Биржалар ADX әзірлеген Tabadul платформасы арқылы инвесторларға екі биржаға да қолжетімділік беруге уағдаласты
Astana International Exchange («AIX», «Биржа») бүгін Әбу-Даби Қор биржасымен («ADX») AIX-ті Tabadul цифрлық биржалық сауда орталығына қосу туралы келісімге қол қойылғанын жариялады. Tabadul-дың мүшелері қатарында қазір Бахрейн қор биржасы және Маскат бағалы қағаздар нарығы (Оман) бар.
ADX 2022 жылдың шілдесінде сауда-саттыққа өзара қол жеткізу моделіне негізделген цифрлық биржаның алғашқы өңірлік орталығы – Tabadul Hub-ты іске қосты. Tabadul — мүше биржалар арасындағы өңірлік және жаһандық деңгейде сауда жасауға арналған цифрлық биржа алаңы. Жалпы, Tabadul өзара сауда-саттық мүмкіндігін қамтамасыз ете отырып, қатысушы биржалардың нарықтарындағы ынтымақтастықты нығайтуға және өтімділікті арттыруға бағытталған.
Келісім екі биржаның брокерлеріне Tabadul арқылы қашықтан қол жеткізуге мүмкіндік береді, бұл ADX пен AIX-тің екіжақты қатынастарды кеңейтуге деген ұмтылысын растайды. Tabadul инвестицияларды жүзеге асыруға, сонымен қатар инвесторларға екі нарықта да лицензияланған брокерлер арқылы тікелей сауда жасауға мүмкіндік береді.
Бұл бастама биржалар 2021 жылдың қазан айында қол қойған Өзара түсіністік туралы меморандумда баяндалған бірлескен жоспарларды іске асыру үшін стратегиялық әріптестік аясында іске асырылды.
AIX-тің Tabadul цифрлық биржалық сауда орталығына қосылуымен платформаның ауқымы мен мүмкіндіктері одан әрі кеңейіп, инвесторларға бірнеше алаңда үздіксіз және тиімді сауда жасау мүмкіндігі ұсынылады.
AIX басқарма төрағасының м.а. Әсел Мұқажанова былай деп атап өтті:
“AIX-тің стратегиялық мақсаттарының бірі — халықаралық экспертиза мен халықарылық қор нарығының мәдениетін Қазақстанға әкелу және нарыққа шетелдік инвесторларды тарту. Өз кезегінде, бұл келісім Қазақстандық инвесторларға жаңа мүмкіндіктерді ашады, және нарыққа қатысушыларға арналған құралдарды кеңейтеді: жеке инвесторлар лицензиясы бар брокерлер арқылы екі биржада да сауда жасай алады. ADX пен AIX арасындағы сауда қатынастары AIX-тің мақсаттарына сай келеді және Қазақстан мен Парсы елдері нарықтарының арасындағы байланысты нығайта түседі”
ADX басқарма төрағасы Абдулла Сәлем Әлнуайми былай деді:
“AIX-пен келісімге қол қою ADX-тің Tabadul арқылы білім мен ақпарат алмасатын аймақтық және жаһандық желіні құру туралы мақсатына сай келеді, себебі осы арқылы біз өтімділікті және өзара ұзақ мерзімді дамуды қамтамасыз ете аламыз. Біздің AIX-пен серіктестігіміз нарықтық байланыстарды дамытуға және сауданы өзгертуге деген міндеттемемізді нығайтады. Біздің ынтымақтастығымыздың жаңа кезеңі басталғалы тұр, және бұл ынтымақтастық нарықтың тиімділігін арттыруға және жаһандық деңгейде дамуға мүмкіндік береді”.
Tabadul AIX-те және ADX-те инвестицияларды жүзеге асыруға, сонымен қатар инвесторларға екі нарықта да лицензияланған брокерлер арқылы тікелей сауда жасауға мүмкіндік береді.
Tabadul-дағы бағалы қағаздар тиісті биржаның жергілікті валютасында, ал кейбір жағдайларда саудаға түсетін активтің көрсетілген валютасында саудаланатын болады, бұл ретте ордерлер үшін ең төменгі сома белгіленбейді.
Анықтамалық ақпарат:
AIX 2017 жылы «Астана» халықаралық қаржы орталығын дамыту шеңберінде құрылды. «Астана» халықаралық қаржы орталығы, Шанхай қор биржасы, Жібек Жолы Қоры және AIX-ке сауда платформасын да ұсынатын NASDAQ AIX акционерлері болып табылады. Биржа ағылшын құқығының қағидаларына негізделген нормативтік-құқықтық база шеңберінде жұмыс атқарады, осы арқылы сенімді инвестициялық ортаны қамтамасыз етеді. AIX миссиясы жеке және мемлекеттік кәсіпорындар үшін қаржыландыру тартудың айқын және қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету есебінен Қазақстанда және өңірде белсенді капитал нарығын дамыту болып табылады. AIX тау-кен компаниялары үшін арнайы сегменттерді, сондай-ақ «Белдеу және жол» бастамасы шеңберіндегі инфрақұрылымдық жобаларды дамытады. Толығырақ ақпарат сілтеме бойынша қолжетімді: www.aix.kz
«Астана» халықаралық қаржы орталығы (АХҚО) – бизнесті ашу және жүргізу, инвестициялар тарту, жұмыс орындарын құру және Қазақстан экономикасын дамыту үшін қолайлы құқықтық және реттеуші ортасы және дамыған инфрақұрылымы бар тәуелсіз юрисдикция. www.aifc.kz