
Astana International Exchange (AIX, «Биржа») Қазақстан Республикасының Ұлттық банкiмен бірлесе жүзеге асырған «Gold Coin» жобасы үшін Дүниежүзілік биржалар федерациясының нарықтық инфрақұрылымдағы инновациялар жүлдесін иеленген үздік үштікке кірді. Басқа лауреаттар қатарында — Nigerian Exchange Group (Нигерия) және Deutsche Börse Group (Германия).
«Gold Coin» — бұл алтынға инвестиция салуға арналған цифрлық құралдардың жаңа буыны. Бір дана «Gold Coin» 1/20 трой унция алтынға тең және толығымен Қазақстан Ұлттық банкінің алтын резервтерімен қамтамасыз етілген. Оның бағасы LBMA котировкаларына нақты уақыт режимінде байланған. «Tabys» мобильді қосымшасы арқылы инвесторлар цифрлық алтынды сатып, сата немесе сыйға бере алады, сондай-ақ портфельдерін қауіпсіз әрі ыңғайлы ортада басқара алады.
«Gold Coin»-нің ерекше қасиеті — оның бөлшектік құрылымы: әрбір монета 20 бөлікке бөлінген, бұл алтынға иелік етуді әлдеқайда қолжетімді етеді. 20 бөлік жинаған инвестор «ÚKI» монетасына айырбастай алады немесе инвестициясын цифрлық түрде ұстап қалуы мүмкін.
Бұл модель орталық банк кепілдеген активтердің сенімділігі мен цифрлық қаржының икемділігін біріктіреді, қаржылық инклюзияны кеңейтеді және алтынға инвестициялауды барлығына қолжетімді етеді.
Жарты жылдан аз уақыт ішінде AIX биржасындағы сауда айналымы 15 миллиард теңгеден асқан (шамамен 30 млн АҚШ доллары) және Tabys қосымшасы арқылы 4 500-ден астам мәміле жасалған. Қазір AIX Registrar шамамен 6 млн АҚШ доллары көлеміндегі алтынды сақтауда.
Дүниежүзілік биржалар федерациясының «Нарықтық инфрақұрылымдағы инновациялар» жүлдесі әлемдік биржалық инфрақұрылымды дамытудың және қайта бейімдеудің тамаша жетістіктерін атап өтеді. Биыл финалға әлемнің тоғыз биржасы шықты, олардың ішінде:
- Astana International Exchange (Қазақстан) — алтынға үлестік иелік пен физикалық инвестициялық монетаға айырбастау мүмкіндігін ұсынатын цифрлық өнім «Gold Coin»;
- Boerse Stuttgart Group (Германия) — криптовалютаға жауапты инвестиция салу платформасы «BISON»;
- Deutsche Börse Group (Германия) — неміс электрондық бағалы қағаздар заңы негізінде жасалған цифрлық платформа «D7», толық цифрлық өмірлік циклмен қамтамасыз етеді;
- Nasdaq (АҚШ) — нарық қатысушыларының санын арттыру үшін деректердің қолжетімділігін арттыру бастамасы;
- Nigerian Exchange Group (Нигерия) — жария орналастыруларға қолжетімділікті жеңілдететін цифрлық платформа «NGX Invest»;
- Saudi Tadawul Exchange (Сауд Арабиясы) — барлық биржа нарықтарында орналастыруға жазылу процесін оңтайландыратын орталықтандырылған капитал басқару жүйесі;
- Taipei Exchange (Тайвань) — мемлекеттік органдар мен КШБ-ларға тұрақты облигациялар шығару арқылы капиталға қолжетімділікті қолдайтын «SCAN» платформасы;
- Taiwan Futures Exchange (Тайвань) — таңғы/түнгі сессияда жеке акцияларға арналған фьючерстерді енгізу арқылы кешкі сессияны кеңейту;
- Taiwan Stock Exchange (Тайвань) — инновациялар, экожүйе құру және инвесторларды оқыту арқылы ETF экожүйесін дамыту.
AIX басқарма төрайымы Асель Мукажанова былай деп атап өтті:
«AIX және Қазақстан нарықтық инфрақұрылымдағы инновациялар үшін әлемдік деңгейде мойындалғанына ризамыз. Бұл жетістік AIX-тың инновациялар, қаржылық инклюзия және Қазақстанды жаһандық нарықтармен байланыстыратын инвестициялық шешімдер жасауға деген талпынысын айқын көрсетеді».
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz