AIX үздік брокерлерді марапаттады

31 января 2025

Astana International Exchange (“AIX”, “Биржа”) 2024 жылдың нәтижелерін қорытындылап, 11 номинация бойынша Биржаның белсенді брокерлері мен сауда мүшелерін жариялады.

  1. Үлестік құралдар бойынша үздік брокер – Freedom Finance АҚ, Title Broker International Ltd., Wood & Company
  2. Қарыздық құралдар бойынша үздік брокер – Freedom Finance Global PLC, Teniz Capital Investment Banking АҚ, Freedom Finance АҚ
  3. Бөлшектік сегментті дамытқаны үшін – Halyk Bank
  4. Үздік инвестмент-банкинг тобы – Freedom Finance АҚ
  5. Жыл серпілісі — Title Broker International Ltd.
  6. Үздік банк-кастодиан – Citibank Kazakhstan
  7. Жылдың ESG облигациялары — Halyk Finance JSC
  8. Жылдың үздік қаржылық кеңесшісі — SkyBridge Invest JSC
  9. Жыл мәмілесі – BCC Invest
  10. Қарыздық құралдар көшбасшысы — Teniz Capital Investment Banking JSC
  11. Үздік шетелдік брокер — Wood & Company

Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) –2018 жылы жұмыс істей бастаған тәуелсіз юрисдикция. 2025 жылға дейінгі даму стратегиясына сәйкес АХҚО-ның негізгі міндеті ЕАЭО, Орталық Азия және Кавказ елдерін байланыстыратын әмбебап платформа ретінде беку болып табылады. www.aifc.kz