Astana International Exchange Дүниежүзілік биржалар федерациясының мүшесі болды

24 сентября 2021

Astana International Exchange (бұдан әрі – «AIX») биржалар мен клирингтік орталықтардың жаһандық салалық қауымдастығы болып табылатын және нарық инфрақұрылымының 250-ден аса қатысушысын біріктіретін Дүниежүзілік биржалар федерациясына(«WFE», «Федерация») толыққанды мүше ретінде қабылданды. АІХ іріктеудің қатаң процедураларынан өткеннен кейін, Федерация мүшелері WFE 60-шы Бас ассамблеясында АІХ-тің мүше болуы үшін бейесімді түрде дауыс берді.

WFE мақсаты әлемдік капитал нарықтарының қажеттіліктерін олардың тұтынушыларының ең ізгі мүдделері үшін қанағаттандыру мақсатында бағалы қағаздар мен туынды қаржылық құралдардың ұйымдастырылған және реттелетін нарықтарын дамытуға, қолдауға және ілгерілетуге жәрдемдесу болып табылады.

WFE әділ, мөлдір, орнықты және тиімді нарықтарды дамытуды қолдау және жәрдем көрсету мақсаттарында бүкіл әлем бойынша стандарттар мен саясаттар әзірлеушілермен, реттеуші органдармен және үкіметтік ұйымдармен ынтымақтасады. WFE реттеуші органдардың жаһандық қаржы жүйесінің қауіпсіздігі мен тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаттарына қосылады.

Нандини Сукумар, WFE бас атқарушы директоры былай деп атап өтті:

Біз АІХ-ті WFE мүшесі ретінде қуана қошеметтейміз. Біздің критерийлеріміз, процесіміз бен тексерісіміз қатаң, олар биржа жұмыс істейтін нарықтың құрылымы мен реттеу ортасын талдау, сонымен қатар оның стейкхолдерлерімен сұхбаттасу және Федерацияның басқа қатысушыларының тексеруін қамтиды. АІХ  биржалық алаңдарға арналған біздің қағидаттарымызда жазылған WFE стандарттарына сәйкес келетін, бүкіл әлемдегі басқа 68 биржаға қосылады”.

Ренат Бектұров, AIX басқармасының төрағасы, былай деп түсіндірді:

“Біз биржалардың жаһандық қоғамдастығына қосылуға қуаныштымыз. Бұл мүшелік АІХ- ті әлемдегі жетекші биржалардың ең жоғары стандарттарына жауап беретін нарық ретінде тағы бір рет тану болып табылады және инновациялық және серпінді жергілікті капитал нарығын дамытуда маңызды рөл атқарады».

Анықтама:

AIX биржасы 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа өз қызметін ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жүзеге асырады, осы арқылы инвестициялық қызметті жүргізудің сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Қосымша ақпарат www.aix.kz сайтында қолжетімді

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалдық реформаны жүзеге асыру жөніндегі 100 қадам» Ұлт жоспарының шеңберінде құрылған 2020 жылғы 2 шілдеде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы шеңберінде Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Оған сәйкес АХҚО пайымы Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО елдері, Батыс Қытай, Моңғолия және Шығыс Еуропа кіретін өңірде жетекші халықаралық қаржы орталығы ретінде қалыптасуда болып табылады. АХҚО миссиясы өңірдің тұрақты ұзақмерзімді дамуына жәрдемдесу болып табылады. Мемлекет Басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің бірегей мүмкіндіктерімен өңірдегі елдерді байланыстыратын әмбебап платформа ретінде бола алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттарына тұйық цикл экономикасын, қаржы технологияларын және «цифрлық қаржы орталығын» дамыту кіреді». https://aifc.kz/

WFE.  1961 жылы құрылған, WFE биржалар мен клирингтік орталықтардың жаһандық салалық қауымдастығы болып табылады. Компанияның штаб-пәтері Лондонда орналасқан және ол биржалық топтардың бөлігі болып табылмайтын автономды ССР-ларды қоса, нарықтық инфрақұрылымның 250-ден аса өнім берушісі атынан өкілдік етеді. WFE мүшелерінің 35% -ы  Азия-Тынық мұхиты өңірінде, 45%-ы – EMEA елдерінде және 20%-ы — Солтүстік және Оңтүстік Америкада. WFE мүшесі болып табылатын биржаларда 47 919 компания листингтелген. Олардың нарықтық капиталдандырылуы 109 триллионнан аса АҚШ долларын құрайды (2020 жылдың аяғына).