен, реттеу және комплаенс командасымен және биржаның қаржы директорымен сұхбаттасқанда Мадина көптеген сұрақтарға жауап берді. Ал AIX-те сұхбат барысында қандай сұрақтар мүлдем қойылмайтынын білгіңіз ...

Роман Жердентапқанов

Инфрақұрылым инженері
Командамыздың мүшелерімен таныстыруды жалғастырамыз. #AIXteam айдарының бүгінгі кейіпкері – ІТ командасындағы инфрақұрылым инженері Роман Жердентапқанов.
Ол биржаның ақпараттық жүйелеріне қызмет көрсету жұмысын жүргізеді. Роман AIX сауда қозғалтқышы және Tabys бағадарламасының жұмысы жайлы барлығын біледі. Алайда ол ІТ-саласына келіп, AIX командасының мүшесі болмай тұрып, басқа салаларда жұмыс істеген. Еңбек жолын толықтай ...

Салтанат Маширова

Киберқауіпсіздік саласының маманы
AIX ұжымдағы отбасылық атмосфера Astana International Exchange өз қызметкерлерінің өсуі мен дамуына белсенді атсалысады. АІХ-тің әрбір мүшесі мен бұрынғы мүшесінің АІХ-тегі кәсіби дамуы және қалай өскені жайлы бірегей тарихы бар. Бүгін киберқауіпсіздік саласының маманы, Салтанат Машированың жетістіктері жайлы сөз болады. «Менің өмірдегі ең сәтті шешімдерімнің бірі 2018 жылы Astana International ...

Талғар Болат

Белдеу және Жол сегменті басшысы
Жұмыс сіздердің басты әуестіктеріңіз керек Мен этникалық қазақпын, бірақ Қытайда туғанмын. Шанхай университетін бітіргеннен соң Қытайда білім беру саласында кәсіби қызметімді бастадым. Алайда екі жылдан кейін Алматыға КИМЭП университетіне ауыстым, қаржы саласында МВА дәрежесін алдым, сосын маркетингпен және студенттер қабылдаумен айналысып, бағдарламалар менеджері болып жұмыс істедім. Мен АІХ-ке ол дәл ...