Біздің өсуіміз және үздік дарын иелерін тартуымыз үшін көпбейінді және инклюзивті компанияға айналу біз үшін өте маңызды. Біз қызметкерлеріміздің қолдау мен құрметті сезініп, жынысына, жасына, ұлты мен дініне немесе кез келген басқа да сипаттамаларға байланыссыз өз әлеуеттерін толығымен іске асыру мүмкіндігіне ие болуларын қалаймыз. Біз барлық қызметкерлерге ілгерілеу үшін әділ және тең мүмкіндіктерді кепілдендіре отырып, білім алу мен дамуға қолжетімділікті барша үшін қамтамасыз етеміз.
Біз қызметкерлерді тек қана олардың жұмыс үшін қажетті біліктілігін, тәжірибесін, қабілеттері мен құзыреттерін ескере отырып қана жұмысқа жалдаймыз, ілгерілетеміз және ынталандырамыз. Біз шығу тегі әртүрлі және көзқарастары әралуан адамдарды жұмысқа тартуға, ұстауға және уәждеуге ұмтыламыз. Біз кемсітушілікке жол бермеу және, мүмкіндігінше, кең гендерлік теңгерімге қол жеткізу саясатын әрқашан ұстанатын боламыз. Біз ерлер мен әйелдердің жұмыс орнындағы теңдігінің маңыздылығын мойындаймыз және біздің адамдарымыздың тең құқықтарға, міндеттер мен мүмкіндіктерге ие болуы туралы қам жейтін боламыз.
БІЗДІҢ МИССИЯМЫЗ
Біздің миссиямыз – бизнес пен инвесторларға инновациялық өнімдер мен қызметтерді ұсыну арқылы Орталық Азияда және одан тыс жерлерде сенімді және өтімді капитал нарықтарын дамыту.
Инновациялар мен өзгерістер
- Біз өзгерістерді құптаймыз және инновацияларды енгіземіз
- Біз үнемі даму үстіндеміз және өзімізді, компаниямыз бен қоршаған ортаны жақсартуға тырысамыз
- Біз тәжірибеден қорықпаймыз
- Біз ең заманауи технологияларды жасап, қолданысқа енгіземіз
Кәсіби түрде және қауіпсіз
- Біз нарықтарымызда сенімділікті арттыру үшін өнімдер мен қызметтерді ұсынамыз
- Біз көрсетілетін қызметтердің сапасы жоғары болуына ұмтыламыз
- Біз нарықтар мен азаматтарға арналған сенімді шешімдер жасаймыз
- Біз үздік халықаралық тәжірибелер мен стандарттарды ұстанамыз
Бір команда
- Біз – AIX-тің біртұтас командасымыз
- Біз бір-бірімізді құрметтейміз және бір-бірімізге сенеміз
- Біз бірге өсіп, даму үшін бір-бірімізді қолдаймыз және сынаймыз
- Біз ортақ мақсаттарға қол жеткіземіз