AIX аймақтық эмитенттің алғашқы жасыл облигацияларын сәтті орналастырды

20 декабря 2024

Astana International Exchange (AIX) Қырғызстандық алғашқы эмитенттің жасыл облигацияларды сәтті шығарғанын қуана хабарлайды, бұл өңірдегі орнықты қаржыландыру мен жаңартылатын энергетикаға инвестицияларды ілгерілетудегі айтулы сәт болды. «PlanDeM» LLC тіркеген Жасыл бондтар бағдарламасы болашақта түрлі валюталарда және түрлі мерзімге облигациялар шығаруға мүмкіндік береді.

«PlanDeM» LLC Қырғыз Республикасының заңнамасына сәйкес жұмыс істейді және әртүрлі юрисдикцияларда күн және жел электр станцияларын салу жобаларын белсенді түрде іске асырады. Компания қазіргі уақытта Қазақстанда, Шри-Ланкада, Сербияда, Оңтүстік Африкада және басқа елдерде қуаты 1,6 ГВт-тан асатын күн және жел электр станцияларының жобаларын әзірлеуде. Эмитенттің негізгі қызметі жаңартылатын энергетика саласындағы инвестицияларға бағытталған. Бұл шығарылым арқылы AIX жауапты қаржыландыру құралдарын көбейту арқылы аймақтағы тұрақты дамуды қолдауға ұмтылады.

AIX нарықтар мен өнімдер жөніндегі басқарушы директоры Біржан Астаев:

«Бұл орналастыру AIX-тің жаһандық орнықты даму мақсаттарын қолдайтын инновациялық қаржы құралдарын әзірлеуге бейілдігін көрсетеді. Қырғызстандық алғашқы эмитент үшін жасыл облигациялар шығарылымын ұйымдастыра отырып, AIX жаһандық энергетикалық ауысуға ықпал ететін трансформациялық жобаларды қаржыландыру орталығы ретіндегі позициясын нығайтуды жалғастыруда».

Улан Джапаров, «PlanDeM» ЖШС директоры былай деді:

«AIX инфрақұрылымы арқылы қаражат тартудың басты мақсаты – Қырғыз компаниясының Маврикийдегі операциялық холдинг арқылы жүзеге асыратын жаңартылатын энергетика саласындағы жобаларға инвестиция жинау. Бұл жобалар тұрақты дамуға бағытталған, соның ішінде дамушы нарықтарда таза энергияға көшуге және көміртегінің шығарылуын азайту мақсатымен күн және жел электр станцияларын салуды қамтиды.Өзі жұмыс істейтін аймақтарда әлеуметтік-экономикалық дамуға септігін тигізе отырып, компания аймаққа да, барлық мүдделі тараптарға да ұзақ мерзімде пайда әкелуге тырысады.

Облигациялармен сауда-саттық 2024 жылғы 20 желтоқсанда, өтеу күні – 2054 жылғы 20 желтоқсанда басталады. Шығарылымның жалпы көлемі 370 миллион Қытай юанын құрайды, облигацияның номиналды құны 1000 юань. Облигациялар 1 жылдық SHIBOR сомасына тең өзгермелі пайыздық мөлшерлемені және жылдық 1,7% маржаны ұсынады. Купондарды төлеу тоқсан сайын, шығарылған күннен кейінгі оныншы жылдан бастап жүзеге асырылады.


Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту аясында құрылды. AIX акционерлері қатарында АХҚО, Goldman Sachs, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX сауда платформасын ұсынатын NASDAQ биржасы бар. Биржа ағылшын құқығы қағидаттарына негізделген нормативтік-құқықтық орта аясында жұмыс істейді, осылайша сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы – жеке және мемлекеттік бизнесті қаржыландыруды тарту үшін түсінікті және тиімді жағдайларды қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде капиталдың белсенді нарығын дамыту. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы аясында инфрақұрылымдық жобаларды әзірлейді. Толығырақ: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы әрі дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz