AIХ Директорлар кеңесінің құрамында өзгерістер орын алды

30 октября 2020

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») Директорлар кеңесінің құрамына өзгерістер енгізілгені туралы хабарлайды. 2020 жылғы 1 қарашада мерзімдер аяқталуымен байланысты тәуелсіз директор Мақсат Қабашев пен АХҚО әкімшілігінен ұсынылған директор Темірлан Мұханбетжановтың өкілеттіктері тоқтатылды. АІХ командасы олардың Биржаның дамуына қосқан елеулі үлестері үшін алғыс білдіреді.
Акционерлердің шешімімен тәуелсіз директор болып Джанет Хекман, ал АХҚО әкімшілігінен директор болып Джеймс Мартин тағайындалды. Тағайындаулар реттеуші тарапынан бекітілуге жатады. Тәуелсіз директорлар Джонатан Стивен Истонның және Мартин Джозеф Демпсидің өкілеттіктері бір жылға ұзартылды. АХҚО әкімшілігінен ұсынылған директор Нұрлан Құсайыновтың және SSE (Шанхай қор биржасы) ұсынған директор Лю Шаотунның өкілеттіктері үш жыл мерзімге ұзартылды.
Осылайша, АІХ акционерлерінің Жалпы жиналысымен Кеңестің 2020 жылғы 1 қарашадан бастап әрекет ететін және реттеуші тарапынан бекітілуі тиіс келесі құрамы бекітілді:

  • Кеңестің Төрағасы, Директор – Нұрлан Құсайынов (АХҚО әкімшілігінің өкілі)
  • Тәуелсіз директор – Джонатан Стивен Истон
  • Тәуелсіз Директор – Мартин Джозеф Демпси
  • Тәуелсіз директор – Джанет Хекман (2020 жылғы желтоқсанда лауазымын атқарауды бастайды)
  • Директор – Лю Шаотун (SSE өкілі)
  • Директор – Джеймс Мартин (АХҚО әкімшілігінің өкілі)

Директорлар кеңесінің жаңа мүшелерінің қысқаша өмірбаяндары

Джанет Хекман Еуропа қайта құру және даму банкінде (ЕҚДБ) 2017 жылғы ақпаннан бастап 2019 жылғы желтоқсан аралығында Оңтүстік және Шығыс Жерорта теңізі өңірі (ОШЖТ) бойынша басқарушы директор лауазымын атқарды.Ол Каирде жұмыс істеді, сонымен қатар ЕҚДБ-ның Египет жөніндегі директоры болды.
Хекман ханым ЕҚДБ-да жұмыс істеуді Citi-ден кейін 2012 жылғы шілдеде, Алматыда, Қазақстан жөніндегі директор болып бастады. 2019 жылы Джанет Air Astana Директорлар кеңесінің тәуелсіз директоры болып тағайындалды. Өзінің Citi-дегі ұзақ қызмет атқаруы кезеңінде ол Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (ЕТША) елдері жөніндегі корпоративтік және инвестициялық секторда басқарушы директор лауазымын және ЕТША өңіріндегі жергілікті бөлімшелерде бірқатар функцияларды атқарды, сонымен қатар Орталық Еуропа, Таяу Шығыс және Африка (ОЕТША) елдерінде жаһандық банк қарым-қатынастары үшін жауапты болды.
Хекман ханымның Колумбия округі, Вашингтондағы Джорджтаун университетінің дипломатиялық қызмет бойынша үздік дипломы мен магистр дәрежесі және Огайо штатындағы Кеньон-колледждің тарих бакалавры дәрежесі бар. Сонымен қатар Ливанда, Бейруттың Америкалық университетінде оқыған.

Джеймс Мартин – АХҚО Business Connect бас директоры және АХҚО Басқарушылар кеңесінде инвестициялар жөніндегі бас директор. Мартин мырза АХҚО-ға бас директордың орынбасары ретінде 2019 жылғы маусымда келді, ал одан бұрын 15 жыл Еуропада және Таяу Шығыста Nasdaq-та жұмыс істеген және бизнесті дамыту, сатулар және консультация берумен айналысқан. Бұған дейін ол Лондонда және АҚШ-та қаржы секторында, активтерді басқару, бағалы қағаздармен кредиттеу және кастодиалдық банк қызметтерін көрсету салаларында жұмыс атқарған.

Анықтама:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ    AIX акционерлері болып табылады. Биржа инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз ете отырып, ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істейді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz

АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген. АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. www.aifc.kz