Astana International Exchange («AIX», «Биржа») халықаралық инвесторлар мен тау-кен компаниялары арасында Қазақстанның тау-кен саласындағы үрдістерге және экономикалық ахуалдың нашарлауына қарамастан қолжетімді болып табылатын инвестициялық мүмкіндіктерге қатысты ақпарат пен пікір алмасуға арналған іс-шара өткізді.
Тау-кен саласының келешегі туралы панельдік пікірсайыс AIX капитал нарықтарының «Экономикалық тұрлаусыздық жағдайында жаңа шынайылықты іздеу» тақырыбындағы үшінші жыл сайынғы форумы аясында онлайн-пішімде өтті.
Панельдік сессияға Еуропаның, АҚШ-тың және Қытайдың тау-кен саласы бойынша маманданатын инвестициялық қорларының 25 астам өкілі қатысты.
AIX Құқықтық мәселелер жөніндегі басқарушы директоры Арман Тастанбеков былай деп атап өтті:
«Қазақстан қатты пайдалы қазбалардың қорлары мен ресурстары бойынша әлемдік көшбасшылардың бірі болып табылады, бірақ жиі жағдайда барлаумен және игере қазумен айналысатын орташа және ұсақ тау-кен өндіруші компаниялар инвестициялар тарту барысында қиындықтарға тап болады. Тау-кен компаниялары үшін қаржыландыруға қол жеткізуді оңайлататын арнайы жаңа сегментті іске қосу арқылы AIX тау-кен саласы үшін Торонто мен Сиднейдің жетістігін қайталап, өңірлік қаржы орталығы болу мүмкіндігіне айнала алады».
«Тау-Кен Самұрық» АҚ Басқарма төрағасы Қанат Құдайберген былай деп түсіндірді:
«Қазіргі сәтте еліміздің тау-кен саласына инвестициялар тарту үшін көп нәрсе жасалды. Жер қойнауын пайдалану құқығына ие болуды едәуір жеңілдететін «Жер қойнауы туралы кодекс» іске қосылды. Беріліп жатқан лицензиялардың саны күрт өсті, бұл – инвесторлар тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін куәландыра түседі. Тау-Кен Самұрық, өз кезегінде, Қазақстандағы геологиялық-барлау жобаларын бірлесіп іске асыру үшін юниорлық компанияларды қолдау бағдарламасын іске қосты. Аталып өткен шаралардың барлығы мультипликативтік әсер беретініне және саланың дамуына түрткі болатынына сенімдімін».
Aurora Minerals Group серіктесі Қайсар Қожамұратов былай деді:
«Ағымдағы мезетте Қазақстанда юниорлық нарықты оның толық шамасында дамыту үшін қаржы құралдары көп емес. Біздің геологиялық барлау жұмыстары түріндегі қолдау бағдарламамыз юниорлар нарығын дамытуды және экономиканың бұл саласының сапалы өсуін қамтамасыз етуді көздейді. Инвесторлар, ірі трансұлттық және шетелдік компаниялар, жер қойнауын пайдаланушы юниорлар өздерінің айналасында Қазақстандағы геологиялық барлаудың нақты нарығын құрып, бүкіл саланы соңдарынан ерте алады».
AIX форумы «Астана» Халықаралық қаржы орталығы ұйымдастырған «Online Astana Finance Days 2020: Құбылмалы әлемдегі нарықтар» аясында өтті.
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқық қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта шеңберінде жұмыс істей отырып, осы арқылы инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік бизнестің қаржыландыруды тартуы үшін түсінікті әрі тиімді жағдайлар жасау есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту болып табылады. AIX «Белдеу және жол» бастамасы шеңберінде тау-кен компаниялары үшін, сондай-ақ инфрақұрылымдық жобалар үшін арнайы сегменттерді дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО мақсаты — халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру. АХҚО-ның міндеттері ел экономикасына инвестицияларды тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызмет көрсету саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту және оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]