1-4 шілде аралығында Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан Astana Finance Days конференциясы аясында Astana International Exchange (АІХ, Биржа) Қазақстан мен өңірде «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде жобаларды қаржыландыру үшін құрылған «Belt and Road Market» (BRM) арнайы сегментін дамыту бойынша негізгі кезеңдердің орындалғаны туралы хабарлады. BRM сегменті шеңберінде қаржыландыруды тарта алатын жобалар тізімі үлкен және онда Қазақстанның «Нұрлы жол» жаңа экономикалық саясаты аясындағы жобалар, Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттар ынтымақтастық қорының жобалары, сондай-ақ инфрақұрылымдық дамумен байланысты жобалар қамтылған. BRM сегментінде листингтеле алатын және сауда-сатты жүргізіле алатын бағалы қағаздар облигациялар, акциялар мен asset-backed securities – ABS (активтермен қамтамасыз етілген бағалы қағаздарды) қамтиды. Осы бағалы қағаздар AIX мақұлдаған валюталарда деноминациялануы мүмкін.
«Біз үшін бұл өршіл жоба, өйткені AIX-тағы BRM сегменті «Белдеу және Жол» бастамасы аясында жобаларды қаржыландырудың алғашқы бірегей тетігі болып табылады», — деп атап өтті AIX басқарма төрағасы Тим Беннетт. — Капитал нарығы «Белдеу және Жол» жобаларына инвестициялау үшін жеке және мемлекеттік инвесторларға арналған барынша оңтайлы шешімдердің бірі. Ол қазіргі таңда жергілікті және өңірлік инфрақұрылымдық жобаларды қаржыландырудың негізгі көзі — банктік кредиттерге жақсы қосымша болады деп күтілуде».
Жаңа сегментті дамыту бойынша жұмыс шеңберінде АІХ нарықтың негізгі қатысушыларымен серіктестік қарым-қатынас орнатты. Astana Finance Days конференциясы аясында келесі ұйымдармен:
- капитал нарығы арқылы жобаларды қаржыландыруға қатысты – Қытай мен Қазақстан арасындағы шамамен 72 миллиард АҚШ доллары сомасындағы 55 ынтымақтастық жобаларына жауап беретін Қытай шетелдік даму қауымдастығымен (CODA);
- кредиттік-рейтингтік қызметтерді ұсынуға және BRM сегментінде облигациялар нарығын бірлесіп дамытуға қатысты – Қытайдағы ең ірі China Chengxin International Credit Rating Co. кредиттік рейтинг агенттігімен;
- BRM сегменті үшін заң қызметтерін ұсынуға қатысты – АХҚО-да филиал ашқан Қытайдағы жетекші заң фирмаларының бірі – Deheng Law Offices-пен;
- түрлі индустриялар үшін кәсіби қызметтердің жетекші жеткізушілерінің бірі – PwC Kazakhstan (PricewaterhouseCoopers);
- Қытайдағы ірі брокер және инвестициялық банк CITIC Securities-пен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.
Бұдан басқа, АХҚО-да жақында ашылған China Construction Bank филиалы – АХҚО юрисдикциясындағы шетелдік банктің толық өкілетті бірінші филиал — AIX және CITIC Securities-пен өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойды. Бұл құжат, «Белдеу және Жол» бастамасы және Қытай-Қазақстан өндірістік қуаттар ынтымақтастық қорының аясында жергілікті жобаларды қаржыландыру үшін BRM сегментінде юаньда деноминацияланған облигациялардың әлеуетті шығарылымын қоса алғанда барынша кең ынтымақтастыққа бағытталған.
«Белдеу және Жол» бастамасы — бұл 70-тен астам ел қатысатын жаһандық бастама. Қазақстан «Белдеу және Жол» бастамасы шеңберінде маңызды рөл атқарады, өйткені ол арқылы алты экономикалық дәліздердің екеуі өтеді. «Белдеу және Жол» бастамасы барлық қатысушы елдерге өз инфрақұрылымын дамытуға, инфрақұрылымдық байланыстардың, сондай-ақ өндірістік қуаттардың мүмкіндіктерін жақсартуға және сауда көлемін арттыруға мүмкіндік береді, осылайша олардың жалпы экономикалық дамуына ықпал етеді.
Анықтамалық ақпарат:
Astana International Exchange 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылған. AIX акционерлері АХҚО, GoldmanSachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және АІХ сауда платформасын ұсынатын NASDAQ болып табылады. AIX халықаралық инвесторларға таныс нормативтік-құқықтық орта аясында, ағылшын құқығының юрисдикциясында жұмыс істейді. Биржада жоғары технологиялық сауда инфрақұрылымы әзірленді және жұмыс істейді. Жергілікті және халықаралық брокерлердің экожүйесі құрылды. 2018 жылдың қараша айында AIX-те «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ IPO сәтті өтті. 2019 жылдың сәуірінде биржадағы қос листингтен Polymetal International Plc ірі тау-кен компаниясы өтті. Сондай-ақ, AIX платформасында листингтен өтіп және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің еурооблигациялары мен «Қазақстан темір жолы» АҚ корпоративтік облигациялары орналастырылды. «Шұбаркөл Көмір» АҚ және «Қазхром» ТҰК» АҚ бағалы қағаздары «pre-IPO»санатына қосылды. AIX (AIX CSD) орталық депозитарийінің мүшелері екі кастодиан банкі болып табылады, AIX CSD-де инвесторлардың 60 000-нан астам шоты ашылды. AIX — Еуропа және Азия қор биржалары федерациясының мүшесі болып табылады. 2019 жылдың қаңтарында Ұлыбританияның Салық және кеден қызметі (HMRC) AIX-ке танылған қор биржасы мәртебесін берді. AIX CSD-еуропалық CSD қауымдастығының мүшесі болып табылады. www.aix.kz
АХҚО. 2015 жылдың желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Астана» халықаралық қаржы орталығын (АХҚО) құру туралы Конституциялық заңға қол қойды. АХҚО мақсаты халықаралық деңгейдегі қаржылық қызметтердің жетекші орталығын қалыптастыру болып табылады. АХҚО-ның міндеттері қаржы қызметтері саласында инвестициялау үшін тартымды орта құру жолымен ел экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу, Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен бірігуін қамтамасыз ету болып табылады. www.aifc.kz
БАҚ үшін байланыс:
Елена Пак
АІХ коммуникациялары жөніндегі басшысы
Tel: +7 (7172) 23 53 94
Email: [email protected]