AIX биржасында жыл басынан бергі сауда айналымы 1 миллиард АҚШ долларына жетіп, биржа ашылғаннан бергі сауда көлемі екі еселенді

22 октября 2024

Astana International Exchange («AIX», «Биржа») жыл басынан бері AIX  биржасындағы сауда көлемі $1 миллиардқа жеткенін хабарлайды. Осылайша, биржа ашылған 2018 жылдан бергі сауда көлемі $2 миллиардтан асты. 

Сауда көлемінің екі есе артуы жергілікті нарық мүшелерінің белсенділігіне, шетелдік жеке инвесторлар мен институционалдық инвесторлардың көбеюіне, және биржада шығарылған құнды қағаздар санының өсуіне байланысты. Бүгінде биржада 230 құнды қағаз тіркелген, оның 100-і 2024 жылы тіркелді.

AIX биржасының басқарма төрайымы Әсел Мұқажанова былай деді:

«Алғашқы миллиард доллар сауда көлеміне жету үшін бізге бес жыл қажет болды, ал екінші миллиардқа он айдан аз уақыт аралығында қол жеткіздік. Бұл қарқынды даму бес жыл ішінде құрған инфрақұрылымның арқасында мүмкін болып отыр. Осындай тұрақты фундаменттің арқасында біз ары қарай дамып, мүмкіндіктерімізді кеңейте беруге және Қазақстанның қор нарығын дамытуға дайынбыз».


Анықтамалық ақпарат:

AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы  жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат  сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz

«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz