Маусым айында сауда-саттық көлемі шамамен 22 млн АҚШ долларын (9,4 млрд теңге) құрады
Astana International Exchange (Биржа, AIX) 2021 жылдың 1-30 маусым аралығындағы сауда-саттық қызметінің шолуын ұсынады. Көрсетілген уақыт ішінде сауданың жиынтық айналымы 21 930 790,61 АҚШ долларын құрады (9 363 258 521 тенге [1]).
AIX-тегі сауда-саттық көлемі 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында 101 983 082,53 АҚШ долларын құрады, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4 есе жоғары (25 587 750,35 АҚШ доллары).
AIX басқармасының төрағасы Ренат Бектуров былай деп мәлімдеді: “AIX өткен жылдың көрсеткіштерімен салыстырғанда, сауда-саттық көлемінің төрт есе өскенін мақтанышпен хабарлайды, бұл инвесторлардың корпоративті облигацияларға деген қызығушылығы мен акциялар нарығының тұрақты өсуіне байланысты. AIX инвесторлар мен эмитенттер өздерінің қаржыландыру қажеттіліктерін қанағаттыдыру үшін іздейтін сенімді биржаға айналды”.
Ай ішіндегі сауда-саттыққа шолу:
Бағалы қағаз | Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қорытындысы бойынша сатылатын акциялардың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | 2021 жылғы мәмілелердің жалпы саны | 2021 жылғы мәмілелердің жалпы көлемі |
Акционерлік кірісі бар қағаздар | ||||||||
CCBN | 23 | -53 | KZT 37 013 930,74 | -74 | 147 812 | -75 | 117 | KZT 338 549 734,77 |
FAR | 4 | -76 | USD 212 709,60 | 117 | 437 000 | 98 | 86 | USD 730 148,70 |
HSBK | 127 | 115 | KZT 336 457 155,02 | 139 | 1 987 930 | 121 | 676 | KZT 1 757 992 152,76 |
HSBK.Y | 76 | -26 | USD 232 963,14 | -34 | 15 135 | -38 | 372 | USD 1 602 488,15 |
KAP | 447 | 16 | KZT 1 087 171 725 | 4 | 84 128 | 1 | 2 377 | KZT 6 326 508 910 |
KAP.Y | 243 | -6 | USD 1 456 215,02 | -13 | 47 569 | -17 | 1,231 | USD 10 188 559,36 |
KCEL | 40 | 54 | KZT 250 708 189 | 55 | 100 735 | 58 | 120 | KZT 747 157 464 |
KCEL.Y | 1 | -94 | USD 285 | -100 | 50 | -100 | 60 | USD 834 490,64 |
KSPI | 58 | 9 | USD 607 905,04 | 196 | 6 392 | 154 | 273 | USD 3 013 490,45 |
POLY | 31 | 24 | USD 155 406,12 | -45 | 6 731 | -45 | 106 | USD 615 696,99 |
RUSE | 1 | 0 | USD 67,10 | -69 | 2 | -71 | 7 | USD 3 292,05 |
Бағалы қағаз | Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қорытындысы бойынша сатылатын акциялардың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | 2021 жылғы мәмілелердің жалпы саны | 2021 жылғы мәмілелердің жалпы көлемі |
Құрылымдалған өнімдер | ||||||||
FIPO | 8 | -20 | 37 872,53 | -28 | 1 092 | -34 | 86 | 477 704,50 |
IXA | 20 | 18 | 3 670,67 | 470 | 634 | 466 | 115 | 4 930,81 |
IXB | 22 | 22 | 5 177,37 | 525 | 857 | 517 | 125 | 36 063,37 |
IXD | 22 | 5 | 46 621,87 | 62 | 4 798 | 64 | 128 | 126 394,23 |
IXE | 22 | 0 | 44 099,76 | -3 | 1 144 | -7 | 128 | 128 946,48 |
IXG | 23 | 21 | 23 650,41 | 1,776 | 1 325 | 1,793 | 126 | 49 670,94 |
IXN | 23 | 53 | 126 428,84 | -12 | 3 648 | -17 | 38 | 270 572,93 |
