«Астана» халықаралық биржасы («AIX», «Биржа») мен шектес және дамушы нарықтардағы «Ренессанс Капитал» жетекші инвестициялық банкі «Kazakhstan in Focus Day» онлайн-конференциясын өткізді. Бұл мамандандырылған өңірлік іс-шараға қазақстандық компаниялар мен басқарудағы активтерінің жалпы көлемі 6,2 трлн АҚШ долларынан асатын соманы құрайтын 40-тан аса жаһандық қорлардың өкілдері жиналды.
Дөңгелек үстелге қатысушылар қазақстандық экономиканың және әлемдегі капитал нарықтарының Covid-19 пандемиясынан кейінгі проблемалары мен мүмкіндіктерін талқылады. Жоғары лауазымды қатысушылар қазақстандық экономикадағы ағымдық процестер мен негізгі мемлекеттік активтерді жекешелендіру бағдарламасы жөнінде, сонымен қатар құрылымдық өзгерістер мен өсу мүмкіндіктері туралы өз пікірлерімен бөлісті.
Қазақстандық жетекші кәсіпорындар – «Самұрық-Қазына», Kaspi.kz, «Қазақтелеком», Air Astana, «Қазақстан Темір Жолы», Magnum Cash & Carry топ-менеджерлері инвесторларға өз компанияларындағы соңғы оқиғалар туралы айтып берді. Олар өздерінің бизнес-модельдерін трансформациялауды, клиенттерге қатысты тәсілдемелердің өзгерістері мен ұзақмерзімді перспективаларды талқылады.
AIX басқармасының төрағасыТим Беннетт былай деп түсіндірді:
«Инвесторлар үшін қолайлы жағдайлар, эмитенттер, баға белгілеу мен маркетинг, сонымен қатар үкіметтің қолдау көрсету саясаты бар болып тұрғанда, биыл Қазақстанның капитал нарығының дамуын ынталандыру үшін тамаша мүмкіндік қалыптасуы мүмкін».
ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Әлішер Әбдіқадыров былай деп атап өтті:
«Инвестиция үшін қолайлы және сенімді орта құру, инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, корпоративтік басқарудың жоғары стандарттарын, мемлекеттік қолдау құралдарын ендіру 2021 жылы Қазақстанның қор нарығын реттеу саласындағы басты міндетке айналады».
«Самұрық-Kaзына» Ұлттық әл-ауқат қорының басқарушы директоры Ержан Тұтқышев былай деп қосты:
«Үкімет экономиканың инвестициялар тарту тұрғысынан бәсекеге қабілеттілігін арттыру үшін көп күш салуда және біздің стратегиямыз да Қазақстанға халықаралық инвесторларды тартуға бағытталған. «Самұрық-Қазына» ұзақмерзімді серіктес ретінде әртүрлі секторларда қолдау көрсетуге әзір. Біз позитивті күйді сақтаудамыз, біздің компанияларымызды ІРО-ға дайындауды жалғастырып жатырмыз және нарықтық ахуалды қадағалауды жалғастырудамыз. Егер бәрі жақсы болса, 2022 жыл LSE және AIX-те табысты орналастырулар үшін көп үміттендіретін кезең болады».
«Ренессанс Капитал» компаниясындағы Ресей және ТМД бойынша экономист Софья Донец былай деп атап өтті:
«Қазақстан Transparency International сыбайлас жемқорлықты қабылдау индексінің рейтингінде аса көп жақсартуларға қол жеткізді, сондықтан ол ТМД+ өңірінде үздік нәтижеге ие (Ресейдегіден немеес көршілес Әзербайжан мен Өзбекстандағыдан жоғарырақ). Және де біз Бизнесті жүргізу жеңілдігі индексінде де позицияның жақсарғанын көрдік – соңғы он жылдың ішінде ол екі есе жақсарды және Канада мен Германияның көрсеткіштеріне жақындады, бұл шынымен де үлкен әсер қалдырады».
Анықтама:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Голдман Сакс, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX үшін сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік орта шеңберінде жұмыс істейді, бұл инвестициялаудың сенімді шарттарын қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік компанияларға қаржыландыру тарту үшін айқын және қолайлы жағдайлар ұсыну жолымен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамытуда болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ: www.aix.kz
АХҚО. «Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған. АХҚО құру туралы Конституциялық заңға 2015 жылғы 7 желтоқсанда қол қойылды. АХҚО құру халықаралық қаржылық қызметтер көрсететін жетекші орталық қалыптастыруға бағытталған. АХҚО міндеті ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, қаржылық қызметтерге инвестициялау үшін тартымды орта құру, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту болып табылады. www.aifc.kz