IXO | 21 | 5 | 10 433,46 | 460 | 541 | 415 | 125 | 17 066,49 |
IXT | 19 | 6 | 214,98 | 66 | 35 | 67 | 112 | 1 321,86 |
IXU | 23 | 10 | 91 458,10 | 29 | 2 128 | 27 | 136 | 336 961,96 |
IXY | 19 | 0 | 2 887,33 | 132 | 337 | 134 | 122 | 43 745,60 |
Бағалы қағаз | Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қорытындысы бойынша мәмілелер саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | Айдың қорытындысы бойынша сатылатын акциялардың саны | Өткен айға қатысты өзгеріс, % | 2021 жылғы мәмілелердің жалпы саны | 2021 жылғы мәмілелердің жалпы көлемі |
Тіркелген кірісі бар қағаздар | ||||||||
ALTN.1222 | 11 | N/A | USD 732 598,46 | N/A | 7156 | N/A | 26 | USD 1 419 542,22 |
BAF.0822 | 2 | -60 | USD 17 963,40 | -96 | 6 | -96 | 8 | USD 492 318,90 |
CHFH.1223 | 54 | -10 | USD 3 159 206,62 | 148 | 31 158 | 145 | 221 | USD 11 569 962,19 |
FRHC.1222 | 7 | 0 | USD 2 060 820,00 | 194 | 20 | 186 | 42 | USD 6 974 150,00 |
MFOK.0324 | 138 | 73 | KZT 1 977 556 334,70 | 137 | 1 946 442 | 134 | 349 | KZT 4 870 126 794,50 |
MFOK.0922 | 11 | N/A | USD 1 847 825,34 | N/A | 18 233 | N/A | 24 | USD 2 595 284,00 |
TFG.1221 | 2 | N/A | KZT 4 000 000 | N/A | 4 | N/A | 10 | KZT 64 995 500 |
5AOIL.0524 | 129 | 42 | USD 2 404 161,50 | 95 | 24 030 | 95 | 220 | USD 3 635 621,03 |
Анықтамалық ақпарат:
AIX. «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде 2017 жылы AIX құрылды. АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек жолы қоры мен АІХ сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ АІХ-тің акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын жалпы құқығына негізделген нормативтік-құқықтық ортаның шеңберінде жұмыс істейді, осылайша инвестициялауға сенімді жағдайларды қамтамасыз етеді. АІХ-тің миссиясы Қазақстан мен өңірде жеке және мемлекеттік бизнестерге қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және табысты шарттарды ұсыну есебінен белсенді капитал нарығын дамыту болып саналады. АІХ тау-кен компаниялары үшін арнайы сегментті, сондай-ақ «Белдеу және Жол» бастамасының шеңберінде инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен «Бес институционалды реформаны іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт жоспары аясында құрылды. 2020 жылдың 2 шілдесінде АХҚО Басқару кеңесінің отырысы аясында Орталықтың 2025 жылға дейінгі даму стратегиясы қабылданды. Құжатқа сай, АХҚО Орталық Азия, Кавказ, ЕАЭО, Батыс Қытай, Моңғолия мен Шығыс Еуропа елдеріндегі алдыңғы қатарлы қаржы орталығы болып қалыптасу көзделген. АХҚО міндеті өңірдің ұзақмерзімді тұрақты дамуына ықпал ету. Мемлекет басшысы Қ.Тоқаев атап өткендей, «АХҚО өзінің теңдессіз мүмкіндіктерімен өңір елдерін байланыстырушы ерекше платформаға айнала алады». АХҚО-ның тұрақты дамуының стратегиялық бағыттары жабық циклді экономика, қаржы технологиясы мен «цифрлық қаржы орталықты» дамытуды қамтиды. https://aifc.kz/